"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өткізілді.

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей ,әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларға көмектесіп, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы. Елбасының бастамасымен қолға алынып, республика көлемінде өтетін жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жаңа оқу жылы қарсаңында «Жүректен жүрекке» ұранымен өтіп жатыр. 
Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және балаланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу. 

Осы мақсатта мектебімізде акция жалғасын тапты. 26 тамыз күні «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырылды. Мектеп ұжымы бірлесіп әлеуметтік көмекті қажет ететін 15 оқушыға оқушы сөмкесі, оқу құралдарымен және Ақтау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Садақбаев Мұхтар Қанғалиұлы бастаған топ өздерінің қарлығаш көмектерін көрсетуге келіп, мектебіміздің 8 оқушысына оқушы сөмкесі, оқу құралдарымен қамтамасыз еткен болса, сондай-ақ «КазНИПИ мұнайгаз» АҚ мекемесі 15 оқушымызға мектеп формасы, оқушы сөмекесі және оқу құралдарын алып беріп, демеушілік көрсетіп балаларымызды бір қуантып тастады. Осындай қайырымдылық жасаған «КазНИПИ мұнайгаз» директоры Иманбаев Бақыт Алтайұлына сондай – ақ Ақтау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Садақбаев Мұхтар Қанғалиұлына және мектеп ұжымына да алғысымыз шексіз. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. 





Алтын қазына" көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының республикалық көрме байқауының

iconПавлодар қаласында өткен "Алтын қазына" көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының республикалық көрме байқауында мектебіміздің 7 "а" сынып оқушысы Бақытұлы Шерхан жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Жетекшісі мектебіміздің технология пәні мұғалімі Нұрбатырова Түзелге алғысымызды білдіреміз. Биіктерден көріне беріңіздер. 

Күзгі бал-2018

icon9- қазан күні мектебіміздің 9-шы сынып оқушыларының арасында күзгі бал мерекелік кеші өткізілді. Әрбір сыныптан ханзада мен ханшайым тағайындалып, жұп болып өз өнерлерін ортаға салды. Кешке қатысқан жұптар 5 сайыс бойынша бақтарын сынады. Атап айтсақ, таныстыру, пародия, фантазия (күзгі киім үлгісі), икебана,қас-қағым сәт (сұрақ-жауап). Қортындысы бойынша, ІІ орынды - 9 а және 9ә сыныптары, І орынды 9б сыныбы, бас жүлдені - 9 в сыныбының жұптары иеленді. Күз ханзадасы атағын - Бимырза Бексұлтан, күз ханшайымы атағын - Клаубаева Назгүл иеленді. Барлық қатысушыларды жүлделерімен құттықтаймыз. Қатысушыларды жоғары дәрежеде өнер көрсетуге дайындаған сынып жетекшілеріне, сынып оқушыларына және ата-аналарына алғыс білдіреміз. 

Республикалық көрме жеңімпазы атанды

iconМектебіміздің 5 "а" сынып оқушысы Молдағали Жұлдызай "Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз" өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығы республикалық көрмесінің "Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар" номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Жұлдызайды жүлдесімен құттықтаймыз!!! Биіктерден көріне бер! 

"Жас геолог-2018"

iconЖас геолог" байқауында мектебіміздің 9,10,11-сынып оқушыларынан құралған команда топ жарып, жүлделі І-орынды иеленді. Сайыс кезеңдерінде өздерінің мықтылықтарын танытып, алға ұмтылған мектебіміздің оқушылары облыстық кезеңге жолдаманы жеңіп алды. Жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз. Биіктерден көріне беріңіз! Алар асуларыңыз көп болсын! Оқушыларды дайындаған мектебіміздің география пәні мұғалімі Сисенова Жадыраға алғыс білдіреміз.   

"Маңғыстауым- мақтанышым"

icon6-шы сыныптар арасында туған өлкеміздің көрікті жерлерін, ақын-жазушыларын насихаттау мақсатында "Маңғыстауым - мақтанышым" атты сайыс өткізілді. Сайысқа қатысушы топтар бірнеше кезеңдер бойынша бақтарын сынады. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені 6а сыныбы, І орынды 6ә, ІІ орынды 6б,6г сыныптары, ІІІ орынды 6в сыныбы иеленді. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз.  

