«Туған жер – киесі, дархан дарын - иесі» атты әдеби кеш өткізілді.

Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен Маңғыстаудың киелі топрағынан түлеп ұшқан, барша қазақ халқының жазушысы Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Туған жер – киесі, дархан дарын - иесі» атты әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сарабдал саясаткер, қарымды да толымды,  болмысы жаңа мерейлі, береке бітімі ерекші, ел тарихында айырықша ауқымды ардақталатын жазушы Ә.Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныс болу. Кеш барысында Әбіш Кекілбайұлы өлеңдерін, прозаларынан, романдарынан үзінділер оқылды. Тәрбиелік мәні зор әдеби кештердің бірі болды.

 





Қалалық «Үздік бастауыш сынып кабинеті» байқауының жеңімпазы атанды.

iconҚалалық «Үздік бастауыш сынып кабинеті» байқауының қорытындысы бойынша 1сынып мұғалімі Имашева Кенжегүл III орынға ие болды.Құттықтаймыз!!! 

Қалалық бастауыш сынып мұғалімдерінің «Үздік сыныптан тыс іс-шара» байқауының жеңімпазы атанды

Қалалық бастауыш сынып мұғалімдерінің «Үздік сыныптан тыс іс-шара» сырттай байқауының қорытындысы бойынша 2 Б сынып жетекшісі Қиялбаева Гүлшат III орынға ие болды.Қалалық мәнерлеп оқу байқауының қорытындысы бойынша мектебіміздің 4 сынып оқушысы Сембаева Ақтоты II орынды жеңіп алды сынып жетекшісі Қалауова Айжамал.Құттықтаймыз!!! 

Қалалық көркем жазу сайысының жеңімпазы атанды

iconҚалалық білім бөлімі мен қалалық білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес,қалалық көркем жазу сайысының қорытындысы бойынша мектебіміздің 2 сынып оқушысы Утарбаева Ақерке II орынға ие болды сынып жетекшісі Утеева Бибигул.Құттықтаймыз!!!

Халықаралық "Евразия" чемпиондары

iconАлматы қаласында өткізілген Халықаралық "Евразия " чемпионатында мектебіміздің 6 "Б"сынып оқушысы Зейнулла Еркебұлан І, ІІ орын, 8 "А" сынып оқушысы Асылхан Диас таэкванда спорты бойынша І орын иегерлері атанды. Еркебұлан мен Диасты жеткен жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз. Асқар шыңдарды бағындыра беріңдер! Жұлдыздарың жансын! 

ФУТЗАЛДАН облыстық ашық турнирінің І орын жеңімпазы атанды

iconМектебіміздің 10,11-сынып оқушыларынан құралған командасы "16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай 2001-2004 ж.т мектеп оқушылары арасында өткізілген ФУТЗАЛДАН облыстық ашық турниріне қатысып, І орын иеленді. Оқушыларды жарысқа дайындаған дене пәні мұғалімі Жолдаскалиев Мұратқа алғыс білдіреміз. Оқушыларды жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз. Алар асуларыңыз, бағындырар белестеріңіз көп болсын! 

« Тәуелсіздік-ел мерейі»

iconЖелтоқсанның 10-14 аралығында бастауыш сыныптардың « Тәуелсіздік-ел мерейі» атты апталығы өтті. 2-сыныптар арасында шардан мүсін жасау сайысы өткізілді.3-сыныптар арасында патриоттық әндер байқауы өткізілді.1-сыныптар « Менің Отаным-Қазақстан!» тақырыбына сурет салып көрме ұйымдастырылды.Барлық сынып белсене қатысты. 

Мұғалімдер спартакиадасы өткізілді

iconАқтау қаласының жалаы білім беретін мектептерінің мұғалімдер спартакиадасының қорытындысы бойынша,жалпы ұпай санымен "№28 жалпы білім беру орта мектебі" КММ ұстаздар командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.Ұстаздарымызды жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз. Бағындырар белестеріңіз көп болсын! 

"Электр тоғы ойыншық емес" атты облыстық сырттай сурет байқауының жеңімпазы атанды.

iconЖасөспірім оқушылар арасында "Электр тоғы ойыншық емес" атты облыстық сырттай сурет байқауында 5-7 сыныптар арасында мектебіміздің оқушылары Клаубаева Аружан І орынды, Кенен Айзере ІІ орынды иемденді. Оқушыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз. Бағындырар белестеріңіз көп болсын! Жетекшісі мектебіміздің сызу пәні мұғалімі Жанбыршиева Рыстыға алғысымызды білдіреміз. 

"Желтоқсанда шындық іздеп, шырылдап"

iconТәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, биіктерден көрініп келеміз.Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Осы мереке қарсаңында мектебімізде "Желтоқсанда шындық іздеп, шырылдап" атты мерекелік іс-шара және 10-сыныптар арасында сайыс өткізілді. Мақсаты: ҚР Тәуелсіздігінің 27 жылдығы қарсаңында оқушылардың білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру.Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де, жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл ,текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу.  

Қалалық "Мектеп Лигасы" жарыстары жеңімпазы атанды.

iconАқтау қалалық білім бөлімінің жоспарына сəйкес жалпы білім беру орта мектептерінің оқушылары (ұлдар, қыздар) арасында "Мектеп Лигасы" жарыстары өткізілді. Атап айтсақ, 14 желтоқсан күні 9-11 сынып оқушылары (ұлдар, қыздар) арасында футзал ойындары өтті. Футзал бойынша жеңімпаздар анықталды: ұлдар арасында өткізілген жарыста мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларынан құралған құрама команда ІІ орынды қанжығаларына байлады. Оқушыларымызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!  

Соңғы жаңалықтар

23-қараша – Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күні атап өтілді.

23-қараша – Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күніне орай мектебімізде білім алушылар, педагогтар және ...

25 қараша 2019
«Абай –дана, Абай- дара қазақта»

Қараша айының 15-інші жұлдызында 3 сыныптар арасында қазақтың ұлы ақыны,сазгер,аудармашы Абай Құнан ...

20 қараша 2019
«Туған жер киесі, дархан дарын иесі» сайысы өткізілді.

«№28 жалпы білі беру орта мектебі» КММ-де 15 қараша күні заңғар жазушы Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығына ...

19 қараша 2019
"RIFMO-2019" IT-форумы өткізілді.

Жуырда Ақтау қаласында кең көлемді "RIFMO-2019" IT-форумы өткізілген болатын. IT-апталығы негізінде өткіз ...

18 қараша 2019
ІІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" өнер мен білім байқауында мектебіміздің оқушылары өнер көрсетті

Бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған ІІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" өн ...

17 қараша 2019