Өнерлі шәкірттерді шыңдаған ұстаздар марапатталды.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Ұлттың ұлы мұрасы" Халықаралық өнер және білім фестивалінің республикалық байқауының өтуіне зор үлес қосып, шәкірттері жоғары нәтиже көрсеткені үшін мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Нұрлыбаева Айсұлу , Изтурганова Айнагул, музыка пәні мұғалімі Мендигалиева Гулмира "Үздік жетекші" номинициясымен марапатталды. Дарынды шәкірттерді дайындап, өнерлерін шыңдап жүрген ұстаздарымызға алғыс білдіреміз. Талантты шәкірттер дайындауда талмай еңбек ете беріңіздер!





Облыстық бокс чемпионатының жеңімпазы атанды.

iconМектебіміздің оқушылары облыстық Тайландтық бокс түрінен (тайский бокс) жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, 9 "ә" сынып оқушысы Искендир Ануар І орын, Орынбасар Рауан ІІ орын иегері атанды. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз. Алар асуларың, бағындырар биіктерің көп болсын. 

Ұстаздар арасында "Көңілді сөре" өткізілді.

iconДене шынықтыру апталығының 3-күні мұғалімдер арасында "Көңілді сөре" сайысы өткізілді. Сайысқа 3 топ қатысты : Бастауыш сынып ұстаздары, әкімшілік құрамы, жаратылыстану пәндері ұстаздары. Сайыс бірнеше кезеңдерден тұрды. Өте тартысты және қызықты өтті. Сайыс нәтижесі бойынша І орын - бастауыш ұстаздары, ІІ орын- жаратылыстану бағыт ұстаздары, ІІІ орын- әкімшілік құрамы иеленді. 

"Қош келдің, Әз Наурыз!"

icon22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жан-уар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қа-зақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады. 

Наурыз той қарсаңында ұйымдастырлған іс-шаралар

iconБастауыш сынып оқушылары мен ұстаздарының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні қарсаңында салт-дәстүрлерімізді дәріптеу мақсатында бала өмірге келгеннен бастап жасалатын: Шілдехана,балаға азан шақырып ат қою,бесікке салу,тұсау кесу сынды салттарымыздан қойылымдар көрсетіп, мерекелік іс-шара өткізілді. Ұлыс оң болсын! 

"Сырласайық, жеңге" сайысы өткізілді.

iconМектебімізде наурыз мерекесі қарсаңында отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау, отбасы тарихын және дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу мақсатында "Сырласайық, жеңге" атты сайыс өткізілді. Сайысқа 7-8 сыныптардан оқушылар жеңгелерімен қатысты. Сайыс бірнеше кездерден тұрды және өте қызықты, тартысты өтті. Сайыс соңында жеңімпаз топтарды арнайы сыйлықтармен марапатталды. 

Амал келді, жыл келді!

icon14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті - пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. 

"Көктем аруы-2019" анықталды.

iconМектебімізде 5-наурыз күні 9-10 сынып оқушыларының арасында "Көктем аруы-2019" байқауы өткізілді. Байқауға барлығы 8 қатысушы қатысты. Арулар 5 кезең бойынша сайысқа түсті: І тур- Таныстыру, ІІ тур - Шебер қолдар, ІІІ тур - Өз өнері, IV тур- Сұрақ-жауап, V тур- "Жас аспаз". Қатысушы қыздардың дйындығы өте жоғары болды. Байқау қорытындысы бойынша 9 "А" сынып оқушысы - Парахатова Шұғыла "Бас жүлде", 10 "Б" сынып оқушысы - Байдықылышова Гүлден - І орын, 10 "Ә" сынып оқушысы - Демисинова Айгерім - ІІ орын, 9 "Ә" сынып оқушысы Айтқалиқызы Жанеркем - ІІ орын, 10 "В" сынып оқушысы Мұратова Адина- ІІІ орын, 9 "Б" сынып оқушысы - Абдимурат Аяулым - ІІІ орын, ынталандырумен 10 "А" сынып оқушысы - Нұргүл және 9 "В" сынып оқушысы Клаубаева Назгүл марапатталды. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!  

