"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өткізілді.

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей ,әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларға көмектесіп, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы. Елбасының бастамасымен қолға алынып, республика көлемінде өтетін жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жаңа оқу жылы қарсаңында «Жүректен жүрекке» ұранымен өтіп жатыр. 
Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және балаланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу. 

Осы мақсатта мектебімізде акция жалғасын тапты. 26 тамыз күні «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырылды. Мектеп ұжымы бірлесіп әлеуметтік көмекті қажет ететін 15 оқушыға оқушы сөмкесі, оқу құралдарымен және Ақтау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Садақбаев Мұхтар Қанғалиұлы бастаған топ өздерінің қарлығаш көмектерін көрсетуге келіп, мектебіміздің 8 оқушысына оқушы сөмкесі, оқу құралдарымен қамтамасыз еткен болса, сондай-ақ «КазНИПИ мұнайгаз» АҚ мекемесі 15 оқушымызға мектеп формасы, оқушы сөмекесі және оқу құралдарын алып беріп, демеушілік көрсетіп балаларымызды бір қуантып тастады. Осындай қайырымдылық жасаған «КазНИПИ мұнайгаз» директоры Иманбаев Бақыт Алтайұлына сондай – ақ Ақтау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Садақбаев Мұхтар Қанғалиұлына және мектеп ұжымына да алғысымыз шексіз. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. 





1-қыркүйек Білім күні мерекесі

icon«№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де «1-қыркүйек Білім күні мерекесіне арналған «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» атты салтанатты жиыны өткізілді. 

«Бастауыш сынып пәндері бойынша критериалды бағалау және оның түрлері» атты семинар

iconМектепішілік педагогикалық кеңес отырысында «Бастауыш сынып пәндері бойынша критериалды бағалау және оның түрлері» атты семинарда шығармашылық қабілетімен ерекшеленіп, практикалық жұмыстар жүргізіп, ашық сабақтар көрсеткені үшін мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері марапатталды. 

ҰБТ нәтижесі

icon«№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ 2017-2018 оқу жылында 67 оқушы 11-сыныпты аяқтады. Мектеп бітіруші түлектердің 64-і ҰБТ-ге қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.  

«Шағала» көркем гимнастика турнирі

iconАйдынбекқызы Раббия ІІ Халықаралық  «Шағала» көркем гимнастика турнирінен жүлделі І орынды алып, алтын медальмен марапатталды. Болашағынан үлкен үміт күттірер кішкентай жеңімпазымызды жүлдесімен құттықтаймыз.  

«Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық акциясы

icon01.08-30.09.2018ж күндері аралығында республикалық «Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық акциясы өткізілетінін хабарлаймыз. 

«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері

iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығы «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 15.02.2018 жылғы № 350 «2018 жылы Ақтау қаласында балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» қаулысын және Қалалық білім бөлімінің 14.05.2018 жылғы № 549 бұйрығы негізінде 29-шағынауданда №58 ғимаратта орналасқан «№28 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагері ашылды. 

Құрметті ата-ана!

iconСіздерге, ағымдағы жылдың 01.06-30.08 аралығындағы компьютерлік сауаттылыққа үйрету(ЭЦҚ кілтін алу, электронды порталдарды қолдану және т.б.) мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі (20-30 минут). Келіңіздер, үйреніңіздер! 

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны

iconМаңғыстау облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және  Ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғай комитетінің 16.05.2018 жылғы №4267 «Уаймсыз балалық шаққа жымиып қараңыз» ұранымен 2018 жылдың 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіледі. 

«Алтын қазына-2018» көрме-байқауы

icon«Алтын қазына» көрме-байқауының қалалық және облыстық кезеңдерінен Суюнғали Нұркен 1-орын иеленіп, байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. 

Волейболдан ұстаздар арасындағы қалалық ашық турнир

icon"Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ-нің ұйымдастыруымен өткізілген "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, Ақтау қаласының 55 жылдық мерейтойына орай волейболдан ұстаздар арасындағы қалалық ашық турнирінде "№28 жалпы білім беру орта мектебі" КММ командасы жүлделі 3-орынды иемденді. 

Соңғы жаңалықтар

Республикалық "Қадыр оқулары" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

Республикалық "Қадыр оқулары" байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлде ...

25 қаңтар 2020
Тоғызқұмалақтан жеңімпаз атанды.

Тоғызқұмалақтан әйелдер арасында ұйымдастырылған қалалық командалық жарыста мектебіміздің дене ...

23 қаңтар 2020
"Балалар болашағымыз" атты ата-аналар жиналысы өткізілді.

Қаңтар айының 18-і күні мектеп психологы Айтжанова Жарқынның ұйымдастыруымен "Балалар болашағымыз" ...

20 қаңтар 2020
Республикалық "Мұқағали оқулары" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

Республикалық "Мұқағали оқулары" байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің 10-оқушысы Киікбай Ерл ...

18 қаңтар 2020
Республикалық біріңғай "Адалдық сағаттары" өткізілді.

«№ 28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де 17-қаңтар күні Республикалық «Адалдық сағаттары» акцияс ...

17 қаңтар 2020