"Адалдық сағаты" өткізілді.

Өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мемлекет пен қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып табылады. Осы мақсатта мектебімізде ҚР Мемлекеттік істер жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Абишева Зульфия Орынбайқызы "Адалдық сағатын" өткізді. Оқушыларға түсінік жұмыстары жүргізіліп, бейнероликтер көрсетіліп, пікір алмасулар болып, шара өз деңгейінде өтті. 





Қалалық "Әбіш оқулары" байқауының жеңімпаздары атанды

iconАқтау қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес қалалық "Әбіш оқулары" байқауы өткізіліп, мектебімізден "Әбіш Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым" бағыты бойынша 9-10 сынып оқушыларынан құралған топ жүлделі ІІ орынды, "Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу" бағыты бойынша Аманкулов Саясат І орынды, "Әбіш Кеілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу" бағыты бойынша 10 сынып оқушысы Русланова Айгерім І орынды иемденді. Оқушыларды сайысқа дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Уразова Ұлдай, Изтурганова Айнагүл, Ұзақбаева Гүлсімге және сызу пәні мұғалімі Жанбыршиева Рыстыға алғыс білдіреміз! Дарынды шәкірттеріңіз көп болсын! Облыстық сайысқа жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз! 

"Отбасы-алтын діңгек"

iconҚараша айының 24-ші жұлдызында мектебімізде ата-ана мен баланың, ата-ана мен мектептің арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түсу мақсатында "Отбасы-алтын діңгек" атты 5-сынып оқушылары мен ата-аналарының арасында сайыс өткізілді. Сайыс барысында әр сыныптан бір оқушы ата-анасымен топ құрап сайысқа түсті. 

Қалалық волейбол жарысынан жеңімпаз атанған мұғалімдер

iconАқтау қаласының жалпы білім беру орта мектептерінің арасында волейбол жарысынан  қалалық мұғалімдер спартакиадасында мектебіміздің ұстаздарынан құралған командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Команда мүшелері Айтжанова Гүлмира, Жанбыршиева Рысты, Шораева Раушан, Тайшиева Жанат, Бисенбекова Сырға, Давлетбаева Қаламқас,  Аргынбаева Аяжан.  Әріптестерімізді жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз.   

Қол күресінен қалалық мұғалімдер спартакиадасының жеңімпаздары атанды

iconАқтау қаласының жалпы білім беру орта мектептерінің арасында қол күресінен қалалық мұғалімдер спартакиадасында мектебіміздің ұстаздарынан құралған командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Команда мүшелері Айтжанова Гүлмира, Аргынбаева Аяжан, Мересей Есбол, Жолдасқалиев Мұрат, Аймагамбетов Берик. Әріптестерімізді жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз. 

Қалалық үстел теннисінен жүлделі оралды

iconАқтау қаласының жалпы білім беру орта мектептерінің арасында устел тенниснен  қалалық мұғалімдер спартакиадасында мектебіміздің ұстаздарынан құралған командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Команда мүшелері Жумалиев Срым, Аймагамбетова Берик, Аргынбаева Аяжан.  Әріптестерімізді жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз.  

"Жаратылыс ғажайыптары"

iconМектебімізде қарашаның 3-ші оқу аптасында "Химия, биология" пәндері бірлестігінің "Жаратылыс ғажайыптары" атты оқу апталығы өткізіліп жатыр. Апталық барысында, химия және биология пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ашылу салтанаты, пән мұғалімдерінің жаңартылған форматтағы ашық сабақтары, сыныптан тыс сабақтар өткізіліп жатыр. 

Облыстық сурет байқауының жеңімпазы атанды

iconҚарашаның 16-жұлдызында Облыстық өлкетану мұражайында "Адал ұрпақ" Маңғыстау облысының ерікті мектеп клубтары оқушыларының слетінде облыс бойынша , "Парасыз болашақ" атты жемқорлыққа қарсы күрес сурет байқауына мектебіміздің 5 "ғ" сынып оқушысы Кийкбай Ақтәжі Кийкбайқызы қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Ақтәжіні ҚР Мемлекеттік қызмет істерінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Маңғыстау облысының департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Жанназарова Нұргүл Алмасқызы құттықтап алғысын білдірді. Ақтәжіні жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Алар асуларың көп болсын! Биіктерден көріне бер! 

Жалпыхалықтық диктант өткізілді

iconМақсаты: латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу. Міндеттері: Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, латыннегізді қазақ тілі әліпбиін меңгеру, тілді меңгеруге деген қызығушылықты арттыру.   

Алтын қазына" көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының республикалық көрме байқауының

iconПавлодар қаласында өткен "Алтын қазына" көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының республикалық көрме байқауында мектебіміздің 7 "а" сынып оқушысы Бақытұлы Шерхан жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Жетекшісі мектебіміздің технология пәні мұғалімі Нұрбатырова Түзелге алғысымызды білдіреміз. Биіктерден көріне беріңіздер. 

Күзгі бал-2018

icon9- қазан күні мектебіміздің 9-шы сынып оқушыларының арасында күзгі бал мерекелік кеші өткізілді. Әрбір сыныптан ханзада мен ханшайым тағайындалып, жұп болып өз өнерлерін ортаға салды. Кешке қатысқан жұптар 5 сайыс бойынша бақтарын сынады. Атап айтсақ, таныстыру, пародия, фантазия (күзгі киім үлгісі), икебана,қас-қағым сәт (сұрақ-жауап). Қортындысы бойынша, ІІ орынды - 9 а және 9ә сыныптары, І орынды 9б сыныбы, бас жүлдені - 9 в сыныбының жұптары иеленді. Күз ханзадасы атағын - Бимырза Бексұлтан, күз ханшайымы атағын - Клаубаева Назгүл иеленді. Барлық қатысушыларды жүлделерімен құттықтаймыз. Қатысушыларды жоғары дәрежеде өнер көрсетуге дайындаған сынып жетекшілеріне, сынып оқушыларына және ата-аналарына алғыс білдіреміз. 

Соңғы жаңалықтар

23-қараша – Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күні атап өтілді.

23-қараша – Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күніне орай мектебімізде білім алушылар, педагогтар және ...

25 қараша 2019
«Абай –дана, Абай- дара қазақта»

Қараша айының 15-інші жұлдызында 3 сыныптар арасында қазақтың ұлы ақыны,сазгер,аудармашы Абай Құнан ...

20 қараша 2019
«Туған жер киесі, дархан дарын иесі» сайысы өткізілді.

«№28 жалпы білі беру орта мектебі» КММ-де 15 қараша күні заңғар жазушы Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығына ...

19 қараша 2019
"RIFMO-2019" IT-форумы өткізілді.

Жуырда Ақтау қаласында кең көлемді "RIFMO-2019" IT-форумы өткізілген болатын. IT-апталығы негізінде өткіз ...

18 қараша 2019
ІІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" өнер мен білім байқауында мектебіміздің оқушылары өнер көрсетті

Бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған ІІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" өн ...

17 қараша 2019