"Әбіш апталығы" байқауларының жүлдегерлері атанды.

ҚР Халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған  қалалық "Әбіш апталығы" өткізілген болатын. Бұл шараның негізгі мақсаты - мектеп оқушыларының  арасында Әбіш шығармаларын насихаттау арқылы оқушылардың ой танымын кеңейту, шығармашылық қасиеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту. Апталыққа мектебіміздің оқушылары белсенді қатысып жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, "Әбіш Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба" байқауы бойынша мектебіміздің 10-сынып оқушысы Кийкбай Ерлан І орын, "Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым" байқауынан мектеп оқушыларынан құралған команда "Бас жүлдені" иеленіп, республикаға жолдама жеңіп алды. Оқушыларды дайындаған мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исагалиева Нургулге алғысымызды білдіреміз.





Қалалық "Алтын жүрек анамыз" атты мәнерлеп оқу сайысының І орын жеңімпазы атанды.

iconҚалалық Өзін-өзі тану: "Махаббат пен Шығармашылық" атты онкүндік аясында өткізілген "Алтын жүрек анамыз" атты мәнерлеп оқу сайысынан мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы Аманкулов Саясат І орынды иемденді. Жетекшісі мектебіміздің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Бүркіталина Аксындарға үлкен алғыс білдіреміз. Жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Алар асуларын көп болсын! 

IT - сынып ашылды

iconҚазіргі қоғамда шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы өзінің жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. Олай болса, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі «ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры». Осы орайда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясының азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, тегін білім беру саласын жетілдіруге бағытталған «Балалар үшін тегін IT-сынып » жобасын іске асыру мақсатында мектебімізде ақпан айының 5-жұлдызында IT - сынып ашылды. Балалардың қазіргі заманғы бәсекеге сай білім алуына мүмкіндік жасау мақсатында IT-cыныпты ашуға арнайы ҚР Парламентінің мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских пен Нұр Отан партиясының Ақтай қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сахипов Қалиолла Аяшұлы келіп, IT- сынып лентасын қиып, жылы лебіздерін білдіріп, IT - сынып жұмыстарымен танысып, оқушылардың презентацияларын тыңдады. 

"Білім жүгін арқалап, биікке самға жас талап!" атты физика-информатика апталығы өткізілді

iconБүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың физика мен информатика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Себебі физикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. 

Толағай" отбасылық-спорттық сайысы

iconҚаңтар айының 20-жұлдызында мектебімізде 6-сыныптардың арасында "Толағай" отбасылық-спорттық сайысы өткізілді. Мақсаты: Балалар мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып , спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың денсаулығын нығайту , салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Сайыс өте қызықты және тартысты өтті. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар беріліп, марапатталды. Сайысқа қатысқан сынып оқушылары мен ата-аналарына үлкен алғысымызды білдіреміз. 

"Бүгінгі жас маман - ертеңгі білікті ұстаз"

iconБілікті ұстаз- сапалы білім негізі демекші, қаңтар айының 19-жұлдызында жоспарға сәйкес мектеп әдіскері Нағима Садырқызының ұйымдастыруымен "Бүгінгі жас маман - ертеңгі білікті ұстаз" атты мектепішілік жас мамандар семинары өткізілді. Семинар барысында еңбек өтілі 5 жылға дейінгі мектеп мұғалімдері өз шеберліктерін, білімдерін көрсетіп, ашық сабақ, сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Бір-бірімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында, жас мамандар әріптестерінің сабақтарына қатысты. Семинар жоғары дәрежеде өткізілді. Жас мамандар өз кезегінде өздерінің білікті ұстаз екендерін көрсете білді. Олардың семинардан алған әсерлері өте жақсы болды, сабақ өткізудің жаңа әдіс-тәсілдерін үйренді, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында мектеп психологтарының ұйымдастыруымен жас мамандарға арналған психологиялық семинар-тренинг және де мектеп әдіскерінің ұйымдастыруымен, семинарды қорытындылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Осындай семинарды ұйымдастырған мектеп әдіскері Құрманбаева Нағима Садыровнаға және де семинар барысында сабақ көрсеткен барлық жас мамандарға үлкен алғысымызды білдіреміз. 

Мектеп асханаларында тыйым салынған өнімдер мен тағамдардың тізімі

iconМектеп асханалары мен буфеттері бірінші кезекте тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары табиғи тамақ өнімдерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен мектептік тамақтануда 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің ІІІ орын иегері атанды.

iconЖалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің 11 "А" сынып Нұрболат Ақжан география пәнінен ІІІ орын иегері атанды. Жетекшісі мектебіміздің география пәні мұғалімі Сисенова Жадыраға алғыс білдіреміз. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бағындырар белестерің көп болсын! 

Қайырымдылық шарасы өткізілді

iconМектебіміздің асханасында бірнеше жылдан бері қызмет етіп келетін жеке кәсіпкер Жамансариева Мариям ханым 1-сынып оқушыларына жаңа жылдық сыйлықтармен қуантты.Мариям ханым еңбегіңіз жемісті болсын!Ұжым атынан сізді жаңа жылмен құттықтаймыз!!!Сіздей мейірімді жандар көп болсын!!! 

Облыстық "Зерде" ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары атанды.

iconОблыстық "Зерде" ғылыми жобалар байқауына мектебіміздің оқушылары (қалалық кезеңнің І орын жүлдегерлері) Абайқызы Махаббат ІІІ орын , Баржикова Гулхат ІІІ орын иегерлері атанды. Жетекшілері мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Нұрлыбаева Айсұлу Нұрлыбайқызы мен география пәні мұғалімі Жанжигитова Маусымжанға алғысымызды білдіреміз. Жүлделеріңіз құтты болсын! Биіктерден көріне беріңіздер!!! 

"Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! " жаңа жылға арналған мерекелік кеші өткізілді.

iconЖаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Мектебіміздің бастауыш сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық кеші өткізілді. Оқушыларға арналған арнайы қойылымдар қойылып, ойындар ойнатылып, әсем әндер шырқалып, жасыл шырша жанында билер биленді. Аяз ата мен Ақшақардың арнайы сыйлықтарын алып, оқушылардың көңілдері көтерілді. 

Соңғы жаңалықтар

23-қараша – Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күні атап өтілді.

23-қараша – Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күніне орай мектебімізде білім алушылар, педагогтар және ...

25 қараша 2019
«Абай –дана, Абай- дара қазақта»

Қараша айының 15-інші жұлдызында 3 сыныптар арасында қазақтың ұлы ақыны,сазгер,аудармашы Абай Құнан ...

20 қараша 2019
«Туған жер киесі, дархан дарын иесі» сайысы өткізілді.

«№28 жалпы білі беру орта мектебі» КММ-де 15 қараша күні заңғар жазушы Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығына ...

19 қараша 2019
"RIFMO-2019" IT-форумы өткізілді.

Жуырда Ақтау қаласында кең көлемді "RIFMO-2019" IT-форумы өткізілген болатын. IT-апталығы негізінде өткіз ...

18 қараша 2019
ІІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" өнер мен білім байқауында мектебіміздің оқушылары өнер көрсетті

Бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған ІІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" өн ...

17 қараша 2019