"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өткізілді.

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей ,әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларға көмектесіп, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы. Елбасының бастамасымен қолға алынып, республика көлемінде өтетін жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жаңа оқу жылы қарсаңында «Жүректен жүрекке» ұранымен өтіп жатыр. 
Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және балаланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу. 

Осы мақсатта мектебімізде акция жалғасын тапты. 26 тамыз күні «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырылды. Мектеп ұжымы бірлесіп әлеуметтік көмекті қажет ететін 15 оқушыға оқушы сөмкесі, оқу құралдарымен және Ақтау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Садақбаев Мұхтар Қанғалиұлы бастаған топ өздерінің қарлығаш көмектерін көрсетуге келіп, мектебіміздің 8 оқушысына оқушы сөмкесі, оқу құралдарымен қамтамасыз еткен болса, сондай-ақ «КазНИПИ мұнайгаз» АҚ мекемесі 15 оқушымызға мектеп формасы, оқушы сөмекесі және оқу құралдарын алып беріп, демеушілік көрсетіп балаларымызды бір қуантып тастады. Осындай қайырымдылық жасаған «КазНИПИ мұнайгаз» директоры Иманбаев Бақыт Алтайұлына сондай – ақ Ақтау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Садақбаев Мұхтар Қанғалиұлына және мектеп ұжымына да алғысымыз шексіз. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. 





Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

iconҚұрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Дүние жүзін алаңдатып отырған коронавирус дертіне байланысты, адам өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында төтенше жағдайлар жарияланғаны белгілі. Әлемде өршіп тұрған дертке байланысты қаламызда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Елімізде 16 наурыздан бастап оқушылардың көктемгі демалысқа шыққандары белгілі. Қауіп өскен сайын балаларымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігі басты назарымызда болуы қажет. Инфекция таралуын болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын мұқият сақтау керек. Бүгінгі уақытша туындап жатқан қиындықтарды ауызбіршілікпен, ынтымақ, бірлікпен Сіз боп, Біз боп бірге еңсерейік! 

Панкратионнан чемпион атанды.

iconМаңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген панкратионнан балалар , жасөспірімдер, кадеттер мен жастар арасындағы Маңғыстау облысының чемпионатында мектебіміздің 11 "Б" сынып оқушысы Жаукенов Әлібек І орынды иеленді. Әлібекті жеңісімен құттықтаймыз. Бағындырар биіктерің көп болсын! 

Қазақтың ұлттық ойыны "Тоғыз құмалақ" ойынының жеңімпазы атанды.

iconҰлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылған қазақтың ұлттық ойыны "Тоғыз құмалақ" ойынында мектебіміздің 7-сынып оқушысы Сәттіғұл Айдана ІІІ орынға ие болды. Шәкіртімізді кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Жетекшісі: дене тәрбиесі пәні мұғалімі Атакузиева Насибаға алғысымызды білдіреміз. 

Көркем гимнастикадан өткізілген ашық турнирден жеңіспен оралды.

icon"8-наурыз Халықаралық әйелдер күні" мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған көркем гимнастика ашық турнирінде мектебіміздің 2 "В" сынып оқушысы Туйлушева Айғаным ІІІ орынды иеленді. Айғанымды жеңісімен құттықтаймыз. Бағындырар белестерін көп болсын! 

Карате-до кекушинкайдан жеңімпаз атанды.

iconМаңғыстау облыстық қазақ күресі және дюздо бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен "8-наурыз Халықаралық әйелдер күні" мерекесі құрметіне арналған карате-до кекушинкайдан қыздар арасында МОБЖСМ біріншілігінде 25кг салмақ дәрежесінде мектебіміздің 4 "Ж" сынып оқушысы Кенжебекқызы Шахкерім І орынды иеленді. Болашағынан мол үміт күттіретін кішкентай шәкіртімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! 

9-10 сыныптар арасында "Көктем аруы- 2020" байқауы өткізілді.

iconМектебімізде қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында 9-10 сыныптар арасында "Көктем аруы- 2020" байқауы өткізілген болатын. Байқауға қатысушы ару қыздарымыз 4 кезең бойынша бақтарын сынады. Сайыс қорытындасы бойынша аруларымыз жүлделі орындарды иеленіп, дипломдармен марапатталды. "Бас жүлдені", "Көктем аруы" атағын 10 "А" сынып оқушысы Дарханқызы Ділдә иеленді. Барлық қатысушы аруларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! 

Вирустық аурулардың таралуының алдын алу

iconНаурыз айының 11-жұлдызында "№28 жалпы білім беру орта мектебі" КММ-де вирустық аурулардың таралуының алдын алу және коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында мектеп медбикесі Изимбердиева Гүлсім оқушыларға және ұстаздарға арнайы түсінік жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ мектеп дәліздерінде вирустық аурулардың алдын-алу және қорғану жолдары туралы арнайы бұрыштар орналастырылды. 

"Жеңгемен сырласу" сайысы өткізілді.

iconКөктемнің алғашқы күндері мектебімізде бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылған болатын. Солардың бірі 7-8 сынып оқушыларының арасында өткізілген "Жеңгемен сырласу" сайысы. Бұл сайысқа әр сыныптар 1 қыз өзінің жеңгесімен қатысты. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Сайысқа қатысушы оқушылар мен жеңгелері бар өнерлерін ортаға салды. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды. 

«Ақылды ана, көркем қыз» байқауы өткізілді.

icon Наурыз айының 5-жұлдызында "№ 28 жалпы орта білім беру орта мектебі" КММ-де 2-сыныптар арасында 8- наурыз-халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Ақылды ана, көркем қыз» тақырыбында байқау ұйымдастырылды. Мақсаты оқушыларды ана алдындағы парызы мен қарызын білуге,ана еңбегін ардақтап,мейірімділікке ,сый-құрметке тәрбиелеу болды.Байқау мынадай бөлімдерден тұрды:

Мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілерінің арасында «Көктем аруы» сайысы өтті.

icon02.03.2020ж. күні мектебімізде мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілерінің арасында «Көктем аруы» сайысы өтті.Сайысқа әр топтан бір ару қатысып,өз тобының намысын қорғап шықты.Сайысқа қатысушы топтар 4 кезең бойынша бақтарын сынады. Сайыстың қорытындысы бойынша 0 «Ж» тобының тәрбиеленушісі Мергенбай Асылзада және 0 «Д» тобының тәрбиеленушісі Оразалы Көркем І орын, 0 «К» тобының тәрбиеленушісі Мерекеева Айкен мен 0 «З» тобының тәрбиеленушісі Саят Найля ІІ орын, 0 «Л» тобының тәрбиеленушісі Алқабай інжу,0 «И» тобының тәрбиеленушісі Камалова Назереке және 0 «Е» тобының тәрбиеленушісі Омар Бегімай ІІІ орынды иеленді. 

Соңғы жаңалықтар

Күрделі жөндеу жұмыстары барысынан көріністер

Ақтау қалалық білім бөлімі «№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де «Жұмыспен қамтудың жол карта ...

22 шілде 2020
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Құрметті ата-аналар!!! Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz "электронды үкімет" портал ...

10 шілде 2020
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыр ...

10 шілде 2020
Ата-аналар назарына!

Медициналық анықтамаларды алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға байланысты азаматтарға білім ...

05 шілде 2020