"Адалдық сағаттары" ұйымдастырылды

6-қараша күні мектебімізде біріңғай жалпы-республикалық "Адалдық сағаттары" өткізілді. Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдиенетін қалыптастыру. Барлық сыныптарда "Адалдық сағаттары" ұйымдастырылып, арнайы қонақтар шақыртылды. 11 "Б" сыныбындағы ұйымдастырылған шараға Қамқоршылық кеңес мүшесі Ешманов Кийкбай Жақыпұлы қатысып, өз пікірін білдіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Тәрбиелік маңызы зор іс-шаралардың бірі болып жоғары деңгейде өткізілді.





Амал келді, жыл келді!

icon14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті - пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. 

"Көктем аруы-2019" анықталды.

iconМектебімізде 5-наурыз күні 9-10 сынып оқушыларының арасында "Көктем аруы-2019" байқауы өткізілді. Байқауға барлығы 8 қатысушы қатысты. Арулар 5 кезең бойынша сайысқа түсті: І тур- Таныстыру, ІІ тур - Шебер қолдар, ІІІ тур - Өз өнері, IV тур- Сұрақ-жауап, V тур- "Жас аспаз". Қатысушы қыздардың дйындығы өте жоғары болды. Байқау қорытындысы бойынша 9 "А" сынып оқушысы - Парахатова Шұғыла "Бас жүлде", 10 "Б" сынып оқушысы - Байдықылышова Гүлден - І орын, 10 "Ә" сынып оқушысы - Демисинова Айгерім - ІІ орын, 9 "Ә" сынып оқушысы Айтқалиқызы Жанеркем - ІІ орын, 10 "В" сынып оқушысы Мұратова Адина- ІІІ орын, 9 "Б" сынып оқушысы - Абдимурат Аяулым - ІІІ орын, ынталандырумен 10 "А" сынып оқушысы - Нұргүл және 9 "В" сынып оқушысы Клаубаева Назгүл марапатталды. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!  

8-наурыз мерекесімен құттықтау

iconЖақсылықтың нышанындай,жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін, имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі, той атаулының қызығы мен берекесі – 8 НАУРЫЗ келді ортамызға! 

Алғыс айту күні - шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі.

iconОсы орайда мектебімізде көктемнің алғышқы күні Алғыс айту күні аталып өтті. Мақсаты: білім алушыларға «1 наурыз- Алғыс айту күні» мерекесінің мәні туралы түсінік беру және ризашылық пен алғыс,сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту,әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Мектеп оқушылары осы күнге арнайы ұйымдастырылған іс-шараларға белсене ат салысты. Атап айтсақ, 5,6,7- сынып оқушылары өздерінің алғыстарын қабырға газеттерін дайындау арқылы, 9-10 сынып оқушылары мерекеге орай бейнероликтер дайындау арқылы алғыстарын білдірды. Сондай-ақ арнайы мерекелік концерт өткізілді. Концерт барысында мың бұралған бишілердің билері, күміс көмей әнші оқушыларды әндері тыңдалып, құттықтаулар мен алғыстар айтылды. Кеш соңында мектептің атын асқақтатып жүрген, үлгілі, білімді, белсенді, қалалық, облыстық, республикалық сайыс жеңімпаздары атанып жүрген оқушылардың ата-аналарына алғыс хаттары табысталды. 

Республикалық "Фариза, Фаризажан, Фариза қыз" атты Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерден БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР байқауында мектеп мәртебесі асқақтады.

iconДарынды, талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Ақпан айының 22-23 аралығында Атырау қаласында өткен республикалық "Фариза, Фаризажан, Фариза қыз" атты Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерден БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, мектебіміздің мәртебесін асқақтатып жүлделі орындармен оралды. Атап айтсақ, "Көркем сөз" номинациясы бойынша 6-сынып оқушысы" Абайқызы Махаббат - Бас жүлде", 11-сынып оқушысы Амантаев Мереке - Бас жүлде, 7-сынып оқушысы Саламатова Ақмаржан - Бас жүлде, 8 -сынып оқушысы Тілеген Орақ - Бас жүлде, 10-сынып оқушысы Көмек Аида - І орын, 7-сынып оқушысы Жұмабай Ерлік - І орын, 7-сынып оқушысы Нұржауқызы Тоғжан - І орын иегері атанды. "Эстрадалық вокал" номинациясы бойынша 5-сынып оқушысы Бектасқызы Лидия - І орын, 5-сынып оқушысы Нұржан Салтанат-ІІІ орын, 6-сынып оқушысы Нұртуғанқызы Әмина - ІІІ орын, "Бейнелеу өнері" номинациясы бойынша - 8 сынып оқушысы Сұлтанбеков Нұрлан - Бас жүлде, "Ақындық өнер" номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Бектұрсын Дана - І орын иегері атанды. Жеңімпаз шәкірттерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оқушыларды осындай жетістіктерге жетулеріне өз үлестерін қосқан жетекшілеріне, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Нұрлыбаева Айсұлу Нұрлыбайқызына, Изтурганова Айнагүл Жолдасовнаға, Рахимова Ғазизаға, музыка пәні мұғалімі Мендигалиева Гүлмираға, сызу пәні мұғалімі Жанбыршиева Рыстыға алғысымызды білдіреміз және де талантты шәкірттерінің жеңістерімен құттықтаймыз. Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз!  

