«Туған жер киесі, дархан дарын иесі» сайысы өткізілді.

«№28 жалпы білі беру орта мектебі» КММ-де 15 қараша күні заңғар жазушы Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығына орай «Туған жер киесі, дархан дарын иесі» атты 4-сыныптар арасында сайыс болып өтті.
Сайыстың мақсаты Қазақстанның халық жазушысы,көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы туралы оқушыларға кеңірек таныстыру. Сайыс 2 бөлімнен тұрды.
1/. Жазушы шығармасын мәнерлеп оқу.
2/. Жазушы туралы кітапша, реферат, қабырға газеттерін шығару.
Сайыс қорытындысы бойынша мәнерлеп өлең оқудан бас жүлдені 4»Ж» сынып оқушысы Г.Жұмалы, І орынды 4 «З» сынып оқушысы М.Акбаров иеленді.
ІІ орынды А.Арсланбек (4«д»сынып) , А.Ғалымжан (4«е» сынып)
ІІІ орынды Қ.Сүйінғарин (4«ә» сынып) , Ш.Орынбай 4«б» сынып) Б.Қалыбай (4«ғ» сынып), А. Бердибек (4«в» сынып) деген оқушылар иеленді.
Сайыстың ІІ бөлімі кітапша /буклет / жасау бойынша мазмұны, безендірілуі және көлемі сарапқа салынды. Әділқазылар шешімімен бас жүлдені 4 «в» сынып оқушысы А.Аманджолова, І орынды А.Есенбай /4 «ә» сынып/, ІІ орынды Р.Әлімбай /4 «а» сынып/, М.Сағын /4 «е» сынып/, А.Бекенжанова /4 «ж» сынып/, ІІІ орынды Р.Сағынғалиев /4 «б» сынып/ деген оқушылар қанжығаларына байласа, реферат жасаудан І орынды А.Бердибек /4 «в» сынып/, ІІ орынды Х.Нимати /4 «д» сынып/ иеленді.
Қабырға газетін жасаудан жүлделі І орынды 4 «з» сыныбы, ІІ орынды 4 «ғ» сыныптары ие болды. Сайыс соңында дайындаған сынып жетекшілеріне алғыс айтылып, қатысқан оқушылар марапатталды.





«Отбасы – тәрбие басы, мектеп- тәрбие жаршысы » атты бірыңғай сынып сағаттары жүргізілді.

icon«№ 28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ –де  25 – қазан күні жергілікті уақыт 12.00-де 1-11-сыныптар аралығында отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың  тұлға  ретінде қалыптасуына отбасы рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасы мақсатында «Отбасы – тәрбие  басы, мектеп- тәрбие жаршысы » атты бірыңғай сынып сағаттары жүргізілді.

«Туған жер – киесі, дархан дарын - иесі» атты әдеби кеш өткізілді.

icon

Өнерлі шәкірттерді шыңдаған ұстаздар марапатталды.

iconАбай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Ұлттың ұлы мұрасы" Халықаралық өнер және білім фестивалінің республикалық байқауының өтуіне зор үлес қосып, шәкірттері жоғары нәтиже көрсеткені үшін мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Нұрлыбаева Айсұлу , Изтурганова Айнагул, музыка пәні мұғалімі Мендигалиева Гулмира "Үздік жетекші" номинициясымен марапатталды. Дарынды шәкірттерді дайындап, өнерлерін шыңдап жүрген ұстаздарымызға алғыс білдіреміз. Талантты шәкірттер дайындауда талмай еңбек ете беріңіздер! 

"Ұлттың ұлы мұрасы" Халықаралық өнер және білім фестивалінің республикалық байқауының жеңімпаздары атанды.

iconАбай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Ұлттың ұлы мұрасы" Халықаралық өнер және білім фестивалінің республикалық байқауында мектебіміздің оқушылары өнерлерін көрсетіп, жүлделі орындарды қанжығаларына байлап келді.  

Шағын футболдан жарыс өтті.

iconҚазан айының 19-ы күні салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 9-10 сынып оқушылары арасында дене  шынықтыру бірлестігінің ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс өткізілді. Тартысты өткен жарыста әр сыныптың ер балдарынан құралған топтар өз шеберліктерін көрсетті. Жарыс соңында топтар мектеп директорының арнайы дипломдарымен марапатталды. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! 

"Әбіш апталығы" байқауларының жүлдегерлері атанды.

iconҚР Халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған  қалалық "Әбіш апталығы" өткізілген болатын. Бұл шараның негізгі мақсаты - мектеп оқушыларының  арасында Әбіш шығармаларын насихаттау арқылы оқушылардың ой танымын кеңейту, шығармашылық қасиеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту. Апталыққа мектебіміздің оқушылары белсенді қатысып жүлделі орындарды иеленді. 

«Ғұлама тұлға – ғибратты ғұмыр»

iconҚазақстанның Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік  сыйлығының иегері Әбіш Кекілбаевтың 80-жылдық мерейтойына сәйкес мұғалімдер арасында 16-қазан күні өткізілген қалалық  «Ғұлама тұлға – ғибратты ғұмыр» сахналық қойылымдар байқауына мектебіміздің жас мамандарынан құралған топ қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Жеңімпаз мұғалімдерімізді құттықтаймыз. Биіктерден көріне беріңіздер! 

Мектеп мұғалімдері қалалық жаратылыстану пәндер олимпиадасында топ жарды.


"Қыз болашағы - ел болашағы"

iconМектебімізде қазан айының 14-і күні "Қыз болашағы - ел болашағы" декадасы бойынша арнайы маман Сактағанова Алтын Сарсенқызымен кездесу өткізілді. Маманмен кездесуге 9-11 сыныптың қыз балалары қатыстырылды. Арнайы түсінік жұмыстары, бейнероликтер көрсетілді, пікір алмасулар жүргізілді. 

"Абайлаңыз бағдаршам" сайысы өткізілді.

iconҚазан айының 10-ы күні мектебіміздің 5-сыныптары арасында "Абайлаңыз бағдаршам" тақырыбында сайыс өткізілді. Мақсаты: оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру; жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға тәрбиелеу. Сайыс бірнеше бөлімдерден тұрды. Оқушылар сынақтардан сүрінбей өтіп жүлделі орындарды иемденді. Сайыстың өтуіне мектеп инспекторы, тәлімгер, сынып жетекшілері және мектеп ұстаздарынан құралған әділ-қазылар алқасы ат салысты.  

Соңғы жаңалықтар

Республикалық "Қадыр оқулары" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

Республикалық "Қадыр оқулары" байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлде ...

25 қаңтар 2020
Тоғызқұмалақтан жеңімпаз атанды.

Тоғызқұмалақтан әйелдер арасында ұйымдастырылған қалалық командалық жарыста мектебіміздің дене ...

23 қаңтар 2020
"Балалар болашағымыз" атты ата-аналар жиналысы өткізілді.

Қаңтар айының 18-і күні мектеп психологы Айтжанова Жарқынның ұйымдастыруымен "Балалар болашағымыз" ...

20 қаңтар 2020
Республикалық "Мұқағали оқулары" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

Республикалық "Мұқағали оқулары" байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің 10-оқушысы Киікбай Ерл ...

18 қаңтар 2020
Республикалық біріңғай "Адалдық сағаттары" өткізілді.

«№ 28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де 17-қаңтар күні Республикалық «Адалдық сағаттары» акцияс ...

17 қаңтар 2020