Жағымды жаңалық!

  29 шағынаудан ата-аналары мен білім алушылар НАЗАРЫНА!

      29 шағынаудан №25 ғимарат «№28 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты ғимарат аумағында жаңадан жасалынған  спорт алаңдары туралы хабардар етеді.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты ол- қимыл белсенділігі. Сонымен қатар гигиеналық талаптарды сақтап, яғни тазалықты  сақтап спортпен шұғылдану.  Бүгінгі  таңда  егеменді елімізде осы бағытта  мектептерде жан-жақты дамыған, денсаулығы  мықты, салауатты өмір салтын мұра еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты мақсат етеді.

Осы орайда,  мектебіміздің күрделі жөндеуден өтуіне байланысты  мектеп ауласында заманауи үлгіде жоғары талғаммен жасақталған, жасанды  шөптер төселген  спорт алаңдары , оның ішіде үлкен футбол алаңы-1 / ауданы- 800 м²/, кіші футбол алаңы-1 / ауданы 364 м²/ ,  баскетбол алаңдары жасалған. Сондай-ақ, үлкен, кіші жүгіру айналым шеңберлерімен қамтылған.  Әрине, басты мақсат келешек егемендіктің кілтін ұстар жастарымызға спортпен айналысуға жағдай жасау.

Болашағымыздың жарқын  болуы үшін жастарға салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды әдетттерден бойды аулақ ұстауға  шақырамыз. Тазалықты сақтаған адам-салауатты өмір салтымен өмір сүре алады десек, спорт сүйер қауымды мектеп алаңындағы жаңадан ашылған спорттық алаңдарды ластамауға , бүлдірмеуге, қоқыс тастамай, тазалықты сақтауға, шақырамыз.  






Бекарыс Шойбековпен "Адалдық сағаты"

iconБекарыс Шойбековпен "Адалдық сағаты"

: https://youtu.be/Wv0WA0pAoaU

https://youtu.be/so7Xa_d5Ajc

iconҚоғам қайреткері, ағартушы ғалым, ақын "Ахмет Байтұрсынұлы-адамдықпен білім диқаншысы" тақырыбындағы бейнебаян дәрісі.

: https://youtu.be/so7Xa_d5Ajc

10-қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулықты сақтау» күні

iconАқпарлама 09.10.2020 жылы мектеп психологтары Ж.Айтжанова мен А.Елгондиеваның ұйымдастыруымен «10-қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулықты сақтау» күніне орай  мектеп білім алушыларының ата-аналары мен 8-11 сынып оқушыларына зум платформасымен онлайн сабақ өткізілді. Сабаққа 249 оқушы және  98 ата-ана қатысты. Сабақта қарастырылған тақырыптар: «Қашықтан оқыту – ата-аналарға арналған ұсыныс-кеңестер», «Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы, «Психикалық денсаулығымыз туралы сөйлесейік», «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы». Мамандар психикалық  саулық неліктен маңызды  екенін  және  психикалық  денсаулықтағы  ауыр  ақаулардың  алдын  қалай уақытылы  алуға  болатынын  талдап өтті. Қиындықтарды  қалай  жеңу керек  екенін, өздеріне және достарына  қалай  көмектесу  керек  екенін  және  психикалық  денсаулықты  қалай  нығайту  керек  екендігі  жөнінде  түсіндірілді. Сонымен қатар мектеп  психологтары http://covid-19.mentalcenter.kz/ сайты арқылы онлайн мамандардың  көмегіне  жүгінуге болатындығын да атап  өтті.  

Жағымды жаңалық!

icon   29 шағынаудан ата-аналары мен білім алушылар НАЗАРЫНА! 29 шағынаудан №25 ғимарат «№28 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты ғимарат аумағында жаңадан жасалынған  спорт алаңдары туралы хабардар етеді. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты ол- қимыл белсенділігі. Сонымен қатар гигиеналық талаптарды сақтап, яғни тазалықты  сақтап спортпен шұғылдану.  Бүгінгі  таңда  егеменді елімізде осы бағытта  мектептерде жан-жақты дамыған, денсаулығы  мықты, салауатты өмір салтын мұра еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты мақсат етеді. Осы орайда,  мектебіміздің күрделі жөндеуден өтуіне байланысты  мектеп ауласында заманауи үлгіде жоғары талғаммен жасақталған, жасанды  шөптер төселген  спорт алаңдары , оның ішіде үлкен футбол алаңы-1 / ауданы- 800 м²/, кіші футбол алаңы-1 / ауданы 364 м²/ ,  баскетбол алаңдары жасалған. Сондай-ақ, үлкен, кіші жүгіру айналым шеңберлерімен қамтылған.  Әрине, басты мақсат келешек егемендіктің кілтін ұстар жастарымызға спортпен айналысуға жағдай жасау. Болашағымыздың жарқын  болуы үшін жастарға салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды әдетттерден бойды аулақ ұстауға  шақырамыз. Тазалықты сақтаған адам-салауатты өмір салтымен өмір сүре алады десек, спорт сүйер қауымды мектеп алаңындағы жаңадан ашылған спорттық алаңдарды ластамауға , бүлдірмеуге, қоқыс тастамай, тазалықты сақтауға, шақырамыз.  

Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдің міндеттерін жүктеу туралы

iconӘдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдің міндеттерін жүктеу туралы  

Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілді тағайындау туралы

iconӘдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілді тағайындау туралы  

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!

iconҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру  және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде  №28 жалпы білім беру орта мектебінде қамқоршылық кеңеснің  құрылуы туралы хабарлайды.   Қамқоршылық кеңес – білім беру ұйымдарында алқалы орган болып табылады және оның қызметін және дамуын қамтамасыз етуге ықпал жасау мақсатында құрылады. Қамқоршылық кеңестің құрамына: Жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының, коммерциялық емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер өкілдері, қайырымдылық жасаушылар шақырылады. Құрметті ата-аналар! Сіздердің қамқоршылық  кеңестің құрамы бойынша ұсыныстарыңызды күтеміз! Ұсыныстарыңыз   12.10.2020 ж. дейін қабылданады. Ұсыныстар №28 жалпы білім беру орта мектебі кеңсесінің келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 1300000, Ақтау қаласы, 29-шы шағын аудан, 25 ғимарат, 1 қабат, қабылдау бөлімі. Байланыс телефоны: 40-16-53, +77753507371 Электронды мекен-жай:  sh_28.28@mail.ru  

Төл мерекелеріңізбен, аяулы ұстаздар!

icon Құрметті ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңіз - Мұғалімдер күнімен құттықтаймын! Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы - адам болса, сол «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» - дейді дана Абай. Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына төтеп бере алады. Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де - ұстаз. Сондықтан білім саласы - елдің ертеңін айқындайтын, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын. Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, шығармашылық ұстаздық қызметте табыс тілеймін! Құрметпен, Жаныл Балмуканбетқызы

Ұстаздар мерекесі құтты болсын!

iconҚұрметті ұстаздар!«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын. Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,Ұстаз деген – анасы ол адамның.Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,Сен де одан адам болып жаралдың.Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,Бар әлемге еңбегімен еленген.Сенің бағың өрге қарай өрлесе,Ол да бірге қуанышқа кенелген.Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,Ол өзіңнің орындалған арманың.Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,Қасиеті бас иелік мәңгілік! Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/ 

"Қарттарым-асыл қазынам" тәрбие сағаты

icon30 қыркүйек күні 1 қазан Қарттар күніне орай 5 сыныптар арасында "Қарттарым-асыл қазынам" атты онлайн режимінде сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты оқушылардың бойына xалқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға, тәрбиелеу. Мерекеңіз құтты болсын, ата-ана! Көкіректен жыр төгілмей жатама Зейнетіне жетіңіздер өмірдің, Кенеліп бір ілтипатты батаға 

Соңғы жаңалықтар

Бекарыс Шойбековпен "Адалдық сағаты"

Бекарыс Шойбековпен "Адалдық сағаты" ...

28 қараша 2020
https://youtu.be/so7Xa_d5Ajc

Қоғам қайреткері, ағартушы ғалым, ақын "Ахмет Байтұрсынұлы-адамдықпен білім диқаншысы" тақырыбынд ...

28 қараша 2020
10-қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулықты сақтау» күні

Ақпарлама 09.10.2020 жылы мектеп психологтары Ж.Айтжанова мен А.Елгондиеваның ұйымдастыруымен «10-қаз ...

06 қараша 2020
Жағымды жаңалық!

  29 шағынаудан ата-аналары мен білім алушылар НАЗАРЫНА! 29 шағынаудан №25 ғимарат «№28 жалпы ...

06 қараша 2020
Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдің міндеттерін жүктеу туралы

Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдің міндеттерін жүктеу туралы   ...

16 қазан 2020