"Integrity shop" атты адалдық дүкені ашылды

icon22-ақпан күні мектебімізде "Integrity shop" атты адалдық дүкені ашылды. Мақсаты: мектеп оқушыларының бойында адалдық, шыншылдық қасиеттерді сіңіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту. 

Қалалық "Тілші мұғалімдер-2019" байқауының жеңімпаздары анықталды.

iconАқтау қалалық білім бөлімінің және білімді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген қалалық "Тілші мұғалімдер-2019" байқауына мектебіміздің мұғалімдері, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Жоламанова Гүлниса - ІІ орын, ағылшын пәні мұғалімі - Нұрғабылова Гүлдәрі - ІІІ орын, орыс тілі пәні мұғалімі Ырысқалиева Мөлдір - IV орын иегері атанды. Әріптестерімізді жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз! 

Республикалық "Мәшһүр-Жүсіп оқулары" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

iconҚалалық білім бөлімінің және білімді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған қазақтың ұлы ойшылдарының бірі, ақын, философ, тарихшы Мәшһүр- Жүсіп Көпейұлының шығармалары арқылы өскелең ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу мақсатында республикалық "Мәшһүр-Жүсіп оқулары" байқауының қалалық кезеңінде мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарды иемденді. Атап айтсақ, "Білімді зерек адам болам! - десең, - Қара өзіңді басқаның айнасымен" бағыты бойынша 9 "Ә" сынып оқушысы Кийкбай Ерлан ІІІ орын, "Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген" бағыты бойынша 10 "Ә" сынып оқушысы Бектұрсын Дана ІІ орын иегері атанды. Жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Бағындырар биіктерің көп болсын! Жетекшісі мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Изтурганова Айнагулге алғысымызды білдіреміз. Дарынды да талантты шәкірттеріңізді тәрбиелеудегі қажырлы еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіз! 

Қалалық «Математикалық регата-2019» олимпиадасында топ жарды.

iconАқтау қалалық білім бөлімінің 31.01.2019ж. №14 бұйрығы негізінде 2019 жылдың 14 ақпаны күні өткізілген математика пәні мұғалімдерінің қалалық «Математикалық регата-2019» олимпиадасында мектебіміздің математика пәні мұғалімдерінен құралған команда жүлделі ІІІ орынды иеленді. "Квадрат" командасының құрамы мектептің математика пәні мұғалімдері Есиркепова Алмагул, Шораева Раушан, Джубанова Венера, Бисенбекова Сырғаны жеңістерімен құттықтаймыз! Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі қажырлы еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер! 

Қазақстан Республикасының чемпионатында І орын иегері атанды

iconМектебіміздің 11-сынып оқушысы Толегенов Даурен ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ ұйымдастыруымен өткізілген самбо күресінен 2001-2002 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында І орынды иеленді. Дәуренді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Бағындырар биіктерің көп болсын! 

Соңғы жаңалықтар

2020-2021 оқу жылы бойынша оқу процессіне байланысты мектеп директорының мәлімдемесі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы "13" тамыздағы №345 бұйрығына 1-қосымша. ...

13 қыркүйек 2020
"Тілім менің - тірлігімнің айғағы"

Еліміздегі тілдер мерекесінің күні өзгеруінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына ...

05 қыркүйек 2020
Білімнің негізі - бастауыш

2020-2021 жылдың басталуы 1 сыныптардың кезекші сыныптардың ашылуымен 2-11 сыныптардың қашықтықтан оқуы ...

01 қыркүйек 2020
Жақсылық жасауға асығайық!

Жаңа оқу жылы қарсаңында мектебімізде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына қолдау к ...

19 тамыз 2020
15 маусым - аты аңызға айналған қазақ сазгері, Қазақстанның қазіргі әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.

Қазақтың кең байтақ даласын тербеген Шәмші әндерін білмейтін қазақ бүгінде кемде-кем. Оның 300-ден а ...

15 тамыз 2020