«Отбасы – тәрбие басы, мектеп- тәрбие жаршысы » атты бірыңғай сынып сағаттары жүргізілді.

«№ 28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ –де  25 – қазан күні жергілікті уақыт 12.00-де 1-11-сыныптар аралығында отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың  тұлға  ретінде қалыптасуына отбасы рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасы мақсатында «Отбасы – тәрбие  басы, мектеп- тәрбие жаршысы » атты бірыңғай сынып сағаттары жүргізілді.

 





Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың екінші (қалалық) кезеңі өткізілді.

iconАқтау қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 5-7 желтоқсан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың екінші (қалалық) кезеңі өткізілді. Мектебіміздің оқушылары білім додасында жоғары деңгейде білімдерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, химия пәнінен 10 "Ә" сынып оқушысы Бектұрсын Дана І орын (Жетекшісі: Қалниязова Рысбибі), алгебра пәнінен 10 "Б" сынып оқушысы Бердигулов Жадырасын ІІІ орын (Жетекшісі: Уразбекова Зоя), география пәнінен 11 "А" сынып оқушысы Нұрболат Ақжан ІІ орын, 10 "Б" сынып оқушысы Кийкбай Нұрниет ІІІ орын (Жетекшісі: Сисенова Жадыра), қазақ тілі пәнінен 9 "А" сынып оқушысы Кийкбай Ерлан ІІ орын (Жетекшісі: Изтурганова Айнагүл), 10 "В" сынып оқушысы Шыныбаева Анель қазақ тілі пәнінен ІІІ орын(Жетекшісі:Қуанбаева Гүлмаржан), физика пәнінен 10 "Ә" сынып оқушысы Алпамысова Гүлжанат ІІІ орын, құқық пәнінен 10 "А" сынып оқушысы Нұрбаева Нұрай ІІІ орын (Жетекшісі: Изтурганова Гулнар), орыс тілі пәнінен 9 "Ә" сынып оқушысы Наурызова Асылай ІІІ орын (Жетекшісі: Илесбаева Зиба). Сондай-ақ төрт оқушымыз ынталандырумен марапатталды. Олар: физика пәнінен 10 "Б" сынып оқушысы Байшауова Айдана, тарих пәнінен 8 "А" сынып оқушысы Абдиуалиева Анар, математика пәнінен 9 "Ә" сынып оқушысы Таңатарова Гүлдана. Нәтижесінде жалпы саны 12 оқушы жеңімпаз атанды. Оқушыларымызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз. Биіктерден көріне беріңіздер! Облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз.

Республикалық таеквонда жеңімпазы

iconҚазақстан республикасындағы Корей Республикасының елшілігінің және Корей мәдинет орталығының қолдауымен өткен Астана қаласы әкімінің кубогында мектебіміздің оқушысы Жұмашев Данияр таеквондодан 40 кг салмақ дәрежесінде қатысып, ІІ орынды жеңіп алды. Даниярды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Жұлдызың жансын! 

Облыстық "Әкем,шешем және мен" сайысы

iconҚР Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ұстаздар отбасылары арасынды облыстық "Әкем, шешем және мен" атты эстафеталық жарысында мектебіміздің математика пәні мұғалімі Шораева Раушанның отбасы "Исагуловатар" жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Исагуловтар отбасын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз және үлкен алғысымызды білдіреміз. 

Облыстық "Жас геолог"сайысы

iconМАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру" бағдарлама аясында өткізілген "Жас геолог" облыстық байқауында мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларынан құралған "Жас туристтер" тобы жүлделі ІІІ орын иегері атанды.Жетекшісі мектебіміздің география пәні мұғалімі Сисенова Жадыраға алғыс білдіреміз! Асқар шыңдарды бағындыра беріңіздер!

"Тұлға.Елбасы.Тарих"

icon30-қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай мектебімізде мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен "Тұлға.Елбасы.Тарих" атты мерекелік концерт өткізілді. Мақсаты болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру; Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру;Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу. 

