"Адалдық апта"

Ақтау қалалық білім бөлімі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен "Адалдық апта" аясында мектебімізде 14-мамыр күні арнайы шара өткізілді. Шараға «Маңғыстау адалдық алаңы» жобасы кеңсесінің жетекшісі, Маңғыстау облысының қоғамдық кеңес мүшесі Ешманов Кийкбай Жақыпұлы және мектеп ұстаздары қатысты.Жиын барысында мектеп директоры Жаңыл Балмуканбетқызы "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының жасап жатырған және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстарымен таныстырып өтті. Сұрақтарға жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, пікір алмасып, кең көлемді шара өтті.Осы апталық аясында арнайы жұмыс жоспары дайындалып, іс-шаралар ұйымдастырылуы керектігі баяндалды. Соның бірі оқушыларға, жасөспірімдер арасында болатын әкімшілік құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу мақсатында, сондай-ақ оқушыларға рухани адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру мақсатында сынып сағаттарын ұйымдастыру, арнайы кездесулер, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 





Жүзуден қалалық ашық турнир өткізілді

iconҚР Тұңғыш Президент күніне орай 2007-2008 жас тобында, 50 шақырым қашықтықта 45,31 есеп нәтижесінде жүзуден қалалық ашық турнирінде ІІІ орынға ие болған мектебіміздің оқушысы Мизамова Асияны шын жүректен құттықтаймыз. Бағындырар биіктерің көп болсын!!! 

Қалалық баскетбол жарысының жеңімпаздары атанды

iconАқтау қаласының жалпы білім беру орта мектептерінің арасында баскетбол жарысынан қалалық мұғалімдер спартакиадасында мектебіміздің ұстаздарынан құралған командасы жүлделі І орынды иеленді. Команда мүшелері Рятова Сәнгүл, Қабақ Фатима, Қуанбаева Балияш, Шораева Раушан, Айбагамбетова Нурия,  Айтжанова Гүлмира, Аргынбаева Аяжан, Жанжигитова Маусым, Атакузиева Насиба, Бисенбекова Сырға. Әріптестерімізді жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз.  

Қалалық "Әбіш оқулары" байқауының жеңімпаздары атанды

iconАқтау қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес қалалық "Әбіш оқулары" байқауы өткізіліп, мектебімізден "Әбіш Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым" бағыты бойынша 9-10 сынып оқушыларынан құралған топ жүлделі ІІ орынды, "Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу" бағыты бойынша Аманкулов Саясат І орынды, "Әбіш Кеілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу" бағыты бойынша 10 сынып оқушысы Русланова Айгерім І орынды иемденді. Оқушыларды сайысқа дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Уразова Ұлдай, Изтурганова Айнагүл, Ұзақбаева Гүлсімге және сызу пәні мұғалімі Жанбыршиева Рыстыға алғыс білдіреміз! Дарынды шәкірттеріңіз көп болсын! Облыстық сайысқа жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз! 

"Отбасы-алтын діңгек"

iconҚараша айының 24-ші жұлдызында мектебімізде ата-ана мен баланың, ата-ана мен мектептің арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түсу мақсатында "Отбасы-алтын діңгек" атты 5-сынып оқушылары мен ата-аналарының арасында сайыс өткізілді. Сайыс барысында әр сыныптан бір оқушы ата-анасымен топ құрап сайысқа түсті. 

Қалалық волейбол жарысынан жеңімпаз атанған мұғалімдер

iconАқтау қаласының жалпы білім беру орта мектептерінің арасында волейбол жарысынан  қалалық мұғалімдер спартакиадасында мектебіміздің ұстаздарынан құралған командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Команда мүшелері Айтжанова Гүлмира, Жанбыршиева Рысты, Шораева Раушан, Тайшиева Жанат, Бисенбекова Сырға, Давлетбаева Қаламқас,  Аргынбаева Аяжан.  Әріптестерімізді жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз.   

Қол күресінен қалалық мұғалімдер спартакиадасының жеңімпаздары атанды

iconАқтау қаласының жалпы білім беру орта мектептерінің арасында қол күресінен қалалық мұғалімдер спартакиадасында мектебіміздің ұстаздарынан құралған командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Команда мүшелері Айтжанова Гүлмира, Аргынбаева Аяжан, Мересей Есбол, Жолдасқалиев Мұрат, Аймагамбетов Берик. Әріптестерімізді жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз. 

Қалалық үстел теннисінен жүлделі оралды

iconАқтау қаласының жалпы білім беру орта мектептерінің арасында устел тенниснен  қалалық мұғалімдер спартакиадасында мектебіміздің ұстаздарынан құралған командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Команда мүшелері Жумалиев Срым, Аймагамбетова Берик, Аргынбаева Аяжан.  Әріптестерімізді жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз.  

"Жаратылыс ғажайыптары"

iconМектебімізде қарашаның 3-ші оқу аптасында "Химия, биология" пәндері бірлестігінің "Жаратылыс ғажайыптары" атты оқу апталығы өткізіліп жатыр. Апталық барысында, химия және биология пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ашылу салтанаты, пән мұғалімдерінің жаңартылған форматтағы ашық сабақтары, сыныптан тыс сабақтар өткізіліп жатыр. 

Облыстық сурет байқауының жеңімпазы атанды

iconҚарашаның 16-жұлдызында Облыстық өлкетану мұражайында "Адал ұрпақ" Маңғыстау облысының ерікті мектеп клубтары оқушыларының слетінде облыс бойынша , "Парасыз болашақ" атты жемқорлыққа қарсы күрес сурет байқауына мектебіміздің 5 "ғ" сынып оқушысы Кийкбай Ақтәжі Кийкбайқызы қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Ақтәжіні ҚР Мемлекеттік қызмет істерінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Маңғыстау облысының департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Жанназарова Нұргүл Алмасқызы құттықтап алғысын білдірді. Ақтәжіні жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Алар асуларың көп болсын! Биіктерден көріне бер! 

Жалпыхалықтық диктант өткізілді

iconМақсаты: латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу. Міндеттері: Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, латыннегізді қазақ тілі әліпбиін меңгеру, тілді меңгеруге деген қызығушылықты арттыру.   

Соңғы жаңалықтар

Республикалық "Қадыр оқулары" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

Республикалық "Қадыр оқулары" байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлде ...

25 қаңтар 2020
Тоғызқұмалақтан жеңімпаз атанды.

Тоғызқұмалақтан әйелдер арасында ұйымдастырылған қалалық командалық жарыста мектебіміздің дене ...

23 қаңтар 2020
"Балалар болашағымыз" атты ата-аналар жиналысы өткізілді.

Қаңтар айының 18-і күні мектеп психологы Айтжанова Жарқынның ұйымдастыруымен "Балалар болашағымыз" ...

20 қаңтар 2020
Республикалық "Мұқағали оқулары" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

Республикалық "Мұқағали оқулары" байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің 10-оқушысы Киікбай Ерл ...

18 қаңтар 2020
Республикалық біріңғай "Адалдық сағаттары" өткізілді.

«№ 28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де 17-қаңтар күні Республикалық «Адалдық сағаттары» акцияс ...

17 қаңтар 2020