Шағын футболдан жарыс өтті.

Қазан айының 19-ы күні салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 9-10 сынып оқушылары арасында дене  шынықтыру бірлестігінің ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс өткізілді. Тартысты өткен жарыста әр сыныптың ер балдарынан құралған топтар өз шеберліктерін көрсетті. Жарыс соңында топтар мектеп директорының арнайы дипломдарымен марапатталды. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!





"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өткізілді.

iconЕлбасының бастамасымен қолға алынып, республика көлемінде өтетін жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жаңа оқу жылы қарсаңында «Жүректен жүрекке» ұранымен өтіп жатыр. Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және балаланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу.  

Спорт жеңімпаздары - мектеп мақтаныштары!

iconМаңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткізілген аралас жекпе жекте мектебіміздің 11-сынып оқушысы Акимов Алла-Оңғар 61,2 салмақ дәрежесінде сайысқа түсіп, ІІ орынды қанжығасына байлады. Арнайы диплом және медальмен марапатталып, Ақтөбе қаласында өтетін жекпе-жекке жолдама алды. Болашағынан мол үміт күттірер шәкіртімізді кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларың, бағындырар белестерің көп болсын! 

Ұлттық ойын тоғызқұмалақтан сайыс өткізілді.

iconОқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырудың адам денсаулығына пайдасы туралы түсіндіру, дене шынықтырумен жиі айналысу,бос уақытын тиімді пайдалану, жарыс ойындарына қызығушылықтарын тудыру және бір-біріне деген достық қарым- қатынас орнату, ұлттық ойынымызды дамыту, жетік меңгеру мақсаттарында маусым айында мектебімізде өткізіліп жүрген тоғызқұмалақ үйірмесінен 2019 жылдың 13 маусым күні сайыс болып өтті. Сайым 4-6 сынып оқушылары арасында өтті. Сайысқа 14 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Қатысушылар өз қарсыластарын жеребе тарту арқылы анықтады. Жарыс олимпиадалық жүйеде өткізілді. Сайысқа жауапты маусым айы бойынша үйірмелерді жүргізіп отырған дене шынықтыру пәні мұғалімі Аргынбаева Аяжан Койшыбаевна болды. Жарыс барысында оқушылар белсенділік танытып, сайыс тартысты өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша ІІІ-орынды 6 «Б» сыныбының оқушысы Ақбура Бауыржан алса, ІІ-орынды 5 «Г» сыныбының оқушысы Абдітәліп Шыңғысхан , ал І-орынды Сәттіғұл Айдана жеңіп алды. Сайыста жеңіп, жүлделі орын иеленген оқушылар І-ІІ-ІІІ дәрежелі дипломдармен және медалдармен марапатталды. 

"Қазақстан балалары шексіз әлемде!" балалар киносының республикалық фестивалі жеңімпаздары атанды!

iconҚостанай қаласында өткізілген "Қазақстан балалары шексіз әлемде!" балалар киносының республикалық фестиваліне мектебіміздің 8-сынып оқушылары Ихсан Мұстафа, Өтебай Бекзат, Нұрболат қатысып, "Ералаш" номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломмен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Болашағынан үлкен үміт күттіретін оқушыларымызға сәттілік тілейміз. Жеңіс тұғырынан көріне берулеріңе тілектеспіз! Құттықтаймыз! 

"Кемел ойлы, көркем сөзді шежіре" атты көркем сөз шеберлері байқауының жеңімпаздары атанды.

iconӘбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған қалалық "Кемел ойлы, көркем сөзді шежіре" атты көркем сөз шеберлері байқауында мектебіміздің оқушылары Аманкулов Саясат І-орын, Кийкбай Ерлан ІІ-орын, Баржикова Гулхат IV-орын иеленді. Оқушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз. Жетекшілері мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Уразова Ұлдай, Изтурганова Айнагүл, Ұзақбаева Гүлсім апайларға алғысымызды білдіреміз. Алар асуларыңыз көп болсын! 

"Сыңғырла, соңғы қоңырау"

icon"№28 жалпы білім беру орта мектебі" КММ-де "Сыңғырла, соңғы қоңырау" атты, жастар жылы аясында ұйымдастырылған соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Қоңырау үнi. Бұл үн бiлiм кемесi – мектеп қабырғасынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң - солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады. Соңғы қоңырау – осындай қимас қоштасу әуенi сәтiмен ыстық.Еліміздегі игiлiктердiң барлығы елдiң болашағы – жас ұрпақтың келешегi жарқын болуы үшiн жасалып жатыр. Туған жеріміздің мәртебесiн арттыратын сендерсiңдер, жас түлектер! Қадамдарыңа сәттi сапар, өмiрлерiне құтты қадам тiлейміз!  

