"Адалдық апта"

Ақтау қалалық білім бөлімі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен "Адалдық апта" аясында мектебімізде 14-мамыр күні арнайы шара өткізілді. Шараға «Маңғыстау адалдық алаңы» жобасы кеңсесінің жетекшісі, Маңғыстау облысының қоғамдық кеңес мүшесі Ешманов Кийкбай Жақыпұлы және мектеп ұстаздары қатысты.Жиын барысында мектеп директоры Жаңыл Балмуканбетқызы "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының жасап жатырған және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстарымен таныстырып өтті. Сұрақтарға жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, пікір алмасып, кең көлемді шара өтті.Осы апталық аясында арнайы жұмыс жоспары дайындалып, іс-шаралар ұйымдастырылуы керектігі баяндалды. Соның бірі оқушыларға, жасөспірімдер арасында болатын әкімшілік құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу мақсатында, сондай-ақ оқушыларға рухани адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру мақсатында сынып сағаттарын ұйымдастыру, арнайы кездесулер, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 





Күрделі жөндеу жұмыстары барысынан көріністер

iconАқтау қалалық білім бөлімі «№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстарының барысынан көріністерді назарларыңызға ұсынамыз. 

Жалпыұлттық аза тұту күні

icon

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

icon Құрметті ата-аналар!!! Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz "электронды үкімет" порталы арқылы онлайн жүзеге асырылып жатқандығын тағы да ескертеміз. 2020-2021 оқу жылына 1-сыныпқа бала құжаттарын қабылдау электронды түрде 1-тамызға дейін қабылданады. Қажетті құжаттар тізімі: Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; Көлемі 3х4 болатын баланың сандық фотосуреті № 063/е және № 026/е-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжаттары Медициналық тексеру қажет емес!!! 

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!

icon"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" ҚР білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына 24.06.2020жылғы №264 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған сәйкес 1-сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады деп көрсетілген. Сондықтан 2020-2021 оқу жылына 1-сынып оқушыларын қабылдау 1 тамызда тоқтатылатынын ескертіп, тез арада құжаттарды тапсыруларыңызды сұраймыз.  

Ата-аналар назарына!

icon Медициналық анықтамаларды алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға байланысты азаматтарға білім беру ұйымдарына қабылдану үшін тиісті құжаттарды тапсыру барысында анықтамаларды уақытша ұсынбауға мүмкіндік беріледі.

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

iconАқтау қалалық білім бөлімінің «№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, мектепте байланыс желісі (телефон) уақытша ажыратылған. 2020-2021 оқу жылында оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау, сондай-ақ, мектептен мектепке ауысу бойынша сұрақтарыңыз болса, төменде көрсетілген ұялы байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады 

Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)

Онлайн қызметті қалай алуға болады ? 1. egov.kz сайтына кіру 2. Порталға кіріп, «Онлайн қызметке тапсырыс беру» түймесін басыңыз. «Білім» бөлімін таңдаңыз Орта білім Қызмет «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)» 1. Өтінішті толтырып, ЭЦҚ мен растау (электронды цифрлы қолтаңба) немесе Смс-құпия сөзін қолданып, растау (мобильді үкімет базасына тіркелген болуы шарт). 2. Жеке кабинетте («Қызметтер алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келетін өтінішіңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

iconБүгін - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылғы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді - бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі.Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. 

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! 1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ 1-МАУСЫМДА БАСТАЛАДЫ.

icon Балаларды 1-сыныпқа қабылдау, сондай-ақ, мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауыстыру қызметі Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы автоматтандырылған. Ата-аналар порталда "Білім беру" бөлімінде "Орта білім беру" бөлімін таңдау арқылы кіріп, өтініш береді және қажетті құжаттарды тіркейді. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электронды. Ата-ананың "жеке кабинетіне" баланың қабылданғаны не болмаса себебі көрсетілген қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама келеді. Бұл үшін ата-ана тек қана 4 құжат тапсыруы қажет: *Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; * "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 форма; * 063/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; * 3х4 көлеміндегі фото - 2 дана Құжаттарды қабылдау электронды түрде 2020 жылдың 1 маусымынан басталады. 

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

icon Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебного года! 

Соңғы жаңалықтар

Күрделі жөндеу жұмыстары барысынан көріністер

Ақтау қалалық білім бөлімі «№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де «Жұмыспен қамтудың жол карта ...

22 шілде 2020
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Құрметті ата-аналар!!! Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz "электронды үкімет" портал ...

10 шілде 2020
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыр ...

10 шілде 2020
Ата-аналар назарына!

Медициналық анықтамаларды алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға байланысты азаматтарға білім ...

05 шілде 2020