«Туған жер – киесі, дархан дарын - иесі» атты әдеби кеш өткізілді.

Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен Маңғыстаудың киелі топрағынан түлеп ұшқан, барша қазақ халқының жазушысы Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Туған жер – киесі, дархан дарын - иесі» атты әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сарабдал саясаткер, қарымды да толымды,  болмысы жаңа мерейлі, береке бітімі ерекші, ел тарихында айырықша ауқымды ардақталатын жазушы Ә.Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныс болу. Кеш барысында Әбіш Кекілбайұлы өлеңдерін, прозаларынан, романдарынан үзінділер оқылды. Тәрбиелік мәні зор әдеби кештердің бірі болды.

 





Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің ІІІ орын иегері атанды.

iconЖалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің 11 "А" сынып Нұрболат Ақжан география пәнінен ІІІ орын иегері атанды. Жетекшісі мектебіміздің география пәні мұғалімі Сисенова Жадыраға алғыс білдіреміз. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бағындырар белестерің көп болсын! 

Қайырымдылық шарасы өткізілді

iconМектебіміздің асханасында бірнеше жылдан бері қызмет етіп келетін жеке кәсіпкер Жамансариева Мариям ханым 1-сынып оқушыларына жаңа жылдық сыйлықтармен қуантты.Мариям ханым еңбегіңіз жемісті болсын!Ұжым атынан сізді жаңа жылмен құттықтаймыз!!!Сіздей мейірімді жандар көп болсын!!! 

Облыстық "Зерде" ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары атанды.

iconОблыстық "Зерде" ғылыми жобалар байқауына мектебіміздің оқушылары (қалалық кезеңнің І орын жүлдегерлері) Абайқызы Махаббат ІІІ орын , Баржикова Гулхат ІІІ орын иегерлері атанды. Жетекшілері мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Нұрлыбаева Айсұлу Нұрлыбайқызы мен география пәні мұғалімі Жанжигитова Маусымжанға алғысымызды білдіреміз. Жүлделеріңіз құтты болсын! Биіктерден көріне беріңіздер!!! 

"Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! " жаңа жылға арналған мерекелік кеші өткізілді.

iconЖаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Мектебіміздің бастауыш сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық кеші өткізілді. Оқушыларға арналған арнайы қойылымдар қойылып, ойындар ойнатылып, әсем әндер шырқалып, жасыл шырша жанында билер биленді. Аяз ата мен Ақшақардың арнайы сыйлықтарын алып, оқушылардың көңілдері көтерілді. 

Қалалық «Үздік бастауыш сынып кабинеті» байқауының жеңімпазы атанды.

iconҚалалық «Үздік бастауыш сынып кабинеті» байқауының қорытындысы бойынша 1сынып мұғалімі Имашева Кенжегүл III орынға ие болды.Құттықтаймыз!!! 

Қалалық бастауыш сынып мұғалімдерінің «Үздік сыныптан тыс іс-шара» байқауының жеңімпазы атанды

Қалалық бастауыш сынып мұғалімдерінің «Үздік сыныптан тыс іс-шара» сырттай байқауының қорытындысы бойынша 2 Б сынып жетекшісі Қиялбаева Гүлшат III орынға ие болды.Қалалық мәнерлеп оқу байқауының қорытындысы бойынша мектебіміздің 4 сынып оқушысы Сембаева Ақтоты II орынды жеңіп алды сынып жетекшісі Қалауова Айжамал.Құттықтаймыз!!! 

Қалалық көркем жазу сайысының жеңімпазы атанды

iconҚалалық білім бөлімі мен қалалық білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес,қалалық көркем жазу сайысының қорытындысы бойынша мектебіміздің 2 сынып оқушысы Утарбаева Ақерке II орынға ие болды сынып жетекшісі Утеева Бибигул.Құттықтаймыз!!!

Халықаралық "Евразия" чемпиондары

iconАлматы қаласында өткізілген Халықаралық "Евразия " чемпионатында мектебіміздің 6 "Б"сынып оқушысы Зейнулла Еркебұлан І, ІІ орын, 8 "А" сынып оқушысы Асылхан Диас таэкванда спорты бойынша І орын иегерлері атанды. Еркебұлан мен Диасты жеткен жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз. Асқар шыңдарды бағындыра беріңдер! Жұлдыздарың жансын! 

ФУТЗАЛДАН облыстық ашық турнирінің І орын жеңімпазы атанды

iconМектебіміздің 10,11-сынып оқушыларынан құралған командасы "16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай 2001-2004 ж.т мектеп оқушылары арасында өткізілген ФУТЗАЛДАН облыстық ашық турниріне қатысып, І орын иеленді. Оқушыларды жарысқа дайындаған дене пәні мұғалімі Жолдаскалиев Мұратқа алғыс білдіреміз. Оқушыларды жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз. Алар асуларыңыз, бағындырар белестеріңіз көп болсын! 

« Тәуелсіздік-ел мерейі»

iconЖелтоқсанның 10-14 аралығында бастауыш сыныптардың « Тәуелсіздік-ел мерейі» атты апталығы өтті. 2-сыныптар арасында шардан мүсін жасау сайысы өткізілді.3-сыныптар арасында патриоттық әндер байқауы өткізілді.1-сыныптар « Менің Отаным-Қазақстан!» тақырыбына сурет салып көрме ұйымдастырылды.Барлық сынып белсене қатысты. 

Соңғы жаңалықтар

2020-2021 оқу жылы бойынша оқу процессіне байланысты мектеп директорының мәлімдемесі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы "13" тамыздағы №345 бұйрығына 1-қосымша. ...

13 қыркүйек 2020
"Тілім менің - тірлігімнің айғағы"

Еліміздегі тілдер мерекесінің күні өзгеруінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына ...

05 қыркүйек 2020
Білімнің негізі - бастауыш

2020-2021 жылдың басталуы 1 сыныптардың кезекші сыныптардың ашылуымен 2-11 сыныптардың қашықтықтан оқуы ...

01 қыркүйек 2020
Жақсылық жасауға асығайық!

Жаңа оқу жылы қарсаңында мектебімізде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына қолдау к ...

19 тамыз 2020
15 маусым - аты аңызға айналған қазақ сазгері, Қазақстанның қазіргі әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.

Қазақтың кең байтақ даласын тербеген Шәмші әндерін білмейтін қазақ бүгінде кемде-кем. Оның 300-ден а ...

15 тамыз 2020