Жаңалықтар

"Қарттарым - асыл қазынам"

iconДаналықтың алтын кілті - ата-бабаларымыз. Ата жолын жалғап келе жатқан бүгінгі күнгі ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз.Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді 1-қазан қарттар күні мерекесі қарсаңында саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесімен құттықтау ушін мектебіміздің 7 "Б" сынып оқушылары 1 ш/а-да орналасқан Облыстық Қарттар үйіне барып келді. Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шара өз деңгейінде өткізілді..Қарттарымыздың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. 

Эко сағат

icon«№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де 3-сәуір күні 1-11-сыныптар арасында табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру мақсатында «Мұхиттар қауіпті жағдайда», «Табиғатты аялайық», «Экология және біз», «Табиғатты аяла», «Су-тіршілік көзі» т.б. эко-сағаттары жүргізілді. 9-сыныптар арасында «Біз табиғат қамқоршысы» тақырыбында флеш-моб жүргізілді. Мектеп ауласындағы учаскелерге 20 түп жеміс ағаштары мен қаратал отырғызылды. 

Хабарландыру

Маңғыстау облысының білім беру қызметкерлері мен ұйымдары арасында облыс әкімінің жыл сайынғы «Білім үздігі» сыйлығына конкурс жарияланады. 

"Ақмаржан қала - Ақтауым!"

iconӘсем де, көркем қаламыз Ақтаудың туған күніне орай мектеп оқушыларының арасында видеороликтер, қабырға газеттерін дайындау, флешмоб ұйымдастырылды.

"Отбасы - бақыт кілті" атты ата-аналар мен оқушыларға арналған тренинг өткізілді.

iconОтбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында, Отбасы күні қарсаңында мектебімізде мектеп психологі мен тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен "Отбасы - бақыт кілті" атты ата-аналар мен оқушыларға арналған тренинг өткізілді. Тренинг барысында кеңестер, пікір алмасулар, ойындар, "жүректен-жүрекке" жылы лебіздерін білдіру, тілек ағашына тілек жазып, жоғары деңгейде өтті. 

«Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» атты салтанатты жиыны өткізілді.

icon«№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де «1-қыркүйек Білім күні мерекесіне арналған «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» атты салтанатты жиыны өткізілді. Мақсаты: білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну, білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу. Жиынға мектеп оқушылары, жаңадан мектеп табалдырығын аттағалы тұрған 1-сынып оқушылары және ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Жиын барысында құттықтау сөздер айтылып, мектеп оқушыларының қатысуымен мерекелік концерт өткізілді.Салтанатты жиыннан соң оқу кабинеттерінде "Адалдық сағаттары" өткізілді. Баршаңызды осы 2019-2020 оқу жылымен құттықтай отырып, жаңа оқу жылы толағай табыс, жетістіктер әкелсін дейміз. 

"Адалдық сағаты" өткізілді.

iconӨскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мемлекет пен қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып табылады. Осы мақсатта мектебімізде ҚР Мемлекеттік істер жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Абишева Зульфия Орынбайқызы "Адалдық сағатын" өткізді. Оқушыларға түсінік жұмыстары жүргізіліп, бейнероликтер көрсетіліп, пікір алмасулар болып, шара өз деңгейінде өтті. 

"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өткізілді.

iconЕлбасының бастамасымен қолға алынып, республика көлемінде өтетін жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жаңа оқу жылы қарсаңында «Жүректен жүрекке» ұранымен өтіп жатыр. Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және балаланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу.  

Спорт жеңімпаздары - мектеп мақтаныштары!

iconМаңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткізілген аралас жекпе жекте мектебіміздің 11-сынып оқушысы Акимов Алла-Оңғар 61,2 салмақ дәрежесінде сайысқа түсіп, ІІ орынды қанжығасына байлады. Арнайы диплом және медальмен марапатталып, Ақтөбе қаласында өтетін жекпе-жекке жолдама алды. Болашағынан мол үміт күттірер шәкіртімізді кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларың, бағындырар белестерің көп болсын! 

Ұлттық ойын тоғызқұмалақтан сайыс өткізілді.

iconОқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырудың адам денсаулығына пайдасы туралы түсіндіру, дене шынықтырумен жиі айналысу,бос уақытын тиімді пайдалану, жарыс ойындарына қызығушылықтарын тудыру және бір-біріне деген достық қарым- қатынас орнату, ұлттық ойынымызды дамыту, жетік меңгеру мақсаттарында маусым айында мектебімізде өткізіліп жүрген тоғызқұмалақ үйірмесінен 2019 жылдың 13 маусым күні сайыс болып өтті. Сайым 4-6 сынып оқушылары арасында өтті. Сайысқа 14 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Қатысушылар өз қарсыластарын жеребе тарту арқылы анықтады. Жарыс олимпиадалық жүйеде өткізілді. Сайысқа жауапты маусым айы бойынша үйірмелерді жүргізіп отырған дене шынықтыру пәні мұғалімі Аргынбаева Аяжан Койшыбаевна болды. Жарыс барысында оқушылар белсенділік танытып, сайыс тартысты өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша ІІІ-орынды 6 «Б» сыныбының оқушысы Ақбура Бауыржан алса, ІІ-орынды 5 «Г» сыныбының оқушысы Абдітәліп Шыңғысхан , ал І-орынды Сәттіғұл Айдана жеңіп алды. Сайыста жеңіп, жүлделі орын иеленген оқушылар І-ІІ-ІІІ дәрежелі дипломдармен және медалдармен марапатталды. 

Соңғы жаңалықтар

"Қарттарым - асыл қазынам"

Даналықтың алтын кілті - ата-бабаларымыз. Ата жолын жалғап келе жатқан бүгінгі күнгі ақсақал атала ...

10 қазан 2019
Эко сағат

«№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де 3-сәуір күні 1-11-сыныптар арасында табиғатты қорғау, эколо ...

03 қазан 2019
Хабарландыру

Маңғыстау облысының білім беру қызметкерлері мен ұйымдары арасында облыс әкімінің жыл сайынғы «Б ...

20 қыркүйек 2019
"Ақмаржан қала - Ақтауым!"

Әсем де, көркем қаламыз Ақтаудың туған күніне орай мектеп оқушыларының арасында видеороликтер, қа ...

20 қыркүйек 2019
"Отбасы - бақыт кілті" атты ата-аналар мен оқушыларға арналған тренинг өткізілді.

Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, ...

16 қыркүйек 2019