Өнерлі шәкірттерді шыңдаған ұстаздар марапатталды.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Ұлттың ұлы мұрасы" Халықаралық өнер және білім фестивалінің республикалық байқауының өтуіне зор үлес қосып, шәкірттері жоғары нәтиже көрсеткені үшін мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Нұрлыбаева Айсұлу , Изтурганова Айнагул, музыка пәні мұғалімі Мендигалиева Гулмира "Үздік жетекші" номинициясымен марапатталды. Дарынды шәкірттерді дайындап, өнерлерін шыңдап жүрген ұстаздарымызға алғыс білдіреміз. Талантты шәкірттер дайындауда талмай еңбек ете беріңіздер!





"Абай-дара, Абай - дана қазақта" презентациялар сайысы өткізілді.

icon Мектебімізде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткізіліп жатырған апталық аясында 11-сыныптар арасында "Абай-дара, Абай - дана қазақта" атты ақынның өмірі жайлы тың деректерді презентация арқылы қорғау сайысы өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша І орын - 11 "Б", ІІ орын - 11"В" және 11 "Ә" сынып оқушылары иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды. Сайысқа ат салысқан сыныптарға алғысымызды білдіреміз.  

Қызым саған айтамын" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

iconМектебімізде қыздар ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес 31-қаңтар күні 8-11-сынып қыздарына арналған "Қызым саған айтамын" тақырыбында дөңгелек үстел, психологиялық тренингтер жүргізілді. Сондай-ақ дөңгелек үстел барысында мектеп формасы және жеке бас гигенасы, шаш күтіміне байланысты баяндамалар оқылып, пікір алмасулар болды. 

"Ұлылардың ұлысы - Абай"

iconМектебімізде 10-17 ақпан күндері Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Ұлылардың ұлысы - Абай" атты апталық ұйымдастырылды. Бүгін апталықтың алғашқы күні 5-6-сыныптар арасында "Өлең сөздің патшасы" тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа қатысушы оқушылар ақын өлеңдерін нақышына келтіріп орындап, үздік деп танылған оқушылар марапатталды. 5-сыныптар бойынша: "Бас жүлде" - Мұстафа Ақұлпа 5д, І орын - Темірхан Айкөркем 5а сынып, ІІ орын Қостөре Әсем 5г сынып, ІІІ орын - Қамбар Айымнұр 5в сынып. 6-сыныптар арасында: Бас жүлде - Сарсенқос Ақжүніс 6 "А", І орын - Аскербай Асылай 6 "Е", ІІ орын - Исмағұл Альбина 6 "Г", ІІІ орын - Тлемисова Ынтызар 6 "Д". 

Қалалық Тоғызқұмалақ жекелей чемпионатынан жеңіспен оралды.

iconҚалалық Тоғызқұмалақ жекелей чемпионатынан жас ерекшелігіне қарай ұлдар арасында мектебіміздің оқушылары жүлдемен оралды. Атап айтсақ,Бақытжанұлы Алдияр 3-орын 9 ә сынып.Ендірбаев Нұрхожа 2-орын 7 ғ сынып.Санақбай Мирас 2-орын 4 е сынып.Сисенбек Мәулен 2-орын 1 ә сынып. Қыздар арасында: Киікбай Жаннұр 1-орын 7а сынып. Сәттіғұл Айдана 2-орын 7б сынып. Ендірбаева Нұржайна 3-орын 7ғ сыныпЖеңімпаздарды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Облыстық "Қадыр оқулары" байқауының жеңімпазы атанды.

Республикалық "Қадып оқулары" байқауының облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушысы Тұрлығазы Айсәуле жүлделі І орынды иеленді. Айсәулені кезекті жеңісімен құттықтай отырып, өнерің өрге жүзсін демекпіз. Жетекшісі Исагалиева Нүргүлге алғысымызды білдіреміз. 

Республикалық "Ұлы Дала Рухы" байқауының жеңімпазы атанды.

iconРеспубликалық "Ұлы Дала Рухы" балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-би, жыр-күй байқауының "Фото байқау" номинациясы бойынша мектебіміздің 8-сынып оқушылары Досжан Дінмұхаммед пен Алтынбекқызы Айкерім І дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз. Жетекшісі информатика пәні мұғалімі Утенова Нагимаға алғысымызды білдіреміз. 

Өзін-өзі тану: "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігі басталды.

iconАқпан айының 3-жұлдызында мектебімізде Өзін-өзі тану: "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндіктің ашылу салтанаты өткізілді. Мақсаты: махаббат пен шығармашылық аясында оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білеуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу. Шара барысында мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. 

"Есірткі - ғасыр тажалы" сурет байқауынан жүлдемен оралды.

iconОблыстық "Есірткісіз болашақ" байқауы аясында өткізілген "Есірткі - ғасыр тажалы" сурет байқауына мектебіміздің 7-сынып оқушысы Базартай Нұрмұхамед жүлделі ІІІ орынды иеленді. Мектебіміздің жүлделер қоржынын тағы бір жүлдемен толықтырған шәкірттімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Бағындырар белестерің көп болсын! 

Республикалық "Қадыр оқулары" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

iconРеспубликалық "Қадыр оқулары" байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлдемен оралды. Атап айтсақ, "Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда..." ақынның сөздеріне жазылған әндерді орындаудан 7-ші сынып оқушысы Тұрлығазы Айсауле жүлделі І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдаманы жеңіп алды. "Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін" атты өз шығармаларын орындау бөлімі бойынша 10-сынып оқушысы Киікбай Ерлан ІІ орынды иеленді. Жеңімпаздарды жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестерден көріне беріңіздер. Оқушыларды байқауға дайындаған мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Изтурғанова Айнагул мен Исагалиева Нұргүлге алғысымызды білдіреміз. 

Тоғызқұмалақтан жеңімпаз атанды.

iconТоғызқұмалақтан әйелдер арасында ұйымдастырылған қалалық командалық жарыста мектебіміздің дене пәні мұғалімі Атакузиева Насиба жүлделі ІІ орынды, оқушылар арасында Қуанышқызы София ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз. 

Соңғы жаңалықтар

"Абай-дара, Абай - дана қазақта" презентациялар сайысы өткізілді.

Мектебімізде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткізіліп жатырған апталық аясында 11-сыныптар а ...

15 ақпан 2020
Қызым саған айтамын" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мектебімізде қыздар ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес 31-қаңтар күні 8-11-сынып қыздарына арналған "Қы ...

14 ақпан 2020
"Ұлылардың ұлысы - Абай"

Мектебімізде 10-17 ақпан күндері Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Ұлылардың ұлысы - Абай" атты апт ...

12 ақпан 2020
Қалалық Тоғызқұмалақ жекелей чемпионатынан жеңіспен оралды.

Қалалық Тоғызқұмалақ жекелей чемпионатынан жас ерекшелігіне қарай ұлдар арасында мектебіміздің ...

08 ақпан 2020
Облыстық "Қадыр оқулары" байқауының жеңімпазы атанды.

Республикалық "Қадып оқулары" байқауының облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушысы Тұрлығазы Айсә ...

06 ақпан 2020