"Integrity shop" атты адалдық дүкені ашылды

22-ақпан күні мектебімізде "Integrity shop" атты адалдық дүкені ашылды. Мақсаты: мектеп оқушыларының бойында адалдық, шыншылдық қасиеттерді сіңіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту. 





2020-2021 оқу жылы бойынша оқу процессіне байланысты мектеп директорының мәлімдемесі.

iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы "13" тамыздағы №345 бұйрығына 1-қосымша. 

"Тілім менің - тірлігімнің айғағы"

iconЕліміздегі тілдер мерекесінің күні өзгеруінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл» - деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Ел Президенті Қ.К.Тоқаев атап өткендей: «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де - тілінде». Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. 

Білімнің негізі - бастауыш

icon2020-2021 жылдың басталуы 1 сыныптардың кезекші сыныптардың ашылуымен 2-11 сыныптардың қашықтықтан оқуымен жүзеге асырылуда. Балалар тек бір кабинетте оқиды, әр уақыттағы үзілістер, кіру кезінде температураны өлшеу, желдету, кварцтау және ылғалды тазалау режимдері жүргізіледі. Сонымен қатар, мектебімізде санитарлық қауіпсіздік шаралары барынша сақталады. 

Жақсылық жасауға асығайық!

icon Жаңа оқу жылы қарсаңында мектебімізде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілуде. Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету.

15 маусым - аты аңызға айналған қазақ сазгері, Қазақстанның қазіргі әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.

iconҚазақтың кең байтақ даласын тербеген Шәмші әндерін білмейтін қазақ бүгінде кемде-кем. Оның 300-ден астам сазды әуендері бірнеше буынды сусындатып келеді. Шәмші шығармаларының басты тақырыбы - елге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік болды. Қазақтың кең байтақ жерін жырға қосатын сазгердің «Ақ ерке - Ақ Жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Теріскей», «Қарқаралы», «Өмір өзен» әндерін жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдады. Шаттықпен шырқалатын «Бақыт құшағында», «Отырардағы той», «Бәрінен де сен сұлу» әндері де халық арасына кеңінен тарады. 

Күрделі жөндеу жұмыстары барысынан көріністер

iconАқтау қалалық білім бөлімі «№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстарының барысынан көріністерді назарларыңызға ұсынамыз. 

Жалпыұлттық аза тұту күні

icon

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

icon Құрметті ата-аналар!!! Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz "электронды үкімет" порталы арқылы онлайн жүзеге асырылып жатқандығын тағы да ескертеміз. 2020-2021 оқу жылына 1-сыныпқа бала құжаттарын қабылдау электронды түрде 1-тамызға дейін қабылданады. Қажетті құжаттар тізімі: Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; Көлемі 3х4 болатын баланың сандық фотосуреті № 063/е және № 026/е-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжаттары Медициналық тексеру қажет емес!!! 

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!

icon"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" ҚР білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына 24.06.2020жылғы №264 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған сәйкес 1-сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады деп көрсетілген. Сондықтан 2020-2021 оқу жылына 1-сынып оқушыларын қабылдау 1 тамызда тоқтатылатынын ескертіп, тез арада құжаттарды тапсыруларыңызды сұраймыз.  

Ата-аналар назарына!

icon Медициналық анықтамаларды алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға байланысты азаматтарға білім беру ұйымдарына қабылдану үшін тиісті құжаттарды тапсыру барысында анықтамаларды уақытша ұсынбауға мүмкіндік беріледі.

Соңғы жаңалықтар

2020-2021 оқу жылы бойынша оқу процессіне байланысты мектеп директорының мәлімдемесі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы "13" тамыздағы №345 бұйрығына 1-қосымша. ...

13 қыркүйек 2020
"Тілім менің - тірлігімнің айғағы"

Еліміздегі тілдер мерекесінің күні өзгеруінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына ...

05 қыркүйек 2020
Білімнің негізі - бастауыш

2020-2021 жылдың басталуы 1 сыныптардың кезекші сыныптардың ашылуымен 2-11 сыныптардың қашықтықтан оқуы ...

01 қыркүйек 2020
Жақсылық жасауға асығайық!

Жаңа оқу жылы қарсаңында мектебімізде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына қолдау к ...

19 тамыз 2020
15 маусым - аты аңызға айналған қазақ сазгері, Қазақстанның қазіргі әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.

Қазақтың кең байтақ даласын тербеген Шәмші әндерін білмейтін қазақ бүгінде кемде-кем. Оның 300-ден а ...

15 тамыз 2020