«Абай –дана, Абай- дара қазақта»

Қараша айының 15-інші жұлдызында 3 сыныптар арасында қазақтың ұлы ақыны,сазгер,аудармашы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай –дана, Абай- дара қазақта» мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстырып өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу арқылы адамгерлік қаситттерге тәрбиелеу. Сайыс 2 бөлімнен тұрды.
1. Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу.
2. Ақынның өмірінен,шығарашылығынан сұрақ жауаптар
Бүгінгі « Абай- дана, Абай- дара қазақта» мәнерлеп оқу сайысымыз өте жақсы деңгейде өтті. Оқушылар қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңдерін нақышына келтіре айтып,оның шығармашылығынан біраз мағлұматтар айтып кетті. Сайысқа 3 сыныптардан 9 оқушы қатысып,барлығы жүлделі орынмен марапатталды. Бас жүлде өзінің ерекше дауыс ырғағымен көзге түскен 3 «Ғ»сынып оқушысы Багитжан Нұрхан иеленді, 1 орынға 3 «В»сынып оқушысы Тлемисова Элмира, 3 «Ә»сынып оқушысы Бейсенбекова Каусар, 3 «А»сынып оқушысы Бақтөреев Жантөре, 2 орынға 3 «Б»сынып оушысы Ермекова Кымбат, 3 «Б»сынып оқушысы Жетібай Зайнаб, 3 орынға 3 «Е»сынып оқушысы Клаубаева Ұлболсын, 3 «г»сынып оқушысы ХакімжанАружан
3 «Д»сынып оқушысы Мұханбет Жасұлан
Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып аяғын көп шалдырған
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
Қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл, данышпан ақын, тарихи тұлға – Абай Құнанбаев. Абай атамыз адам тіршілігінің сан – саласын қамтып, кешегі мен бүгінді, болашақты ұштастырған дана әрі дара ақын дей келе,бүгінгі өткен сайысымызды « жақсы»деп бағалады. Шараны ұйымдастырушы бастауыш сынып мұғалімі Қарамурзаева Райхан. 





«Отбасы – тәрбие басы, мектеп- тәрбие жаршысы » атты бірыңғай сынып сағаттары жүргізілді.

icon«№ 28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ –де  25 – қазан күні жергілікті уақыт 12.00-де 1-11-сыныптар аралығында отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың  тұлға  ретінде қалыптасуына отбасы рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасы мақсатында «Отбасы – тәрбие  басы, мектеп- тәрбие жаршысы » атты бірыңғай сынып сағаттары жүргізілді.

«Туған жер – киесі, дархан дарын - иесі» атты әдеби кеш өткізілді.

icon

Өнерлі шәкірттерді шыңдаған ұстаздар марапатталды.

iconАбай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Ұлттың ұлы мұрасы" Халықаралық өнер және білім фестивалінің республикалық байқауының өтуіне зор үлес қосып, шәкірттері жоғары нәтиже көрсеткені үшін мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Нұрлыбаева Айсұлу , Изтурганова Айнагул, музыка пәні мұғалімі Мендигалиева Гулмира "Үздік жетекші" номинициясымен марапатталды. Дарынды шәкірттерді дайындап, өнерлерін шыңдап жүрген ұстаздарымызға алғыс білдіреміз. Талантты шәкірттер дайындауда талмай еңбек ете беріңіздер! 

"Ұлттың ұлы мұрасы" Халықаралық өнер және білім фестивалінің республикалық байқауының жеңімпаздары атанды.

iconАбай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Ұлттың ұлы мұрасы" Халықаралық өнер және білім фестивалінің республикалық байқауында мектебіміздің оқушылары өнерлерін көрсетіп, жүлделі орындарды қанжығаларына байлап келді.  

Шағын футболдан жарыс өтті.

iconҚазан айының 19-ы күні салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 9-10 сынып оқушылары арасында дене  шынықтыру бірлестігінің ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс өткізілді. Тартысты өткен жарыста әр сыныптың ер балдарынан құралған топтар өз шеберліктерін көрсетті. Жарыс соңында топтар мектеп директорының арнайы дипломдарымен марапатталды. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! 

"Әбіш апталығы" байқауларының жүлдегерлері атанды.

iconҚР Халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған  қалалық "Әбіш апталығы" өткізілген болатын. Бұл шараның негізгі мақсаты - мектеп оқушыларының  арасында Әбіш шығармаларын насихаттау арқылы оқушылардың ой танымын кеңейту, шығармашылық қасиеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту. Апталыққа мектебіміздің оқушылары белсенді қатысып жүлделі орындарды иеленді. 

«Ғұлама тұлға – ғибратты ғұмыр»

iconҚазақстанның Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік  сыйлығының иегері Әбіш Кекілбаевтың 80-жылдық мерейтойына сәйкес мұғалімдер арасында 16-қазан күні өткізілген қалалық  «Ғұлама тұлға – ғибратты ғұмыр» сахналық қойылымдар байқауына мектебіміздің жас мамандарынан құралған топ қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Жеңімпаз мұғалімдерімізді құттықтаймыз. Биіктерден көріне беріңіздер! 

Мектеп мұғалімдері қалалық жаратылыстану пәндер олимпиадасында топ жарды.


"Қыз болашағы - ел болашағы"

iconМектебімізде қазан айының 14-і күні "Қыз болашағы - ел болашағы" декадасы бойынша арнайы маман Сактағанова Алтын Сарсенқызымен кездесу өткізілді. Маманмен кездесуге 9-11 сыныптың қыз балалары қатыстырылды. Арнайы түсінік жұмыстары, бейнероликтер көрсетілді, пікір алмасулар жүргізілді. 

"Абайлаңыз бағдаршам" сайысы өткізілді.

iconҚазан айының 10-ы күні мектебіміздің 5-сыныптары арасында "Абайлаңыз бағдаршам" тақырыбында сайыс өткізілді. Мақсаты: оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру; жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға тәрбиелеу. Сайыс бірнеше бөлімдерден тұрды. Оқушылар сынақтардан сүрінбей өтіп жүлделі орындарды иемденді. Сайыстың өтуіне мектеп инспекторы, тәлімгер, сынып жетекшілері және мектеп ұстаздарынан құралған әділ-қазылар алқасы ат салысты.  

Соңғы жаңалықтар

Республикалық "Қадыр оқулары" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

Республикалық "Қадыр оқулары" байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлде ...

25 қаңтар 2020
Тоғызқұмалақтан жеңімпаз атанды.

Тоғызқұмалақтан әйелдер арасында ұйымдастырылған қалалық командалық жарыста мектебіміздің дене ...

23 қаңтар 2020
"Балалар болашағымыз" атты ата-аналар жиналысы өткізілді.

Қаңтар айының 18-і күні мектеп психологы Айтжанова Жарқынның ұйымдастыруымен "Балалар болашағымыз" ...

20 қаңтар 2020
Республикалық "Мұқағали оқулары" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

Республикалық "Мұқағали оқулары" байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің 10-оқушысы Киікбай Ерл ...

18 қаңтар 2020
Республикалық біріңғай "Адалдық сағаттары" өткізілді.

«№ 28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де 17-қаңтар күні Республикалық «Адалдық сағаттары» акцияс ...

17 қаңтар 2020