"Әбіш апталығы" байқауларының жүлдегерлері атанды.

ҚР Халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған  қалалық "Әбіш апталығы" өткізілген болатын. Бұл шараның негізгі мақсаты - мектеп оқушыларының  арасында Әбіш шығармаларын насихаттау арқылы оқушылардың ой танымын кеңейту, шығармашылық қасиеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту. Апталыққа мектебіміздің оқушылары белсенді қатысып жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, "Әбіш Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба" байқауы бойынша мектебіміздің 10-сынып оқушысы Кийкбай Ерлан І орын, "Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым" байқауынан мектеп оқушыларынан құралған команда "Бас жүлдені" иеленіп, республикаға жолдама жеңіп алды. Оқушыларды дайындаған мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исагалиева Нургулге алғысымызды білдіреміз.





Мектеп командасы облыстық "Мерген ару-2019" байқауының жеңімпазы атанды.

iconМАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ, ОБЛЫСТЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ұйымдастыруымен өткен облыстық "Мерген ару-2019" байқауында мектебіміздің 9-10 сынып оқушыларынан құралған "Жас теңізші" командасы І орынды қанжығаларына байлады. Оқушыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз. Биік шыңдардан көріне беріңдер! Оқушыларды байқауға дайындаудағы қажырлы еңбегі үшін мектебіміздің АӘД пәнін ұйымдастырушы Жумалиев Срым Муратовичке алғысымызды білдіреміз! 

"Салауатты өмір салтын сақтайық" атты дене шынықтыру бірлестігінің апталығы өткізілді.

iconНаурыз айының 11-15 аралығында "Дене шынықтыру" пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында "Салауатты өмір салтын сақтайық" атты апталық өткізілді. Апталық барысында дене пәні мұғалімдері ашық сабақтар, сайыс сабақтар, спорттық және ұлттық ойындардан жарыстар өткізді. Апталықтың алғашқы күні апталық ашылуы және Атакузиева Насибаның ұйымдастыруымен 6-сынып оқушылары арасында пионерболдан жарыс өткізілді. Жарыс нәтижесінде І орынды - 6а, ІІ орынды - 6ә, ІІІ орынды - 6г сыныбы иеленді. Сонымен қатар Жолдаскалиев Мураттың ұйымдастырумен 9-сыныптардың ұлдар арасында футболдан жарыс өткізілді. Нәтижесінде І орынды - 9Б, ІІ орын -9В, ІІІ орын - 9А сыныбы иеленді.  12-наурыз күні Айтжанова Гүлмираның ұйымдастыруымен 5-сыныптар арасында пионерболдан жарыс өткізілді. Жарыс нәтижесінде Бас жүлдені - 5Б, І орын - 5А, ІІ орын - 5В, ІІІ орын - 5Г сыныптары иеленді. 

"Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" сайысы өткізілді.

icon12-наурыз күні "Дене шынықтыру" пәні бірлестік апталығының аясында Аргынбаева Аяжанның ұйымдастыруымен 5-сыныптар арасында "Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" атты сайыс өткізілді. Сайыс барысында оқушылар әр сыныптан 1топ құралып (5 ұл,2 қыз), сайысқа түсті. Ойын барысында бес тас ойнау, асық ату, арқан тарту сияқты ұлттық ойын түрлері өткізілді. Сайыс нәтижесінде І орын - 5А сыныбы, ІІ орын - 5Б, 5Д, ІІІ орын - 5В сыныптары иеленді. Жеңімпаз топтарды жеңістерімен құттықтаймыз. Биіктерден көріне беріңдер! 

Облыстық бокс чемпионатының жеңімпазы атанды.

iconМектебіміздің оқушылары облыстық Тайландтық бокс түрінен (тайский бокс) жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, 9 "ә" сынып оқушысы Искендир Ануар І орын, Орынбасар Рауан ІІ орын иегері атанды. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз. Алар асуларың, бағындырар биіктерің көп болсын. 

