Өнерлі шәкірттерді шыңдаған ұстаздар марапатталды.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Ұлттың ұлы мұрасы" Халықаралық өнер және білім фестивалінің республикалық байқауының өтуіне зор үлес қосып, шәкірттері жоғары нәтиже көрсеткені үшін мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Нұрлыбаева Айсұлу , Изтурганова Айнагул, музыка пәні мұғалімі Мендигалиева Гулмира "Үздік жетекші" номинициясымен марапатталды. Дарынды шәкірттерді дайындап, өнерлерін шыңдап жүрген ұстаздарымызға алғыс білдіреміз. Талантты шәкірттер дайындауда талмай еңбек ете беріңіздер!





Дарынды, талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы

iconДарынды, талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы, демекші мектебімізде дарынды, белсенді оқушыларды мадақтау, марапаттау мақсатында ашық тәлім сәті өткізілді. Республикалық, облыстық, қалалық сайыстарда мектебіміздің атын асқақтатып жүрген оқушылар арнайы марапатталды. 

Қалалық "Үздік сынып жетекші-2019" байқауының ІІ орын иегері атанды.

iconҚалалық білім бөлімі мен қалалық білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 14-15 ақпаны күндері өткізілген "Үздік сынып жетекшісі" байқауында мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Наурызбайқызы Жансая жүлделі ІІ орын иегері атанды. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз 

"Ауған - сөнген шоқ, өшкен арман, тек сеннен есте қалған" кездесу кеші

icon13-ақпан күні мектебімізде АУҒАН ЖЕРІНДЕГІ ҰРЫС ДАЛАСЫНАН КЕҢЕС ӘСКЕРЛЕРІНІҢ ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 30 ЖЫЛ толуына орай "Ауған - сөнген шоқ, өшкен арман, тек сеннен есте қалған" атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне арнайы қонақтар шақыртылып, концерттік іс-шара өткізілді. 10-11 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, қонақтармен сұхбаттасып, әдемі кездесі кеші өткізілді. Кеш барасында АӘД оқытушысының ұйымдастыруымен өткізілген 10-11 сыныптар арасындағы әскери-патриоттық сайысты қорытындылып, жеңімпаздар марапатталды. Сондай-ақ 2001-2002ж туылған 10-11 сынып ер балдарына әскери куәлік табысталды. Кеш соңында қонақ болып келген ардагерлерімізге алғыс білдіріп, кешімізді "Мен Қазақпын" хорымен аяқтадық. 

"Үздік сынып жетекші-2019" анықталды.

iconАқпан айының 7-жұлдызында мектебімізде сынып жетекшілер арасында "Үздік сынып жетекші - 2019" сайысы өткізілді. Сайысқа қатысушы сынып жетекшілер 4 кезең бойынша бақтарын сынады. Атап айтсақ, "Мен - сынып жетекшімін!", "Жас ұрпақты тәрбиелеудегі менің көзқарасым", "Блиц турнирі: панорамалық сабақ және жағдаят сұрақтар", "Шығармашық презентация". Сайыс барысына әділ қазылар алқасы төрелік етіп, үздік сынып жетекшілерді марапаттады. Сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды - бастауыш сынып мұғалімі Төрегулова Алмагул, ІІ орын - 7 "А" сынып жетекшісі Есиркепова Алмагүл, І орын - бастауыш сынып мұғалімі - Алдабергенова Алмагүл, Бас жүлдені - 10 "б" сынып жетекшісі Новрузбайқызы Жансая иемденді және қалалық сайысқа жолдама алды. Әріптестерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз. Жас ұрапқты тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп, жемістерін көре беріңіздер! 

Қалалық "Алтын жүрек анамыз" атты мәнерлеп оқу сайысының І орын жеңімпазы атанды.

iconҚалалық Өзін-өзі тану: "Махаббат пен Шығармашылық" атты онкүндік аясында өткізілген "Алтын жүрек анамыз" атты мәнерлеп оқу сайысынан мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы Аманкулов Саясат І орынды иемденді. Жетекшісі мектебіміздің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Бүркіталина Аксындарға үлкен алғыс білдіреміз. Жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Алар асуларын көп болсын! 

