"Адалдық сағаттары" ұйымдастырылды

6-қараша күні мектебімізде біріңғай жалпы-республикалық "Адалдық сағаттары" өткізілді. Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдиенетін қалыптастыру. Барлық сыныптарда "Адалдық сағаттары" ұйымдастырылып, арнайы қонақтар шақыртылды. 11 "Б" сыныбындағы ұйымдастырылған шараға Қамқоршылық кеңес мүшесі Ешманов Кийкбай Жақыпұлы қатысып, өз пікірін білдіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Тәрбиелік маңызы зор іс-шаралардың бірі болып жоғары деңгейде өткізілді.





«Қазақстан- достықтың киелі бесігі»

iconМектебімізде 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Қазақстан- достықтың киелі бесігі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға ықпал ету. Сыйластық, татулық, бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу. 

"Жұлдыз болғың келсе" атты Республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер байқауында топ жарды.

icon28 ақпан күні Нұр-сұлтан қаласында өткізілген "Жұлдыз болғың келсе" атты Республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер байқауында "Көркем сөз" номинациясы бойынша мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарды иеленді, атап айтсақ, 10 "Б" сынып оқушылары Көмек Аида - Бас жүлде, Мамутжанова Гүлназ, Байдықылышова Гүлден, Наурызова Жансая, Кийкбай Нұрниет - І орын, Ботабай Бекнұр - ІІ орын, Бердигулов Жадырасын, Сарыев Нұржан - ІІІ орын, 11-сынып оқушылары Зинуров Бекжан, Бақтыбаев Дінмұххаммед -І орын, 8 "Б" сынып оқушысы Түйебай Шыңғысхан -ІІІ орын иегері атанды. Сондай-ақ "Сахналық қойылым" номинациясы бойынша мектеп оқушыларынан құралған "Шындық" тобы "Бас жүлдені" жеңіп алды. Қазылар алқасының төрайымы ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері, продюсер, ұстаз, әнші Майра Ильясова жеңімпаз оқушыларға дипломдар мен төсбелгілерді өз қолымен табыстап, алғысын білдіріп, жеңістерімен құттықтады. 

"URKER" Халықаралық өнер мен білім байқауында ЛАУРЕАТ атанды.

iconЖеңісті күндер көп болсын!Сәуір айының 21-жұлдызында Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған "URKER" Халықаралық өнер мен білім байқауында "Эстрадалық вокал" бөлімі бойынша мектебіміздің оқушысы Қадір Маржан ЛАУРЕАТ атанып, Алтын жүлде І дәрежелі дипломмен және төс белгімен марапатталды. Талантты шәкіртімізді жеткен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Сондай-ақ өнер мен білім байқауының өтуіне зор үлес қосып, шәкірттері жоғары нәтиже көрсеткені үшін жетекшісі Мендигулова Гулмира "Үздік жетекші" номинациясымен марапатталды. 

"Jas kasipker-2019" республикалық стартап жобалары байқауының жеңімпаздары атанды.

iconYessenov University-де Жастар жылы аясында ұйымдастырылған "Jas kasipker-2019" республикалық стартап жобалары байқауында мектебіміздің 11-сынып оқушылары Петропавлский Глеб "Smart blind" жобасымен І орын, Нышанбай Әсел "Рухани жаңғыру" жобасымен ІІ орын иеленіп, университетте тегін оқуға грант жеңіп алды. Мектеп бітіруші түлектерімізді жеңістерімен құттықтаймыз. Биіктерден көріне беріңдер! 

"Caspian- Start Up 2019" облыстық стартаптар байқауында сертификат иеленді.

icon"Ақтау қаласындағы химия биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің" ұйымдастыруымен өткен "Caspian- Start Up 2019" облыстық стартаптар байқауына мектебіміздің 8-сынып оқушысы Қуанғали Нұрболат "Салауатты өмір салты" жобасымен қатысып, қабілеті және белсенділігімен көзге түсіп, арнайы сертификатпен марапатталды. Нұрболат өзінің ерекше қабілетімен, дарындылығымен көзге түсіп жүрген оқушыларымыздың бірі. Бұған дейін де бірнеше облыстық сайыстарда топ жарып, жүлделі орындарды қанжығасына байлап жүр. Ақпараттық комуникациялық технологияларды жетік меңгерген, жан-жақты, болашағынан үлкен үміт күттіретін шәкіртіміз Нұрболатқа сәттілік тілейміз. Біз саған сенеміз! Біз сенімен мақтанамыз! Бағындырар биіктерің, алар асуларын көп болсын. 

YESSENOV FEST - 2019" І Республикалық студенттік шығармашылық фестивалінен жүлдемен оралды.

icon "YESSENOV FEST - 2019" І Республикалық студенттік шығармашылық фестивалі аясында өткізілген "Өнер" байқауында мектебіміздің 11-сынып оқушысы Құсымова Аружан ІІІ дәрежелі дипломмен, 10-сынып оқушылары Дәурен Алғыт, Демисинова Айгерім арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Оқушыларды дайындап, осындай байқауға қатыстырған жетекшісі мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Мендигалиева Гүлмираға алғысымызды білдіреміз. Тек жеңіс жолымен жүйіткіп келе жатқан шәкірттерімізден алдағы уақытта зор үміт күтеміз. Ендеше жеңістерімен айналасындағыларды қуантып, шаттыққа бөлеп жүрген жастарымыздың бағындырар белестері мен алатын асулары молынан болсын дейміз.

