"Адалдық сағаты" өткізілді.

Өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мемлекет пен қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып табылады. Осы мақсатта мектебімізде ҚР Мемлекеттік істер жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Абишева Зульфия Орынбайқызы "Адалдық сағатын" өткізді. Оқушыларға түсінік жұмыстары жүргізіліп, бейнероликтер көрсетіліп, пікір алмасулар болып, шара өз деңгейінде өтті. 





"Жас геолог-2018"

iconЖас геолог" байқауында мектебіміздің 9,10,11-сынып оқушыларынан құралған команда топ жарып, жүлделі І-орынды иеленді. Сайыс кезеңдерінде өздерінің мықтылықтарын танытып, алға ұмтылған мектебіміздің оқушылары облыстық кезеңге жолдаманы жеңіп алды. Жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз. Биіктерден көріне беріңіз! Алар асуларыңыз көп болсын! Оқушыларды дайындаған мектебіміздің география пәні мұғалімі Сисенова Жадыраға алғыс білдіреміз.   

"Маңғыстауым- мақтанышым"

icon6-шы сыныптар арасында туған өлкеміздің көрікті жерлерін, ақын-жазушыларын насихаттау мақсатында "Маңғыстауым - мақтанышым" атты сайыс өткізілді. Сайысқа қатысушы топтар бірнеше кезеңдер бойынша бақтарын сынады. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені 6а сыныбы, І орынды 6ә, ІІ орынды 6б,6г сыныптары, ІІІ орынды 6в сыныбы иеленді. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз.  

"Көңілді сөре"

iconОқушылардың күзгі демалыс күндерін қызықты әрі тиімді өткізу мақсатында 5-сыныптар арасында "Көңілді сөре" спорттық сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа қатысышы топтар сайысқа белсене қатысып сайыс соңында дипломдармен марапатталды. І орынды - 5 "Ә", 5 "Ғ", ІІ орында 5 "А", 5 "Д", ІІІ орынды 5 "Б", 5 "Г" сыныптары иеленді. Сайысқа қатысушыларды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз. 

Демалыс уақытындағы спорттық іс-шаралар

icon6-сынып оқушылары арасында күзгі демалыс күндерін қызықты әрі тиімді өткізу мақсатында спорттық сайыс, атап айтсақ, волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Сынып оқушылары бірнеше топқа бөлініп, мықты ойын көрсетті. Жалпы ойын, жартылай финал, финалға шыққан командалар арасынан үздік деп танылған командалар марапатталды. І орында 6 "В" сынып командасы, ІІ орынды 6 "Г", ІІІ орынды 6 "А", 6 "Ә" және ынталандыру қағазымен 6 "Ғ" сыныбы марапатталды. Ұйымдастырушы дене пәні мұғалімдеріне және қатысушы командаларға алғыс білдіреміз. 

Күзгі демалыс уақытында оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізу шаралары

iconКүзгі демалыс уақытында оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында, мектеп оқушыларының арасында ұлттық ойын түрі тоғызқұмалақтан сайыс өткізілді. Сайысқа мектеп оқушылары белсене қатысып, І орынды - Темірлан Көшкінбай, ІІ орынды - Абай Малика, ІІІ орынды - Сәттіғұл Мирас иеленді. Сайыс ұйымдастырушылары дене пәні мұғалімдері Атакузиева Насиба мен Жайлаубаева Зәмзәгүлге алғыс білдіреміз. 

"Ақтауым-ару, әз мекен"

iconМектебіміздің 8-ші сыныптары арасында оқушылардың туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында "Ақтауым-ару, әз мекен"  атты сайыс өткізілді. Сайыс таныстыру, "Туған жер" жоба қорғау, өз өнерлері, "Ақтауым-ару, әз мекен" макет дайындау сынды кезеңдерден құралды. Сайыс қорытындысы  бойынша  8 "г " сыныбы бас жүлде, 8 "ә" сыныбы 1орын, 8 "а", "б" сыныптары- 2-орын, 8"в" сыныбы-3 орынды иеленді. Сайыс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз. Оқушыларды сайысқа дайындаған сынып жетекшілері Байболатова Жұлдыз, Жоламанова Гүлниса, Сарсенова Жадыра, Ноғаева Ұлжан, Айтбагамбетова Нурияға алғыс білдіреміз. 

Халықаралық "Пони" байқауының жүлдегерлері атанды

iconМектебіміздің бастауыш сынып оқушылары Халықаралық "Пони" (Пайымда! Ойла! Нәтижеле! Игер!) байқауының жүлдегерлері атанып, арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды. Оқушыларды дайындаған жетекшілері, бастауыш сынып мұғалімдері Утеева Бибігүл, Жаманқараева Балтөре, Қиялбаева Гүлшат, Құдайбердиева Айнұр, Жунисалиева Заринаға алғыс білдіреміз. Дарынды шәкірттеріңіз көп болсын! 

" Күз ханшайымы - 2018"

iconБастауыш сынып оқушыларының арасында "Күз ханшайымы-2018" байқауы ұйымдастырылды. Байқауға қатысушы қыздар  өзін-өзі таныстыру, сән үлгісін көрсету, күзгі көкөніс түрлерінен тағам дайындау, өз өнерін көрсету сынды кезеңдер арқылы сайысқа түсті. Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі орындар, номинациялар беріліп, "Күз ханшайымы-2018" аруы анықталып, дипломдармен марапатталды. 

" Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі жас маманның атқаратын рөлі"

icon"Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі жас маманның атқаратын рөлі" тақырыбында мектеп жас мамандарына арналған семинар өткізілді. Семинар барысынды психологиялық тренингтер, ойындар, сауалнамалар толтырылып, қызықты танысулар ұйымдастырылды. Мектеп жас мамандары семинарға белсене ат салысып, тренинг соңында кері байланыс жасау арқылы стикерлерге бүгінгі семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын жеткізді. 

Қалалық тоғызқұмалақ сайысының жеңімпазы

iconҰстаздар күні мерекесіне орай, Актау қаласының жалпы білім беру орта мектептерінің арасында тоғызқұмалақтан қалалық мұғалімдер спартакиядасы өткізіліп, мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Атакузиева Насиба жүлделі екінші орын иегері атанды. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!  

Соңғы жаңалықтар

Күрделі жөндеу жұмыстары барысынан көріністер

Ақтау қалалық білім бөлімі «№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де «Жұмыспен қамтудың жол карта ...

22 шілде 2020
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Құрметті ата-аналар!!! Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz "электронды үкімет" портал ...

10 шілде 2020
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыр ...

10 шілде 2020
Ата-аналар назарына!

Медициналық анықтамаларды алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға байланысты азаматтарға білім ...

05 шілде 2020