"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өткізілді.

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей ,әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларға көмектесіп, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы. Елбасының бастамасымен қолға алынып, республика көлемінде өтетін жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жаңа оқу жылы қарсаңында «Жүректен жүрекке» ұранымен өтіп жатыр. 
Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және балаланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу. 

Осы мақсатта мектебімізде акция жалғасын тапты. 26 тамыз күні «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырылды. Мектеп ұжымы бірлесіп әлеуметтік көмекті қажет ететін 15 оқушыға оқушы сөмкесі, оқу құралдарымен және Ақтау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Садақбаев Мұхтар Қанғалиұлы бастаған топ өздерінің қарлығаш көмектерін көрсетуге келіп, мектебіміздің 8 оқушысына оқушы сөмкесі, оқу құралдарымен қамтамасыз еткен болса, сондай-ақ «КазНИПИ мұнайгаз» АҚ мекемесі 15 оқушымызға мектеп формасы, оқушы сөмекесі және оқу құралдарын алып беріп, демеушілік көрсетіп балаларымызды бір қуантып тастады. Осындай қайырымдылық жасаған «КазНИПИ мұнайгаз» директоры Иманбаев Бақыт Алтайұлына сондай – ақ Ақтау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Садақбаев Мұхтар Қанғалиұлына және мектеп ұжымына да алғысымыз шексіз. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. 





Хабарландыру

iconЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ ЖҮЙЕСІ  Құрметті ата-аналар! www.mektep.edu.kz сайтына тіркелу арқылы көре аласыздар. Сайтқа тіркелу үшін төмендегі жолдарға назар аударамыз: 

Жеке қауіпсіздік ережелері

icon1. Бейтаныс адамдармен подъезге немесе лифтке кіруге болмайды. Оданда подъезден шығып, таныс біреу кездескенше күте тұрған жөн. 2.Бейтаныс адаммен сөйлеспе, адамдар жүрген жерге кетіп қал.  3.Танымайтын және аз танитын адамдардан кәмпит немесе басқада сыйлықтарды алма. 4.Бейтаныс және таныс адамдардың автокөлігіне отырма 5.Егерде сені біреу күштеп автокөлігіне отырғызы келсе немесе өзімен бірге алып кеткісі келсе, айналадағы адамдардың назарын аудартуға тырыс. 

«Күз- береке бастауы»,«Сиқырлы гербарий»

iconҚазан айының екінші оқу аптасында бастауыш сынып оқушыларының арасында «Күз- береке бастауы»,«Сиқырлы гербарий» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылар әр түрлі жеміс-жидектерден, көкөністерден, күзгі жапарақтардан т.б. нәрселерден жасалған бұйымдарын ұсынды. Көрмеге қойылған көз тартарлық әдемі, ерекше бұйымдар марапатталды. 

Әлемдік былғары қолғап шеберлерінің чемпионатында І орын иеленді

iconРесей мемлекеті Астрахань қаласында өткен әлемдік былғары қолғап шеберлерінің чемпионатында қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, жүлделі І орын иеленді.  

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстары бойынша каталог

(Ақылы қызмет көрсету аясында)

Кәсіби және қосымша оқыту шеңберінде біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету ережесі


Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстары

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының "Педагогикалық өлшеулер орталығы" филиалы кәсіби және қосымша оқыту шеңберінде біліктілікті арттыру курстарын откізетінін хабарлаймыз. Бұл курстардың мақсаты мұғалімдердің, әкімшіліктердің және Қазақстан Республикасы мектептері әдістемелік бірлестіктері басшыларының кәсіби құзыреттіліктерін артыру болып табылады. 

"Адам - досымен мықты"

icon12-қазан күні 3-сыныптар апталығының негізінде мектебіміздің бастауыш сынып мұғалім Избасова Лаураның ұйымдастыруымен 3 "г" сыныбында   "Адам - досымен мықты" деген тақырыпта ашық сабақ өткізілді.   

"Жануарлар қайда тіршілік етеді"

icon9-қазан күні 3-сыныптар апталығының негізінде мектебіміздің бастауыш сынып мұғалім Ауезалиева Лаураның ұйымдастыруымен 3 "г" сыныбында  жаратылыстану пәнінен "Жануарлар қайда тіршілік етеді" деген тақырыпта ашық сабақ өткізілді.  

"Батырлар жыры"

icon11-қазан күні 3-сыныптар апталығының негізінде мектебіміздің бастауыш сынып мұғалім Жаманкараева Балтөренің ұйымдастыруымен 3 "в" сыныбында  әдебиеттік оқу пәнінен "Батырлар жыры" деген тақырыпта ашық сабақ өткізілді.

Соңғы жаңалықтар

Күрделі жөндеу жұмыстары барысынан көріністер

Ақтау қалалық білім бөлімі «№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де «Жұмыспен қамтудың жол карта ...

22 шілде 2020
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Құрметті ата-аналар!!! Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz "электронды үкімет" портал ...

10 шілде 2020
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыр ...

10 шілде 2020
Ата-аналар назарына!

Медициналық анықтамаларды алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға байланысты азаматтарға білім ...

05 шілде 2020