Қалалық «Электр тоғы ойыншық емес! » сурет байқауы

Қалалық білім бөлімінің 06.11.2018ж.№ 781 «Электр тоғы ойыншық емес!» сырттай сурет байқауының өткізу туралы бұйрығына сәйкес,қалалық білімді дамыту орталығының ұйымдастыруымен ,оқушылар арасында өткізілген «Электр тоғы ойыншық емес! » сурет байқауында Мұратов Ерғанат 3 «Ә » сынып оқушысы I дәрежелі орынға ие болды.Сынып жетекшісі Избасова Лаура. Жеткізгенова Ақерке 4 «Ә» сынып оқушысы Ынталандыру дипломымен марапатталды. Сынып жетекшісі Шалатаева Шынар.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! 

"Ең бақытты күн"

iconҚарашаның 29-жұлдызында мектебімізде қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Нұрлыбаева Айсұлу Нұрлыбайқызының ұйымдастыруымен Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай 10 " Б" сыныбында "Ең бақытты күн" атты жаңа форматта ашық сабақ өткізілді. Оқушылар сабаққа белсене ат салысты. Ашық сабақ жоғары деңгейде өткізілді. 

Облыстық "Әбіш оқулары" байқауының жеңімпаздары атанды

iconРеспубликалық "Әбіш оқулары" байқауының облыстық кезеңінде Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық сурет салу бағыты бойынша мектебіміздің 10-сынып оқушысы Русланова Әйгерім жүлделі ІІ орын, Ә.Кекілбаев шығармаларын мәнерлеп оқу бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Аманкулов Саясат жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Жетекшілері мектебіміздің сызу пәні мұғалімі Жанбыршиева Рысты мен қазақ тілі пәні мұғалімі Уразова Ұлдайға алғысымызды білдіреміз. Бикітерден көріне беріңіздер!!!  

Жүзуден қалалық ашық турнир өткізілді

iconҚР Тұңғыш Президент күніне орай 2007-2008 жас тобында, 50 шақырым қашықтықта 45,31 есеп нәтижесінде жүзуден қалалық ашық турнирінде ІІІ орынға ие болған мектебіміздің оқушысы Мизамова Асияны шын жүректен құттықтаймыз. Бағындырар биіктерің көп болсын!!! 

Қалалық баскетбол жарысының жеңімпаздары атанды

iconАқтау қаласының жалпы білім беру орта мектептерінің арасында баскетбол жарысынан қалалық мұғалімдер спартакиадасында мектебіміздің ұстаздарынан құралған командасы жүлделі І орынды иеленді. Команда мүшелері Рятова Сәнгүл, Қабақ Фатима, Қуанбаева Балияш, Шораева Раушан, Айбагамбетова Нурия,  Айтжанова Гүлмира, Аргынбаева Аяжан, Жанжигитова Маусым, Атакузиева Насиба, Бисенбекова Сырға. Әріптестерімізді жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз.  

Соңғы жаңалықтар

23-қараша – Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күні атап өтілді.

23-қараша – Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күніне орай мектебімізде білім алушылар, педагогтар және ...

25 қараша 2019
«Абай –дана, Абай- дара қазақта»

Қараша айының 15-інші жұлдызында 3 сыныптар арасында қазақтың ұлы ақыны,сазгер,аудармашы Абай Құнан ...

20 қараша 2019
«Туған жер киесі, дархан дарын иесі» сайысы өткізілді.

«№28 жалпы білі беру орта мектебі» КММ-де 15 қараша күні заңғар жазушы Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығына ...

19 қараша 2019
"RIFMO-2019" IT-форумы өткізілді.

Жуырда Ақтау қаласында кең көлемді "RIFMO-2019" IT-форумы өткізілген болатын. IT-апталығы негізінде өткіз ...

18 қараша 2019
ІІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" өнер мен білім байқауында мектебіміздің оқушылары өнер көрсетті

Бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған ІІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" өн ...

17 қараша 2019