Өнерлі шәкірттерді шыңдаған ұстаздар марапатталды.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Ұлттың ұлы мұрасы" Халықаралық өнер және білім фестивалінің республикалық байқауының өтуіне зор үлес қосып, шәкірттері жоғары нәтиже көрсеткені үшін мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Нұрлыбаева Айсұлу , Изтурганова Айнагул, музыка пәні мұғалімі Мендигалиева Гулмира "Үздік жетекші" номинициясымен марапатталды. Дарынды шәкірттерді дайындап, өнерлерін шыңдап жүрген ұстаздарымызға алғыс білдіреміз. Талантты шәкірттер дайындауда талмай еңбек ете беріңіздер!





Республикалық "Мұқағали оқулары" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

iconРеспубликалық "Мұқағали оқулары" байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің 10-оқушысы Киікбай Ерлан қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Шәкіртіміз Ерланды кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Болашағынан мол үміт күттіретін оқушымызға тек қана сәттілік тілейміз. Бағындырар биіктерің көп болсын. Жетекшісі мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Изтурғанова Айнагул ге алғысымызды білдіреміз. 

Республикалық біріңғай "Адалдық сағаттары" өткізілді.

icon«№ 28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де 17-қаңтар күні Республикалық «Адалдық сағаттары» акциясы жүргізілді.Болашақ ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық құндылықтарын дамыту мақсатында сынып сағаттары 5, 9-11-сынып оқушыларына жүргізілді.Аталған шараға Ш. Есенов атындағы университетінің құқықтану кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, Маңғыстау облыстық адалдық алаңының мүшесі Өтебалиева Қарлығаш Ержанқызы қатысып, мектеп оқушыларымен пікір алмасты. 

Облыстық пәндер олимпиадасынан жүлдемен оралды.

Республикалық пәндер олимпиадасының қалалық кезеңінен  1 орын иеленіп, облысқа жолдама алған мектебіміздің 10 сынып оқушысы Жеткізгенова Ботакөз құқық пәнінен облыстық олимпиадада өз бағын сынап, жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Шәкіртіміз Ботакөзге толағай табыстар тілейміз.Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. 

Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары атанды.

icon2019-2020 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (қалалық) кезеңінен орын алған мектебіміздің оқушылары  жүлделі орындарды иеленді.

"Ата-аналарға арналған бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі" жадынамасы.

iconҚұрметті ата-аналар мен сайт қатысушылары!«Bala qaýіpsіzdіgі» әлеуметтік эксперимент бойынша түсірілген бейнеролигті мына сілтеме бойынша қарай аласыздар 

"Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым"

iconТәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.  Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 28 жыл. Жиырма сегіз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. Тәуелсіздік мерекесіне орай мектебімізде жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізілді. «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы, ғажап ел» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Сондай-ақ сыныптарда Тәуелсіздікке байланысты ашық тәрбие сағаттары, сайыс сабақтары өткізілді. 

"Ерліктерің ұрпақ есінде"

iconТәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектебімізде 8-сыныптар арасында "Ерліктерің ұрпақ есінде" атты топтық сайысы өткізілді. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Сайыс барысында патриоттық әндер шырқалып, тарихи сахналандырылған қойылымдар қойылды. Сайысқа 5 топ қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс нәтижесі бойынша топтар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. 

"Желтоқсанда шындық іздеп шырылдап"

iconТәуелсіздік мерекесі қарсаңында 10-сынып оқушыларының арасында "Желтоқсанда шындық іздеп шырылдап" атты сайысы өткізілді. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Таныстыру, сұрақ-жауап, сахналық қойылым, өз өнері. Сайыс қорытындысы бойынша 10 "Ә" сынып - "Бас жүлде", 10 "В" сынып - І орын, 10 "Б" -ІІ орын, 10 "А" - сынып - ІІІ орынды иеленді. 

"Отан - отбасынан басталады"

iconОтбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы адамзат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болып өсуі отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Осы орайда мектебімізде 5-сынып оқушыларымен ата-аналарының арасында "Отан - отбасынан басталады" атты тәрбиелік маңызы зор отбасылық сайыс өткізілді. Мақсаты: отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, мектеп-ата-ана-бала қарым-қатынасын нығайту. Сайысқа 6 сыныптан 6 отбасы қатысып, сайыс шарттарын орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс нәтижесі бойынша Оразғалиевтер отбасы "Мерейлі отбасы", Құрасбековтер отбасы "Үздік отбасы", Жалатаевтар отбасы "Өнегелі отбасы", Жарылқасыновтар отбасы "Мейірімді отбасы", Жүзбаевтар отбасы "Өнерлі отбасы", Қуатбаевтар отбасы "Үлгілі отбасы" номинациясымен марапатталды. 

23-қараша – Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күні атап өтілді.

icon23-қараша – Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күніне орай мектебімізде білім алушылар, педагогтар және ата-аналардың белсенді қатысуымен адамның рухани-адамгершілік әлеуетін арттыруға, құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «жалпыадамзаттық құндылықтар отбасы тәрбиесінің негізі» атты кездесу-тренинг; 6-сыныптар арасында «Жүрек қуанышы» атты сурет байқауы, ү-сыныптар арасында «Сүйіспеншілік әрбір жүректе» атты бейнероликтер байқауы, «Сүйіспеншілік – адамның басты қасиеті, ақиқат – оның негізі, дұрыс әрекет – оның шынайы өмірі» атты сынып сағаттары, мұғалімдер арасында «Үлгі болу – қызмет етудің ең тиімді жолы» атты мектеп директорының ұйымдастыруымен жас мамандарға арналған коучинг өткізілді. 

Соңғы жаңалықтар

Күрделі жөндеу жұмыстары барысынан көріністер

Ақтау қалалық білім бөлімі «№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де «Жұмыспен қамтудың жол карта ...

22 шілде 2020
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Құрметті ата-аналар!!! Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz "электронды үкімет" портал ...

10 шілде 2020
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыр ...

10 шілде 2020
Ата-аналар назарына!

Медициналық анықтамаларды алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға байланысты азаматтарға білім ...

05 шілде 2020