Өңірлік Президент олимпиадасының қалалық кезеңі

2018-2019  оқу жылына арналған республикалық Өңірлік Президент олимпиадасының қалалық кезеңіне мектебіміздің 11"А" сынып оқушысы Нұрманова Ляззат қатысып , жүлделі ІІІ орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алған болатын. Қыркүйек айының 26-жұлдызында өткен облыстық кезеңде ІІІ орынды иеленіп, республика көлемінде өтетін кезеңге жолдама алды. 

Оқушымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы өтетін республикалық олимпиадаға сәттіліктер тілейміз. Нұрманова Ляззатты дайындаған пән мұғалімдері Жусупова Зейнеш, Калниязова Рысбибі, Бесбаева Гүлнар, Сарсенова Ұлжан апайларға алғыс білдіреміз. Мектебіміздің атын әлемге танытанын шәкірттеріңіз көп болсын! Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер! 





Республикалық "Қадыр оқулары" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

iconРеспубликалық "Қадыр оқулары" байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлдемен оралды. Атап айтсақ, "Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда..." ақынның сөздеріне жазылған әндерді орындаудан 7-ші сынып оқушысы Тұрлығазы Айсауле жүлделі І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдаманы жеңіп алды. "Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін" атты өз шығармаларын орындау бөлімі бойынша 10-сынып оқушысы Киікбай Ерлан ІІ орынды иеленді. Жеңімпаздарды жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестерден көріне беріңіздер. Оқушыларды байқауға дайындаған мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Изтурғанова Айнагул мен Исагалиева Нұргүлге алғысымызды білдіреміз. 

Тоғызқұмалақтан жеңімпаз атанды.

iconТоғызқұмалақтан әйелдер арасында ұйымдастырылған қалалық командалық жарыста мектебіміздің дене пәні мұғалімі Атакузиева Насиба жүлделі ІІ орынды, оқушылар арасында Қуанышқызы София ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз. 

"Балалар болашағымыз" атты ата-аналар жиналысы өткізілді.

iconҚаңтар айының 18-і күні мектеп психологы Айтжанова Жарқынның ұйымдастыруымен "Балалар болашағымыз" атты ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты: бастауыш сынып білім алушыларының ата-аналарына , балаларының сабаққа деген қызығушылығын арттыратын әдістер туралы түсінік беру; күшті ата-ана болу, ата-ана бойында болу керек ең басты қасиеттерді жіктеп көрсету. Жиналысқа барлығы 50 ата-ана және сынып жетекшілер қатысты. Жиналыс барысында арнайы тренингтер өткізілді. 

Республикалық "Мұқағали оқулары" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

iconРеспубликалық "Мұқағали оқулары" байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің 10-оқушысы Киікбай Ерлан қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Шәкіртіміз Ерланды кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Болашағынан мол үміт күттіретін оқушымызға тек қана сәттілік тілейміз. Бағындырар биіктерің көп болсын. Жетекшісі мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Изтурғанова Айнагул ге алғысымызды білдіреміз. 

Республикалық біріңғай "Адалдық сағаттары" өткізілді.

icon«№ 28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де 17-қаңтар күні Республикалық «Адалдық сағаттары» акциясы жүргізілді.Болашақ ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық құндылықтарын дамыту мақсатында сынып сағаттары 5, 9-11-сынып оқушыларына жүргізілді.Аталған шараға Ш. Есенов атындағы университетінің құқықтану кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, Маңғыстау облыстық адалдық алаңының мүшесі Өтебалиева Қарлығаш Ержанқызы қатысып, мектеп оқушыларымен пікір алмасты. 

Облыстық пәндер олимпиадасынан жүлдемен оралды.

Республикалық пәндер олимпиадасының қалалық кезеңінен  1 орын иеленіп, облысқа жолдама алған мектебіміздің 10 сынып оқушысы Жеткізгенова Ботакөз құқық пәнінен облыстық олимпиадада өз бағын сынап, жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Шәкіртіміз Ботакөзге толағай табыстар тілейміз.Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. 

Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары атанды.

icon2019-2020 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (қалалық) кезеңінен орын алған мектебіміздің оқушылары  жүлделі орындарды иеленді.

"Ата-аналарға арналған бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі" жадынамасы.

iconҚұрметті ата-аналар мен сайт қатысушылары!«Bala qaýіpsіzdіgі» әлеуметтік эксперимент бойынша түсірілген бейнеролигті мына сілтеме бойынша қарай аласыздар 

"Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым"

iconТәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.  Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 28 жыл. Жиырма сегіз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. Тәуелсіздік мерекесіне орай мектебімізде жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізілді. «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы, ғажап ел» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Сондай-ақ сыныптарда Тәуелсіздікке байланысты ашық тәрбие сағаттары, сайыс сабақтары өткізілді. 

"Ерліктерің ұрпақ есінде"

iconТәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектебімізде 8-сыныптар арасында "Ерліктерің ұрпақ есінде" атты топтық сайысы өткізілді. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Сайыс барысында патриоттық әндер шырқалып, тарихи сахналандырылған қойылымдар қойылды. Сайысқа 5 топ қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс нәтижесі бойынша топтар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. 

Соңғы жаңалықтар

Республикалық "Қадыр оқулары" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

Республикалық "Қадыр оқулары" байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлде ...

25 қаңтар 2020
Тоғызқұмалақтан жеңімпаз атанды.

Тоғызқұмалақтан әйелдер арасында ұйымдастырылған қалалық командалық жарыста мектебіміздің дене ...

23 қаңтар 2020
"Балалар болашағымыз" атты ата-аналар жиналысы өткізілді.

Қаңтар айының 18-і күні мектеп психологы Айтжанова Жарқынның ұйымдастыруымен "Балалар болашағымыз" ...

20 қаңтар 2020
Республикалық "Мұқағали оқулары" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

Республикалық "Мұқағали оқулары" байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің 10-оқушысы Киікбай Ерл ...

18 қаңтар 2020
Республикалық біріңғай "Адалдық сағаттары" өткізілді.

«№ 28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де 17-қаңтар күні Республикалық «Адалдық сағаттары» акцияс ...

17 қаңтар 2020