IT - сынып ашылды

iconҚазіргі қоғамда шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы өзінің жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. Олай болса, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі «ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры». Осы орайда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясының азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, тегін білім беру саласын жетілдіруге бағытталған «Балалар үшін тегін IT-сынып » жобасын іске асыру мақсатында мектебімізде ақпан айының 5-жұлдызында IT - сынып ашылды. Балалардың қазіргі заманғы бәсекеге сай білім алуына мүмкіндік жасау мақсатында IT-cыныпты ашуға арнайы ҚР Парламентінің мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских пен Нұр Отан партиясының Ақтай қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сахипов Қалиолла Аяшұлы келіп, IT- сынып лентасын қиып, жылы лебіздерін білдіріп, IT - сынып жұмыстарымен танысып, оқушылардың презентацияларын тыңдады. 

"Білім жүгін арқалап, биікке самға жас талап!" атты физика-информатика апталығы өткізілді

iconБүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың физика мен информатика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Себебі физикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. 

Толағай" отбасылық-спорттық сайысы

iconҚаңтар айының 20-жұлдызында мектебімізде 6-сыныптардың арасында "Толағай" отбасылық-спорттық сайысы өткізілді. Мақсаты: Балалар мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып , спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың денсаулығын нығайту , салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Сайыс өте қызықты және тартысты өтті. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар беріліп, марапатталды. Сайысқа қатысқан сынып оқушылары мен ата-аналарына үлкен алғысымызды білдіреміз. 

"Бүгінгі жас маман - ертеңгі білікті ұстаз"

iconБілікті ұстаз- сапалы білім негізі демекші, қаңтар айының 19-жұлдызында жоспарға сәйкес мектеп әдіскері Нағима Садырқызының ұйымдастыруымен "Бүгінгі жас маман - ертеңгі білікті ұстаз" атты мектепішілік жас мамандар семинары өткізілді. Семинар барысында еңбек өтілі 5 жылға дейінгі мектеп мұғалімдері өз шеберліктерін, білімдерін көрсетіп, ашық сабақ, сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Бір-бірімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында, жас мамандар әріптестерінің сабақтарына қатысты. Семинар жоғары дәрежеде өткізілді. Жас мамандар өз кезегінде өздерінің білікті ұстаз екендерін көрсете білді. Олардың семинардан алған әсерлері өте жақсы болды, сабақ өткізудің жаңа әдіс-тәсілдерін үйренді, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында мектеп психологтарының ұйымдастыруымен жас мамандарға арналған психологиялық семинар-тренинг және де мектеп әдіскерінің ұйымдастыруымен, семинарды қорытындылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Осындай семинарды ұйымдастырған мектеп әдіскері Құрманбаева Нағима Садыровнаға және де семинар барысында сабақ көрсеткен барлық жас мамандарға үлкен алғысымызды білдіреміз. 

Мектеп асханаларында тыйым салынған өнімдер мен тағамдардың тізімі

iconМектеп асханалары мен буфеттері бірінші кезекте тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары табиғи тамақ өнімдерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен мектептік тамақтануда 

Соңғы жаңалықтар

2020-2021 оқу жылы бойынша оқу процессіне байланысты мектеп директорының мәлімдемесі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы "13" тамыздағы №345 бұйрығына 1-қосымша. ...

13 қыркүйек 2020
"Тілім менің - тірлігімнің айғағы"

Еліміздегі тілдер мерекесінің күні өзгеруінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына ...

05 қыркүйек 2020
Білімнің негізі - бастауыш

2020-2021 жылдың басталуы 1 сыныптардың кезекші сыныптардың ашылуымен 2-11 сыныптардың қашықтықтан оқуы ...

01 қыркүйек 2020
Жақсылық жасауға асығайық!

Жаңа оқу жылы қарсаңында мектебімізде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына қолдау к ...

19 тамыз 2020
15 маусым - аты аңызға айналған қазақ сазгері, Қазақстанның қазіргі әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.

Қазақтың кең байтақ даласын тербеген Шәмші әндерін білмейтін қазақ бүгінде кемде-кем. Оның 300-ден а ...

15 тамыз 2020