"Көңілді сөре"

iconОқушылардың күзгі демалыс күндерін қызықты әрі тиімді өткізу мақсатында 5-сыныптар арасында "Көңілді сөре" спорттық сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа қатысышы топтар сайысқа белсене қатысып сайыс соңында дипломдармен марапатталды. І орынды - 5 "Ә", 5 "Ғ", ІІ орында 5 "А", 5 "Д", ІІІ орынды 5 "Б", 5 "Г" сыныптары иеленді. Сайысқа қатысушыларды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз. 

Демалыс уақытындағы спорттық іс-шаралар

icon6-сынып оқушылары арасында күзгі демалыс күндерін қызықты әрі тиімді өткізу мақсатында спорттық сайыс, атап айтсақ, волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Сынып оқушылары бірнеше топқа бөлініп, мықты ойын көрсетті. Жалпы ойын, жартылай финал, финалға шыққан командалар арасынан үздік деп танылған командалар марапатталды. І орында 6 "В" сынып командасы, ІІ орынды 6 "Г", ІІІ орынды 6 "А", 6 "Ә" және ынталандыру қағазымен 6 "Ғ" сыныбы марапатталды. Ұйымдастырушы дене пәні мұғалімдеріне және қатысушы командаларға алғыс білдіреміз. 

Күзгі демалыс уақытында оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізу шаралары

iconКүзгі демалыс уақытында оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында, мектеп оқушыларының арасында ұлттық ойын түрі тоғызқұмалақтан сайыс өткізілді. Сайысқа мектеп оқушылары белсене қатысып, І орынды - Темірлан Көшкінбай, ІІ орынды - Абай Малика, ІІІ орынды - Сәттіғұл Мирас иеленді. Сайыс ұйымдастырушылары дене пәні мұғалімдері Атакузиева Насиба мен Жайлаубаева Зәмзәгүлге алғыс білдіреміз. 

"Ақтауым-ару, әз мекен"

iconМектебіміздің 8-ші сыныптары арасында оқушылардың туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында "Ақтауым-ару, әз мекен"  атты сайыс өткізілді. Сайыс таныстыру, "Туған жер" жоба қорғау, өз өнерлері, "Ақтауым-ару, әз мекен" макет дайындау сынды кезеңдерден құралды. Сайыс қорытындысы  бойынша  8 "г " сыныбы бас жүлде, 8 "ә" сыныбы 1орын, 8 "а", "б" сыныптары- 2-орын, 8"в" сыныбы-3 орынды иеленді. Сайыс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз. Оқушыларды сайысқа дайындаған сынып жетекшілері Байболатова Жұлдыз, Жоламанова Гүлниса, Сарсенова Жадыра, Ноғаева Ұлжан, Айтбагамбетова Нурияға алғыс білдіреміз. 

Халықаралық "Пони" байқауының жүлдегерлері атанды

iconМектебіміздің бастауыш сынып оқушылары Халықаралық "Пони" (Пайымда! Ойла! Нәтижеле! Игер!) байқауының жүлдегерлері атанып, арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды. Оқушыларды дайындаған жетекшілері, бастауыш сынып мұғалімдері Утеева Бибігүл, Жаманқараева Балтөре, Қиялбаева Гүлшат, Құдайбердиева Айнұр, Жунисалиева Заринаға алғыс білдіреміз. Дарынды шәкірттеріңіз көп болсын! 

Соңғы жаңалықтар

Республикалық "Қадыр оқулары" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

Республикалық "Қадыр оқулары" байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлде ...

25 қаңтар 2020
Тоғызқұмалақтан жеңімпаз атанды.

Тоғызқұмалақтан әйелдер арасында ұйымдастырылған қалалық командалық жарыста мектебіміздің дене ...

23 қаңтар 2020
"Балалар болашағымыз" атты ата-аналар жиналысы өткізілді.

Қаңтар айының 18-і күні мектеп психологы Айтжанова Жарқынның ұйымдастыруымен "Балалар болашағымыз" ...

20 қаңтар 2020
Республикалық "Мұқағали оқулары" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

Республикалық "Мұқағали оқулары" байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің 10-оқушысы Киікбай Ерл ...

18 қаңтар 2020
Республикалық біріңғай "Адалдық сағаттары" өткізілді.

«№ 28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де 17-қаңтар күні Республикалық «Адалдық сағаттары» акцияс ...

17 қаңтар 2020