23-қараша – Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күні атап өтілді.

23-қараша – Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күніне орай мектебімізде білім алушылар, педагогтар және ата-аналардың белсенді қатысуымен адамның рухани-адамгершілік әлеуетін арттыруға, құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «жалпыадамзаттық құндылықтар отбасы тәрбиесінің негізі» атты кездесу-тренинг; 6-сыныптар арасында «Жүрек қуанышы» атты сурет байқауы, ү-сыныптар арасында «Сүйіспеншілік әрбір жүректе» атты бейнероликтер байқауы, «Сүйіспеншілік – адамның басты қасиеті, ақиқат – оның негізі, дұрыс әрекет – оның шынайы өмірі» атты сынып сағаттары, мұғалімдер арасында «Үлгі болу – қызмет етудің ең тиімді жолы» атты мектеп директорының ұйымдастыруымен жас мамандарға арналған коучинг өткізілді. 





YESSENOV FEST - 2019" І Республикалық студенттік шығармашылық фестивалінен жүлдемен оралды.

icon "YESSENOV FEST - 2019" І Республикалық студенттік шығармашылық фестивалі аясында өткізілген "Өнер" байқауында мектебіміздің 11-сынып оқушысы Құсымова Аружан ІІІ дәрежелі дипломмен, 10-сынып оқушылары Дәурен Алғыт, Демисинова Айгерім арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Оқушыларды дайындап, осындай байқауға қатыстырған жетекшісі мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Мендигалиева Гүлмираға алғысымызды білдіреміз. Тек жеңіс жолымен жүйіткіп келе жатқан шәкірттерімізден алдағы уақытта зор үміт күтеміз. Ендеше жеңістерімен айналасындағыларды қуантып, шаттыққа бөлеп жүрген жастарымыздың бағындырар белестері мен алатын асулары молынан болсын дейміз.

Республикалық "Далы сазы" байқауында мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарды иемденді.

icon20-сәуір күні "Бақытты елдің ұрпағы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Республикалық "Далы сазы" байқауында мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарды иемденді. Атап айтсақ, "Сахналық қойылым" номинациясы бойынша 10-11сынып оқушыларынан құралған "Шындық" командасы І орынды иеленіп, Алматы қаласында өтетін байқауға жолдама алды. Команда құрамында 10 "Б" сынып оқушылары Байдықылышова Гүлден, Кийкбай Нұрниет, Бердигулов Жадырасын, Сарыев Нұржан, Наурызова Жансая, Ботабай Бекнур, Көмек Аида, Мамутжанова Гүлназ және 11"Ә" сынып оқушысы Зинуров Бекжан өнер көрсетті. "Көркем сөз" номинациясы бойынша 7 "А" сынып оқушылары Сауірбекова Сания ІІ орын, Суесін Алихан ІІІ орын, Өтетілеу Нұрай ынталандырумен марапатталды. Оқушыларды осындай дәрежеде өнер көрсетулеріне дайындаған мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрлыбаева Айсұлу Нұрлыбайқызына алғысымызды білдіреміз. Оқушыларды жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз! Биіктерден көріне беріңдер! 

"Мұғалімдер мен оқушылар өрт болған жағдайдағы іс-қимылы" тақырыбында оқу жаттығу іс-шаралары өткізілді.

iconАзаматтық қорғаныс жылдық жоспарына сәйкес 2018-2019 оқу жылында 17-сәуір күні мектебімізде "Мұғалімдер мен оқушылар өрт болған жағдайдағы іс-қимылы" тақырыбында оқу жаттығу іс-шаралары өткізілді. Жалпы мектепішілік жаттығу шарасына бүкіл мұғалімдер мен оқушылар, кіші қызметкерлер, әкімшілік құрамы қатыстырылды. Төтенше жағдайларға байланысты іс-шараларын жүзеге асыру үшін арнайым құрамда штаб мүшелері құрылып, бірлескен түрде қызмет атқарды. Азаматтық қорғаныстың топ құрамында, байланыс құрамы, РХББ посты (радиациялық, химиялық, биологиялық бақылау), құтқару тобы, өрт сөндіру тобы, алғашқы медициналық көмек көрсету топтары болды. Сондай-ақ барлық сыныптарда ТЖ (өтрке қарсы) жөнінде ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер мен жаттығулар ұйымдастырылды. Мектеп ғимаратының әр қабатында ТЖ-ға (өртке қарсы) сәйкес сыртқа алып шығу жоспары жасақталып ілінді. 

«Дұрыс тамақтану-үздік білім алудың жолы!» атты ұлттық бағдарлама жоспарға сай өткізілді.

iconМақсаты: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен күшейту бойынша аса өзекті мәселелердің бірі, сандық және сапалық жағынан да олардың толық қанды тамақтануын қамтамасыз ету болып табылады. Барлық сыныптарда дұрыс тамақтану жөнінде мәлімет беру мақсатында сынып сағаттары мен дәрістер жүргізілді. Атап айтсақ, 1-4 сыныптарда "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі", 5,6-сыныптарда "Тұздың пайдасы мен зияны", "Оқушыларды гигиенасы", 7-8-сыныптарда "Газдалған және қуатты сусындар", "Мектеп тағамындағы трансмайлардың пайдасы мен зияны", 9-11-сыныптарда "Шылымқорлықтың алдын-алу", "Ішімдікті (сыраны) тұтыну" тақырыптарында сынып сағаттары жүргізілді. 

