«Ғұлама тұлға – ғибратты ғұмыр»

Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік  сыйлығының иегері Әбіш Кекілбаевтың 80-жылдық мерейтойына сәйкес мұғалімдер арасында 16-қазан күні өткізілген қалалық  «Ғұлама тұлға – ғибратты ғұмыр» сахналық қойылымдар байқауына мектебіміздің жас мамандарынан құралған топ қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Жеңімпаз мұғалімдерімізді құттықтаймыз. Биіктерден көріне беріңіздер!





"Ана өмірдің тірегі" атты концерттік құттықтау шарасы өткізілді.

iconНаурыз айы – үлкен мерекелер айы. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп - өніп келеміз. Күллі адамзат абзал да, асыл жандардың алдында бас иеді. Осы орайда бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетіп жүрген ұстаз аналардың құрметіне "Ана өмірдің тірегі" атты концерттік іс-шара өткізілді. Шара барысында ұстаздарға деген, ару-қыздарға деген құттықтаулар, жылы лебіздер айтылып, өнерлі оқушылардың өнерлерін тамашаланды. Шара соңында 11-сынып оқушыларының орындауында Ана туралы әндерден попурри орындалды. 

«Мерген ару» әскери – патриоттық байқауында жеңімпаз атанды.

iconҰлы Отан соғысының 75 жылдығы, Әлия Молдағұлованың туғанына 95 жыл толуы аясында пневматикалық мылтықтан нысананы көздеп атудан «Мерген ару» әскери – патриоттық байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан мектебіміздің оқушыларынан құралған команда жүлделі І орынды, жекеленген есепте 11 "Б" сынып оқушысы Көмек Аида І орын, Қлаубаева Назгул ІІІ орынды иеленді. Байқауға барлығы 17 команда қатысқан болатын. Сайысқа оқушыларды дайындаған мектебіміздің АӘД пәні мұғалімі Жумалиев Срым Муратовичке алғысымызды білдіреміз.Елін сүйген, патриот жастарымыз көп болғай. 

"Integrity shop" атты адалдық дүкені жұмыс жасайды.

iconАдалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады.Осы орайда мектебімізде "Integrity shop" атты адалдық дүкені жұмыс жасайды. Мақсаты: мектеп оқушыларының бойында адалдық, шыншылдық қасиеттерді сіңіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту. 

Құрметті ата – аналар мен балалар!

iconҚұрметті ата – аналар мен балалар!Егер Сізге кәмелетке толмаған балаларға қатысты құқық бұзушылық, зорлық – зомбылық немесе қатыгездік қарым – қатынас, педагогтердің әдепке жатпайтын мінез – құлықтары туралы белгілі болса, ақпаратты «BALA QORGAU» чатына жіберуіңізді сұраймыз. 

"Көктем аруы" атты сайысы өткізілді.

icon"28 жалпы білім беру орта мектебі" КММ-де 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған бастауыш сыныптар арасында "Көктем аруы" атты сайыс өткізілді. Сайыс 5 бөлімнен тұрды. 

Баршаңызға мың алғыс!

iconАлғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс–әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру. Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім. Осы орайда мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары өздерінің алғыстарын ерекше жеткізді. 

Республикалық "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінен жүлдемен оралды.

iconРеспубликалық "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде мектебіміздің 10 "а" сынып оқушысы Аманкулов Саясат қатысып, "Сөз шеберлері" бағыты бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді. Саясатты кезекті жеңісімен құттықтаймыз. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Уразова Ұлдайға алғысымызды білдіреміз. 

Үстел теннисінен жеңімпаз атанды.

icon"Жаңаөзен спортшылар қаласы" атты үстел теннисінен жасөспірімдер арасында өткізілген қалалық ашық турнирінде мектебіміздің 2"В" сынып оқушысы Амангелді Маржан І орынға ие болды. Шәкіртімізді кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Бағындырар биіктерің көп болсын. 

Республикалық "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

iconРеспубликалық "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңінде мектебіміздің оқушылары "Сөз шеберлері" бағыты бойынша 10 "А" сынып оқушысы Аманкулов Саясат, "Білгірлер" бағыты бойынша 11 "В" сынып оқушысы Ордабаева Айнұр ІІ орын, "Бейнелеушілер" бағыты бойынша 11 "Б" сынып оқушысы Алдияр Аида ІІІ орын иеленді. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз. Облыстық кезеңге жолдама алған шәкіртіміз Саясатқа сәттілік тілейміз. Бағындырар биіктерің көп болсын. Жетекшілері: мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Уразова Ұлдай, Қуанбаева Гүлмаржан және сызу пәні мұғалімі Жаңбыршиева Рыстыға алғысымызды білдіреміз. 

"Абай-дара, Абай - дана қазақта" презентациялар сайысы өткізілді.

icon Мектебімізде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткізіліп жатырған апталық аясында 11-сыныптар арасында "Абай-дара, Абай - дана қазақта" атты ақынның өмірі жайлы тың деректерді презентация арқылы қорғау сайысы өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша І орын - 11 "Б", ІІ орын - 11"В" және 11 "Ә" сынып оқушылары иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды. Сайысқа ат салысқан сыныптарға алғысымызды білдіреміз.  

Соңғы жаңалықтар

Күрделі жөндеу жұмыстары барысынан көріністер

Ақтау қалалық білім бөлімі «№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де «Жұмыспен қамтудың жол карта ...

22 шілде 2020
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Құрметті ата-аналар!!! Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz "электронды үкімет" портал ...

10 шілде 2020
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыр ...

10 шілде 2020
Ата-аналар назарына!

Медициналық анықтамаларды алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға байланысты азаматтарға білім ...

05 шілде 2020