Өнерлі шәкірттерді шыңдаған ұстаздар марапатталды.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Ұлттың ұлы мұрасы" Халықаралық өнер және білім фестивалінің республикалық байқауының өтуіне зор үлес қосып, шәкірттері жоғары нәтиже көрсеткені үшін мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Нұрлыбаева Айсұлу , Изтурганова Айнагул, музыка пәні мұғалімі Мендигалиева Гулмира "Үздік жетекші" номинициясымен марапатталды. Дарынды шәкірттерді дайындап, өнерлерін шыңдап жүрген ұстаздарымызға алғыс білдіреміз. Талантты шәкірттер дайындауда талмай еңбек ете беріңіздер!





"Ұлттың ұлы мұрасы" Халықаралық өнер және білім фестивалінің республикалық байқауының жеңімпаздары атанды.

iconАбай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Ұлттың ұлы мұрасы" Халықаралық өнер және білім фестивалінің республикалық байқауында мектебіміздің оқушылары өнерлерін көрсетіп, жүлделі орындарды қанжығаларына байлап келді.  

Шағын футболдан жарыс өтті.

iconҚазан айының 19-ы күні салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 9-10 сынып оқушылары арасында дене  шынықтыру бірлестігінің ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс өткізілді. Тартысты өткен жарыста әр сыныптың ер балдарынан құралған топтар өз шеберліктерін көрсетті. Жарыс соңында топтар мектеп директорының арнайы дипломдарымен марапатталды. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! 

"Әбіш апталығы" байқауларының жүлдегерлері атанды.

iconҚР Халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған  қалалық "Әбіш апталығы" өткізілген болатын. Бұл шараның негізгі мақсаты - мектеп оқушыларының  арасында Әбіш шығармаларын насихаттау арқылы оқушылардың ой танымын кеңейту, шығармашылық қасиеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту. Апталыққа мектебіміздің оқушылары белсенді қатысып жүлделі орындарды иеленді. 

«Ғұлама тұлға – ғибратты ғұмыр»

iconҚазақстанның Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік  сыйлығының иегері Әбіш Кекілбаевтың 80-жылдық мерейтойына сәйкес мұғалімдер арасында 16-қазан күні өткізілген қалалық  «Ғұлама тұлға – ғибратты ғұмыр» сахналық қойылымдар байқауына мектебіміздің жас мамандарынан құралған топ қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Жеңімпаз мұғалімдерімізді құттықтаймыз. Биіктерден көріне беріңіздер! 

Мектеп мұғалімдері қалалық жаратылыстану пәндер олимпиадасында топ жарды.


"Қыз болашағы - ел болашағы"

iconМектебімізде қазан айының 14-і күні "Қыз болашағы - ел болашағы" декадасы бойынша арнайы маман Сактағанова Алтын Сарсенқызымен кездесу өткізілді. Маманмен кездесуге 9-11 сыныптың қыз балалары қатыстырылды. Арнайы түсінік жұмыстары, бейнероликтер көрсетілді, пікір алмасулар жүргізілді. 

"Абайлаңыз бағдаршам" сайысы өткізілді.

iconҚазан айының 10-ы күні мектебіміздің 5-сыныптары арасында "Абайлаңыз бағдаршам" тақырыбында сайыс өткізілді. Мақсаты: оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру; жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға тәрбиелеу. Сайыс бірнеше бөлімдерден тұрды. Оқушылар сынақтардан сүрінбей өтіп жүлделі орындарды иемденді. Сайыстың өтуіне мектеп инспекторы, тәлімгер, сынып жетекшілері және мектеп ұстаздарынан құралған әділ-қазылар алқасы ат салысты.  

"Қарттарым - асыл қазынам"

iconДаналықтың алтын кілті - ата-бабаларымыз. Ата жолын жалғап келе жатқан бүгінгі күнгі ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз.Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді 1-қазан қарттар күні мерекесі қарсаңында саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесімен құттықтау ушін мектебіміздің 7 "Б" сынып оқушылары 1 ш/а-да орналасқан Облыстық Қарттар үйіне барып келді. Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шара өз деңгейінде өткізілді..Қарттарымыздың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. 

Эко сағат

icon«№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де 3-сәуір күні 1-11-сыныптар арасында табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру мақсатында «Мұхиттар қауіпті жағдайда», «Табиғатты аялайық», «Экология және біз», «Табиғатты аяла», «Су-тіршілік көзі» т.б. эко-сағаттары жүргізілді. 9-сыныптар арасында «Біз табиғат қамқоршысы» тақырыбында флеш-моб жүргізілді. Мектеп ауласындағы учаскелерге 20 түп жеміс ағаштары мен қаратал отырғызылды. 

Хабарландыру

Маңғыстау облысының білім беру қызметкерлері мен ұйымдары арасында облыс әкімінің жыл сайынғы «Білім үздігі» сыйлығына конкурс жарияланады. 

Соңғы жаңалықтар

Күрделі жөндеу жұмыстары барысынан көріністер

Ақтау қалалық білім бөлімі «№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де «Жұмыспен қамтудың жол карта ...

22 шілде 2020
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Құрметті ата-аналар!!! Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz "электронды үкімет" портал ...

10 шілде 2020
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыр ...

10 шілде 2020
Ата-аналар назарына!

Медициналық анықтамаларды алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға байланысты азаматтарға білім ...

05 шілде 2020