Азамат азаматтығын дәлелдеді!

iconЖуырда өткен жастар арасындағы панкратионнан Қазақстан Республикасының чемпионатында 75кг салмақ дәрежесі бойынша мектебіміздің 9 "Б" сынып оқушысы Ізмағамбетов Азамат І -орынды қанжығасына байлады. Азаматты кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Мықтылығын ел біріншілігінде дәлелдеген жас шәкіртіміздің келешекте қазақтың көк байрағын көкке көтеретін халықаралық жарыстарда жеіңске жетуіне тілектеспіз.  

"Денсаулық баршаға" республикалық таңғы жаттығу шарасы өткізілді.

icon5-сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық күні аясында "Денсаулық баршаға" ұранымен денсаулық қызметтерімен жалпыны бірдей қамту тақырыбына арналған республикалық таңғы жаттығу шарасына мектеп оқушылары белсене қатысты. Бұл іс-шараны өткізудегі мақсатымыз өскелең ұрпақты салауатты ұлт қалыптастыру рухында тәрбиелеу. 

Бокстан Әлем және Азия чемпионы атанды!

iconБолашағынан үлкен үміт күттіретін шәкірттеріміздің бірі, 10 сынып оқушысы Борисұлы Қозыбай өзінің мықтылығын тағы да дәлелдеді. 2003-2004ж.ж. жасөспірімдер арасында өткізілген бокстан Әлем және Азия чемпионатында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып, І орынды қанжығасына байлады. Қозыбайды үлкен жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Біз сені мақтан тұтамыз. Біз саған сенеміз. Тек қана алға! Алар асуларың, бағындырар биіктерің көп болсын. Қазақстанның көк туын әлемге танытып, желбірететін қазақтың дара ұлдарының бірі бол! 

Мектеп командасы облыстық "Мерген ару-2019" байқауының жеңімпазы атанды.

iconМАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ, ОБЛЫСТЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ұйымдастыруымен өткен облыстық "Мерген ару-2019" байқауында мектебіміздің 9-10 сынып оқушыларынан құралған "Жас теңізші" командасы І орынды қанжығаларына байлады. Оқушыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз. Биік шыңдардан көріне беріңдер! Оқушыларды байқауға дайындаудағы қажырлы еңбегі үшін мектебіміздің АӘД пәнін ұйымдастырушы Жумалиев Срым Муратовичке алғысымызды білдіреміз! 

"Салауатты өмір салтын сақтайық" атты дене шынықтыру бірлестігінің апталығы өткізілді.

iconНаурыз айының 11-15 аралығында "Дене шынықтыру" пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында "Салауатты өмір салтын сақтайық" атты апталық өткізілді. Апталық барысында дене пәні мұғалімдері ашық сабақтар, сайыс сабақтар, спорттық және ұлттық ойындардан жарыстар өткізді. Апталықтың алғашқы күні апталық ашылуы және Атакузиева Насибаның ұйымдастыруымен 6-сынып оқушылары арасында пионерболдан жарыс өткізілді. Жарыс нәтижесінде І орынды - 6а, ІІ орынды - 6ә, ІІІ орынды - 6г сыныбы иеленді. Сонымен қатар Жолдаскалиев Мураттың ұйымдастырумен 9-сыныптардың ұлдар арасында футболдан жарыс өткізілді. Нәтижесінде І орынды - 9Б, ІІ орын -9В, ІІІ орын - 9А сыныбы иеленді.  12-наурыз күні Айтжанова Гүлмираның ұйымдастыруымен 5-сыныптар арасында пионерболдан жарыс өткізілді. Жарыс нәтижесінде Бас жүлдені - 5Б, І орын - 5А, ІІ орын - 5В, ІІІ орын - 5Г сыныптары иеленді. 

"Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" сайысы өткізілді.

icon12-наурыз күні "Дене шынықтыру" пәні бірлестік апталығының аясында Аргынбаева Аяжанның ұйымдастыруымен 5-сыныптар арасында "Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" атты сайыс өткізілді. Сайыс барысында оқушылар әр сыныптан 1топ құралып (5 ұл,2 қыз), сайысқа түсті. Ойын барысында бес тас ойнау, асық ату, арқан тарту сияқты ұлттық ойын түрлері өткізілді. Сайыс нәтижесінде І орын - 5А сыныбы, ІІ орын - 5Б, 5Д, ІІІ орын - 5В сыныптары иеленді. Жеңімпаз топтарды жеңістерімен құттықтаймыз. Биіктерден көріне беріңдер! 

Соңғы жаңалықтар

Күрделі жөндеу жұмыстары барысынан көріністер

Ақтау қалалық білім бөлімі «№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де «Жұмыспен қамтудың жол карта ...

22 шілде 2020
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Құрметті ата-аналар!!! Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz "электронды үкімет" портал ...

10 шілде 2020
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыр ...

10 шілде 2020
Ата-аналар назарына!

Медициналық анықтамаларды алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға байланысты азаматтарға білім ...

05 шілде 2020