Республикалық "Жұлдызды қолтаңба" өнер байқауының жеңімпаздары атанды.

iconБалалар мен жасөспірімдер арасында өткен Республикалық "Жұлдызды қолтаңба" өнер байқауында мектебіміздің оқушылары вокал жанры бойынша 10-сынып оқушысы Дәурен Алғыт І орын, 7-сынып оқушысы Сүйеуғали Қайнар І орын, 4-сынып оқушысы Қадыр Маржан ІІ орын иегерлері атанды. Үздік өнер көрсеткен оқушыларымыз арнайы дипломмен, медаль және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Жетекшісі мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Мендигалиева Гульмираға алғысымызды білдіреміз. Жас таланттарға шығармашылық қолдау білдіріп, педагогикалық еңбек жолында жас ұрпақтың бойына азаматтық, рухани адамгершілік, эстетикалық тәрбие қалыстартыра беруіңізге тілектеспіз. 

ІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпақтары" байқауында мектебіміздің өнерлі өрендері топ жарды.

iconАқтау қаласында 18-19 мамыр күндері алғашқы рет өткізілген ІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпақтары" байқауында мектебіміздің өнерлі өрендері топ жарып, жүлделі орындарды иемденді. Атап айтсақ, 7-сынып оқушылары Саламатова Ақжарқын мен Сауирбекова Сания І орын, Абай Алуа, Қосым Фариза - І орын, 5-сынып оқушылары Ертай Темирлан, Бақтыгүл - ІІІ орын, 7-сынып оқушысы - Нұрболат Сәулет- ІІІ орын иеленді. Жүлделі орындарға ие болған оқушылар арнайы дипломмен, медаль және де ақшалай сертификаттармен марапатталды.Жеңімпаз шәкірттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз. Биік шыңдардан көріне берулеріне тілектеспіз! Оқушыларды байқауға дайындаған мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрлыбаева Айсұлу және Рахимова Ғазизаға алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ байқау ұйымдастырушыларының атынан жетекшілері алғыс хат пен арнайы "Үздік ұстаз" төсбелгісімен марапатталды. 

"Адалдық апта"

iconАқтау қалалық білім бөлімі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен "Адалдық апта" аясында мектебімізде 14-мамыр күні арнайы шара өткізілді. Шараға «Маңғыстау адалдық алаңы» жобасы кеңсесінің жетекшісі, Маңғыстау облысының қоғамдық кеңес мүшесі Ешманов Кийкбай Жақыпұлы және мектеп ұстаздары қатысты.Жиын барысында мектеп директоры Жаңыл Балмуканбетқызы "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының жасап жатырған және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстарымен таныстырып өтті. Сұрақтарға жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, пікір алмасып, кең көлемді шара өтті.Осы апталық аясында арнайы жұмыс жоспары дайындалып, іс-шаралар ұйымдастырылуы керектігі баяндалды. Соның бірі оқушыларға, жасөспірімдер арасында болатын әкімшілік құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу мақсатында, сондай-ақ оқушыларға рухани адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру мақсатында сынып сағаттарын ұйымдастыру, арнайы кездесулер, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 

"Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран " атты ардагерлермен кездесу өткізілді.

iconЖеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. 

Соңғы жаңалықтар

2020-2021 оқу жылы бойынша оқу процессіне байланысты мектеп директорының мәлімдемесі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы "13" тамыздағы №345 бұйрығына 1-қосымша. ...

13 қыркүйек 2020
"Тілім менің - тірлігімнің айғағы"

Еліміздегі тілдер мерекесінің күні өзгеруінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына ...

05 қыркүйек 2020
Білімнің негізі - бастауыш

2020-2021 жылдың басталуы 1 сыныптардың кезекші сыныптардың ашылуымен 2-11 сыныптардың қашықтықтан оқуы ...

01 қыркүйек 2020
Жақсылық жасауға асығайық!

Жаңа оқу жылы қарсаңында мектебімізде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына қолдау к ...

19 тамыз 2020
15 маусым - аты аңызға айналған қазақ сазгері, Қазақстанның қазіргі әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.

Қазақтың кең байтақ даласын тербеген Шәмші әндерін білмейтін қазақ бүгінде кемде-кем. Оның 300-ден а ...

15 тамыз 2020