Ұстаздар арасында "Көңілді сөре" өткізілді.

iconДене шынықтыру апталығының 3-күні мұғалімдер арасында "Көңілді сөре" сайысы өткізілді. Сайысқа 3 топ қатысты : Бастауыш сынып ұстаздары, әкімшілік құрамы, жаратылыстану пәндері ұстаздары. Сайыс бірнеше кезеңдерден тұрды. Өте тартысты және қызықты өтті. Сайыс нәтижесі бойынша І орын - бастауыш ұстаздары, ІІ орын- жаратылыстану бағыт ұстаздары, ІІІ орын- әкімшілік құрамы иеленді. 

"Қош келдің, Әз Наурыз!"

icon22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жан-уар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қа-зақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады. 

Наурыз той қарсаңында ұйымдастырлған іс-шаралар

iconБастауыш сынып оқушылары мен ұстаздарының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні қарсаңында салт-дәстүрлерімізді дәріптеу мақсатында бала өмірге келгеннен бастап жасалатын: Шілдехана,балаға азан шақырып ат қою,бесікке салу,тұсау кесу сынды салттарымыздан қойылымдар көрсетіп, мерекелік іс-шара өткізілді. Ұлыс оң болсын! 

"Сырласайық, жеңге" сайысы өткізілді.

iconМектебімізде наурыз мерекесі қарсаңында отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау, отбасы тарихын және дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу мақсатында "Сырласайық, жеңге" атты сайыс өткізілді. Сайысқа 7-8 сыныптардан оқушылар жеңгелерімен қатысты. Сайыс бірнеше кездерден тұрды және өте қызықты, тартысты өтті. Сайыс соңында жеңімпаз топтарды арнайы сыйлықтармен марапатталды. 

Амал келді, жыл келді!

icon14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті - пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. 

"Көктем аруы-2019" анықталды.

iconМектебімізде 5-наурыз күні 9-10 сынып оқушыларының арасында "Көктем аруы-2019" байқауы өткізілді. Байқауға барлығы 8 қатысушы қатысты. Арулар 5 кезең бойынша сайысқа түсті: І тур- Таныстыру, ІІ тур - Шебер қолдар, ІІІ тур - Өз өнері, IV тур- Сұрақ-жауап, V тур- "Жас аспаз". Қатысушы қыздардың дйындығы өте жоғары болды. Байқау қорытындысы бойынша 9 "А" сынып оқушысы - Парахатова Шұғыла "Бас жүлде", 10 "Б" сынып оқушысы - Байдықылышова Гүлден - І орын, 10 "Ә" сынып оқушысы - Демисинова Айгерім - ІІ орын, 9 "Ә" сынып оқушысы Айтқалиқызы Жанеркем - ІІ орын, 10 "В" сынып оқушысы Мұратова Адина- ІІІ орын, 9 "Б" сынып оқушысы - Абдимурат Аяулым - ІІІ орын, ынталандырумен 10 "А" сынып оқушысы - Нұргүл және 9 "В" сынып оқушысы Клаубаева Назгүл марапатталды. Жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!  

Соңғы жаңалықтар

Республикалық "Қадыр оқулары" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

Республикалық "Қадыр оқулары" байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлде ...

25 қаңтар 2020
Тоғызқұмалақтан жеңімпаз атанды.

Тоғызқұмалақтан әйелдер арасында ұйымдастырылған қалалық командалық жарыста мектебіміздің дене ...

23 қаңтар 2020
"Балалар болашағымыз" атты ата-аналар жиналысы өткізілді.

Қаңтар айының 18-і күні мектеп психологы Айтжанова Жарқынның ұйымдастыруымен "Балалар болашағымыз" ...

20 қаңтар 2020
Республикалық "Мұқағали оқулары" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

Республикалық "Мұқағали оқулары" байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің 10-оқушысы Киікбай Ерл ...

18 қаңтар 2020
Республикалық біріңғай "Адалдық сағаттары" өткізілді.

«№ 28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де 17-қаңтар күні Республикалық «Адалдық сағаттары» акцияс ...

17 қаңтар 2020