«Ғұлама тұлға – ғибратты ғұмыр»

Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік  сыйлығының иегері Әбіш Кекілбаевтың 80-жылдық мерейтойына сәйкес мұғалімдер арасында 16-қазан күні өткізілген қалалық  «Ғұлама тұлға – ғибратты ғұмыр» сахналық қойылымдар байқауына мектебіміздің жас мамандарынан құралған топ қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Жеңімпаз мұғалімдерімізді құттықтаймыз. Биіктерден көріне беріңіздер!





"Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым"

iconТәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.  Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 28 жыл. Жиырма сегіз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. Тәуелсіздік мерекесіне орай мектебімізде жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізілді. «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы, ғажап ел» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Сондай-ақ сыныптарда Тәуелсіздікке байланысты ашық тәрбие сағаттары, сайыс сабақтары өткізілді. 

"Ерліктерің ұрпақ есінде"

iconТәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектебімізде 8-сыныптар арасында "Ерліктерің ұрпақ есінде" атты топтық сайысы өткізілді. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Сайыс барысында патриоттық әндер шырқалып, тарихи сахналандырылған қойылымдар қойылды. Сайысқа 5 топ қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс нәтижесі бойынша топтар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. 

"Желтоқсанда шындық іздеп шырылдап"

iconТәуелсіздік мерекесі қарсаңында 10-сынып оқушыларының арасында "Желтоқсанда шындық іздеп шырылдап" атты сайысы өткізілді. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Таныстыру, сұрақ-жауап, сахналық қойылым, өз өнері. Сайыс қорытындысы бойынша 10 "Ә" сынып - "Бас жүлде", 10 "В" сынып - І орын, 10 "Б" -ІІ орын, 10 "А" - сынып - ІІІ орынды иеленді. 

"Отан - отбасынан басталады"

iconОтбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы адамзат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болып өсуі отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Осы орайда мектебімізде 5-сынып оқушыларымен ата-аналарының арасында "Отан - отбасынан басталады" атты тәрбиелік маңызы зор отбасылық сайыс өткізілді. Мақсаты: отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, мектеп-ата-ана-бала қарым-қатынасын нығайту. Сайысқа 6 сыныптан 6 отбасы қатысып, сайыс шарттарын орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс нәтижесі бойынша Оразғалиевтер отбасы "Мерейлі отбасы", Құрасбековтер отбасы "Үздік отбасы", Жалатаевтар отбасы "Өнегелі отбасы", Жарылқасыновтар отбасы "Мейірімді отбасы", Жүзбаевтар отбасы "Өнерлі отбасы", Қуатбаевтар отбасы "Үлгілі отбасы" номинациясымен марапатталды. 

23-қараша – Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күні атап өтілді.

icon23-қараша – Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күніне орай мектебімізде білім алушылар, педагогтар және ата-аналардың белсенді қатысуымен адамның рухани-адамгершілік әлеуетін арттыруға, құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «жалпыадамзаттық құндылықтар отбасы тәрбиесінің негізі» атты кездесу-тренинг; 6-сыныптар арасында «Жүрек қуанышы» атты сурет байқауы, ү-сыныптар арасында «Сүйіспеншілік әрбір жүректе» атты бейнероликтер байқауы, «Сүйіспеншілік – адамның басты қасиеті, ақиқат – оның негізі, дұрыс әрекет – оның шынайы өмірі» атты сынып сағаттары, мұғалімдер арасында «Үлгі болу – қызмет етудің ең тиімді жолы» атты мектеп директорының ұйымдастыруымен жас мамандарға арналған коучинг өткізілді. 

«Абай –дана, Абай- дара қазақта»

iconҚараша айының 15-інші жұлдызында 3 сыныптар арасында қазақтың ұлы ақыны,сазгер,аудармашы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай –дана, Абай- дара қазақта» мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстырып өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу арқылы адамгерлік қаситттерге тәрбиелеу. Сайыс 2 бөлімнен тұрды. 

«Туған жер киесі, дархан дарын иесі» сайысы өткізілді.

icon«№28 жалпы білі беру орта мектебі» КММ-де 15 қараша күні заңғар жазушы Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығына орай «Туған жер киесі, дархан дарын иесі» атты 4-сыныптар арасында сайыс болып өтті.Сайыстың мақсаты Қазақстанның халық жазушысы,көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы туралы оқушыларға кеңірек таныстыру. Сайыс 2 бөлімнен тұрды. 

"RIFMO-2019" IT-форумы өткізілді.

iconЖуырда Ақтау қаласында кең көлемді "RIFMO-2019" IT-форумы өткізілген болатын. IT-апталығы негізінде өткізілген форум 5 күнге жалғасты.Форум барысында жаңа стартап жобалардың тұсауы кесілді. Форумның 3-ші күні арнайы ''Mediana Services Limited'' ІТ-компаниясының дипломдары мен алғыс хаттарымен марапаттау шарасы өткізілді. Осы шарада мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Новрузбайқызы Жансая салалық цифрландыруды дамытуға қосқан үлесі үшін "Білім беру ұйымдарының ең үздік сайт әкімшісі" номинациясымен марапатталды. 

ІІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" өнер мен білім байқауында мектебіміздің оқушылары өнер көрсетті

iconБүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған ІІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" өнер мен білім байқауында мектебіміздің оқушылары өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. "Көркем сөз" жанры бойынша өнер көрсеткен Смағұлова Гүлназ І орын, Тілеген Орақ І орын, Мухидинова Аида І орын иеленді. Жетекшісі: мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрлыбаева Айсұлу Нұрлыбайқызына алғысымызды білдіреміз. 

"Абай әндерінен хор" сайысында жеңімпаз атанды.

iconАқтау қалалық білім бөлімі, қалалық білімді дамыту орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес мұғалімдер арасында "Абай әндерінен хор" сайысы өткізілді. Мектебіміздің ұлағатты ұстаздарынан құралған хор құрамы Абай әндерінен папури орындап, үздік танылып, жүлделі І орынды қанжығасына байлады. "№28 жалпы білім беру орта мектебі" КММ ұжымын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Соңғы жаңалықтар

2020-2021 оқу жылы бойынша оқу процессіне байланысты мектеп директорының мәлімдемесі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы "13" тамыздағы №345 бұйрығына 1-қосымша. ...

13 қыркүйек 2020
"Тілім менің - тірлігімнің айғағы"

Еліміздегі тілдер мерекесінің күні өзгеруінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына ...

05 қыркүйек 2020
Білімнің негізі - бастауыш

2020-2021 жылдың басталуы 1 сыныптардың кезекші сыныптардың ашылуымен 2-11 сыныптардың қашықтықтан оқуы ...

01 қыркүйек 2020
Жақсылық жасауға асығайық!

Жаңа оқу жылы қарсаңында мектебімізде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына қолдау к ...

19 тамыз 2020
15 маусым - аты аңызға айналған қазақ сазгері, Қазақстанның қазіргі әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.

Қазақтың кең байтақ даласын тербеген Шәмші әндерін білмейтін қазақ бүгінде кемде-кем. Оның 300-ден а ...

15 тамыз 2020