«Ғұлама тұлға – ғибратты ғұмыр»

Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік  сыйлығының иегері Әбіш Кекілбаевтың 80-жылдық мерейтойына сәйкес мұғалімдер арасында 16-қазан күні өткізілген қалалық  «Ғұлама тұлға – ғибратты ғұмыр» сахналық қойылымдар байқауына мектебіміздің жас мамандарынан құралған топ қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Жеңімпаз мұғалімдерімізді құттықтаймыз. Биіктерден көріне беріңіздер!





"Ең үздік веб-сайт" қалалық, облыстық байқауының жеңімпазы атанды.

icon"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру және цифрлық инновациялардың әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында қалалық "Ең үздік веб-сайт" және "ІТ-сынып" байқаулары өткізілген болатын. Байқаудан мектебіміз жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, "Ең үздік веб-сайт" байқауында мектебіміздің сайты үздік танылып І орынды жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алды. Облыстық байқауда да үздік танылып І орынды иеленді. Мектебіміздің веб-сайтына жауапты маман,сайт әкімшісі информатика пәні мұғалімі Новрузбайқызы Жансая. "ІТ-сынып" байқауында қала мектептерінің арасында мектебіміздің ІТ-сыныбы ІІІ орынды иеленді. Кабинет меңгерушісі мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Байболатова Жұлдыз. Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз. Биіктерден көріне беріңіздер! 

"Адалдық сағаттары" ұйымдастырылды

icon 6-қараша күні мектебімізде біріңғай жалпы-республикалық "Адалдық сағаттары" өткізілді. Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдиенетін қалыптастыру. Барлық сыныптарда "Адалдық сағаттары" ұйымдастырылып, арнайы қонақтар шақыртылды. 11 "Б" сыныбындағы ұйымдастырылған шараға Қамқоршылық кеңес мүшесі Ешманов Кийкбай Жақыпұлы қатысып, өз пікірін білдіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Тәрбиелік маңызы зор іс-шаралардың бірі болып жоғары деңгейде өткізілді.  

«Отбасы – тәрбие басы, мектеп- тәрбие жаршысы » атты бірыңғай сынып сағаттары жүргізілді.

icon«№ 28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ –де  25 – қазан күні жергілікті уақыт 12.00-де 1-11-сыныптар аралығында отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың  тұлға  ретінде қалыптасуына отбасы рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасы мақсатында «Отбасы – тәрбие  басы, мектеп- тәрбие жаршысы » атты бірыңғай сынып сағаттары жүргізілді.

«Туған жер – киесі, дархан дарын - иесі» атты әдеби кеш өткізілді.

icon

Өнерлі шәкірттерді шыңдаған ұстаздар марапатталды.

iconАбай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Ұлттың ұлы мұрасы" Халықаралық өнер және білім фестивалінің республикалық байқауының өтуіне зор үлес қосып, шәкірттері жоғары нәтиже көрсеткені үшін мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Нұрлыбаева Айсұлу , Изтурганова Айнагул, музыка пәні мұғалімі Мендигалиева Гулмира "Үздік жетекші" номинициясымен марапатталды. Дарынды шәкірттерді дайындап, өнерлерін шыңдап жүрген ұстаздарымызға алғыс білдіреміз. Талантты шәкірттер дайындауда талмай еңбек ете беріңіздер! 

"Ұлттың ұлы мұрасы" Халықаралық өнер және білім фестивалінің республикалық байқауының жеңімпаздары атанды.

iconАбай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Ұлттың ұлы мұрасы" Халықаралық өнер және білім фестивалінің республикалық байқауында мектебіміздің оқушылары өнерлерін көрсетіп, жүлделі орындарды қанжығаларына байлап келді.  

Шағын футболдан жарыс өтті.

iconҚазан айының 19-ы күні салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 9-10 сынып оқушылары арасында дене  шынықтыру бірлестігінің ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс өткізілді. Тартысты өткен жарыста әр сыныптың ер балдарынан құралған топтар өз шеберліктерін көрсетті. Жарыс соңында топтар мектеп директорының арнайы дипломдарымен марапатталды. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! 

"Әбіш апталығы" байқауларының жүлдегерлері атанды.

iconҚР Халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған  қалалық "Әбіш апталығы" өткізілген болатын. Бұл шараның негізгі мақсаты - мектеп оқушыларының  арасында Әбіш шығармаларын насихаттау арқылы оқушылардың ой танымын кеңейту, шығармашылық қасиеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту. Апталыққа мектебіміздің оқушылары белсенді қатысып жүлделі орындарды иеленді. 

«Ғұлама тұлға – ғибратты ғұмыр»

iconҚазақстанның Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік  сыйлығының иегері Әбіш Кекілбаевтың 80-жылдық мерейтойына сәйкес мұғалімдер арасында 16-қазан күні өткізілген қалалық  «Ғұлама тұлға – ғибратты ғұмыр» сахналық қойылымдар байқауына мектебіміздің жас мамандарынан құралған топ қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Жеңімпаз мұғалімдерімізді құттықтаймыз. Биіктерден көріне беріңіздер! 

Мектеп мұғалімдері қалалық жаратылыстану пәндер олимпиадасында топ жарды.


Соңғы жаңалықтар

2020-2021 оқу жылы бойынша оқу процессіне байланысты мектеп директорының мәлімдемесі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы "13" тамыздағы №345 бұйрығына 1-қосымша. ...

13 қыркүйек 2020
"Тілім менің - тірлігімнің айғағы"

Еліміздегі тілдер мерекесінің күні өзгеруінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына ...

05 қыркүйек 2020
Білімнің негізі - бастауыш

2020-2021 жылдың басталуы 1 сыныптардың кезекші сыныптардың ашылуымен 2-11 сыныптардың қашықтықтан оқуы ...

01 қыркүйек 2020
Жақсылық жасауға асығайық!

Жаңа оқу жылы қарсаңында мектебімізде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына қолдау к ...

19 тамыз 2020
15 маусым - аты аңызға айналған қазақ сазгері, Қазақстанның қазіргі әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.

Қазақтың кең байтақ даласын тербеген Шәмші әндерін білмейтін қазақ бүгінде кемде-кем. Оның 300-ден а ...

15 тамыз 2020