Республикалық "Далы сазы" байқауында мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарды иемденді.

icon20-сәуір күні "Бақытты елдің ұрпағы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Республикалық "Далы сазы" байқауында мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарды иемденді. Атап айтсақ, "Сахналық қойылым" номинациясы бойынша 10-11сынып оқушыларынан құралған "Шындық" командасы І орынды иеленіп, Алматы қаласында өтетін байқауға жолдама алды. Команда құрамында 10 "Б" сынып оқушылары Байдықылышова Гүлден, Кийкбай Нұрниет, Бердигулов Жадырасын, Сарыев Нұржан, Наурызова Жансая, Ботабай Бекнур, Көмек Аида, Мамутжанова Гүлназ және 11"Ә" сынып оқушысы Зинуров Бекжан өнер көрсетті. "Көркем сөз" номинациясы бойынша 7 "А" сынып оқушылары Сауірбекова Сания ІІ орын, Суесін Алихан ІІІ орын, Өтетілеу Нұрай ынталандырумен марапатталды. Оқушыларды осындай дәрежеде өнер көрсетулеріне дайындаған мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрлыбаева Айсұлу Нұрлыбайқызына алғысымызды білдіреміз. Оқушыларды жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз! Биіктерден көріне беріңдер! 

"Мұғалімдер мен оқушылар өрт болған жағдайдағы іс-қимылы" тақырыбында оқу жаттығу іс-шаралары өткізілді.

iconАзаматтық қорғаныс жылдық жоспарына сәйкес 2018-2019 оқу жылында 17-сәуір күні мектебімізде "Мұғалімдер мен оқушылар өрт болған жағдайдағы іс-қимылы" тақырыбында оқу жаттығу іс-шаралары өткізілді. Жалпы мектепішілік жаттығу шарасына бүкіл мұғалімдер мен оқушылар, кіші қызметкерлер, әкімшілік құрамы қатыстырылды. Төтенше жағдайларға байланысты іс-шараларын жүзеге асыру үшін арнайым құрамда штаб мүшелері құрылып, бірлескен түрде қызмет атқарды. Азаматтық қорғаныстың топ құрамында, байланыс құрамы, РХББ посты (радиациялық, химиялық, биологиялық бақылау), құтқару тобы, өрт сөндіру тобы, алғашқы медициналық көмек көрсету топтары болды. Сондай-ақ барлық сыныптарда ТЖ (өтрке қарсы) жөнінде ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер мен жаттығулар ұйымдастырылды. Мектеп ғимаратының әр қабатында ТЖ-ға (өртке қарсы) сәйкес сыртқа алып шығу жоспары жасақталып ілінді. 

«Дұрыс тамақтану-үздік білім алудың жолы!» атты ұлттық бағдарлама жоспарға сай өткізілді.

iconМақсаты: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен күшейту бойынша аса өзекті мәселелердің бірі, сандық және сапалық жағынан да олардың толық қанды тамақтануын қамтамасыз ету болып табылады. Барлық сыныптарда дұрыс тамақтану жөнінде мәлімет беру мақсатында сынып сағаттары мен дәрістер жүргізілді. Атап айтсақ, 1-4 сыныптарда "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі", 5,6-сыныптарда "Тұздың пайдасы мен зияны", "Оқушыларды гигиенасы", 7-8-сыныптарда "Газдалған және қуатты сусындар", "Мектеп тағамындағы трансмайлардың пайдасы мен зияны", 9-11-сыныптарда "Шылымқорлықтың алдын-алу", "Ішімдікті (сыраны) тұтыну" тақырыптарында сынып сағаттары жүргізілді. 

Азамат азаматтығын дәлелдеді!

iconЖуырда өткен жастар арасындағы панкратионнан Қазақстан Республикасының чемпионатында 75кг салмақ дәрежесі бойынша мектебіміздің 9 "Б" сынып оқушысы Ізмағамбетов Азамат І -орынды қанжығасына байлады. Азаматты кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Мықтылығын ел біріншілігінде дәлелдеген жас шәкіртіміздің келешекте қазақтың көк байрағын көкке көтеретін халықаралық жарыстарда жеіңске жетуіне тілектеспіз.  

Соңғы жаңалықтар

2020-2021 оқу жылы бойынша оқу процессіне байланысты мектеп директорының мәлімдемесі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы "13" тамыздағы №345 бұйрығына 1-қосымша. ...

13 қыркүйек 2020
"Тілім менің - тірлігімнің айғағы"

Еліміздегі тілдер мерекесінің күні өзгеруінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына ...

05 қыркүйек 2020
Білімнің негізі - бастауыш

2020-2021 жылдың басталуы 1 сыныптардың кезекші сыныптардың ашылуымен 2-11 сыныптардың қашықтықтан оқуы ...

01 қыркүйек 2020
Жақсылық жасауға асығайық!

Жаңа оқу жылы қарсаңында мектебімізде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына қолдау к ...

19 тамыз 2020
15 маусым - аты аңызға айналған қазақ сазгері, Қазақстанның қазіргі әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.

Қазақтың кең байтақ даласын тербеген Шәмші әндерін білмейтін қазақ бүгінде кемде-кем. Оның 300-ден а ...

15 тамыз 2020