8-наурыз мерекесімен құттықтау

iconЖақсылықтың нышанындай,жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін, имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі, той атаулының қызығы мен берекесі – 8 НАУРЫЗ келді ортамызға! 

Алғыс айту күні - шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі.

iconОсы орайда мектебімізде көктемнің алғышқы күні Алғыс айту күні аталып өтті. Мақсаты: білім алушыларға «1 наурыз- Алғыс айту күні» мерекесінің мәні туралы түсінік беру және ризашылық пен алғыс,сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту,әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Мектеп оқушылары осы күнге арнайы ұйымдастырылған іс-шараларға белсене ат салысты. Атап айтсақ, 5,6,7- сынып оқушылары өздерінің алғыстарын қабырға газеттерін дайындау арқылы, 9-10 сынып оқушылары мерекеге орай бейнероликтер дайындау арқылы алғыстарын білдірды. Сондай-ақ арнайы мерекелік концерт өткізілді. Концерт барысында мың бұралған бишілердің билері, күміс көмей әнші оқушыларды әндері тыңдалып, құттықтаулар мен алғыстар айтылды. Кеш соңында мектептің атын асқақтатып жүрген, үлгілі, білімді, белсенді, қалалық, облыстық, республикалық сайыс жеңімпаздары атанып жүрген оқушылардың ата-аналарына алғыс хаттары табысталды. 

Республикалық "Фариза, Фаризажан, Фариза қыз" атты Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерден БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР байқауында мектеп мәртебесі асқақтады.

iconДарынды, талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Ақпан айының 22-23 аралығында Атырау қаласында өткен республикалық "Фариза, Фаризажан, Фариза қыз" атты Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерден БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, мектебіміздің мәртебесін асқақтатып жүлделі орындармен оралды. Атап айтсақ, "Көркем сөз" номинациясы бойынша 6-сынып оқушысы" Абайқызы Махаббат - Бас жүлде", 11-сынып оқушысы Амантаев Мереке - Бас жүлде, 7-сынып оқушысы Саламатова Ақмаржан - Бас жүлде, 8 -сынып оқушысы Тілеген Орақ - Бас жүлде, 10-сынып оқушысы Көмек Аида - І орын, 7-сынып оқушысы Жұмабай Ерлік - І орын, 7-сынып оқушысы Нұржауқызы Тоғжан - І орын иегері атанды. "Эстрадалық вокал" номинациясы бойынша 5-сынып оқушысы Бектасқызы Лидия - І орын, 5-сынып оқушысы Нұржан Салтанат-ІІІ орын, 6-сынып оқушысы Нұртуғанқызы Әмина - ІІІ орын, "Бейнелеу өнері" номинациясы бойынша - 8 сынып оқушысы Сұлтанбеков Нұрлан - Бас жүлде, "Ақындық өнер" номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Бектұрсын Дана - І орын иегері атанды. Жеңімпаз шәкірттерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оқушыларды осындай жетістіктерге жетулеріне өз үлестерін қосқан жетекшілеріне, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Нұрлыбаева Айсұлу Нұрлыбайқызына, Изтурганова Айнагүл Жолдасовнаға, Рахимова Ғазизаға, музыка пәні мұғалімі Мендигалиева Гүлмираға, сызу пәні мұғалімі Жанбыршиева Рыстыға алғысымызды білдіреміз және де талантты шәкірттерінің жеңістерімен құттықтаймыз. Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз!  

Соңғы жаңалықтар

Күрделі жөндеу жұмыстары барысынан көріністер

Ақтау қалалық білім бөлімі «№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де «Жұмыспен қамтудың жол карта ...

22 шілде 2020
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Құрметті ата-аналар!!! Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz "электронды үкімет" портал ...

10 шілде 2020
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыр ...

10 шілде 2020
Ата-аналар назарына!

Медициналық анықтамаларды алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға байланысты азаматтарға білім ...

05 шілде 2020