«БЕКІТЕМІН»

                                                                                                      «№28 жалпы білім беру орта мектебі»

                                                                                                  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

                                                                                                  директоры____________Ж.Муканова

                                                                                     «___»_____________2019ж

2019-2020 оқу жылындағы «№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-нің ішкі  тәртіп  ережелерін бекіту туралы

Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың  бірлескен еңбегі еңбек  міндеттері орындалуы  тиіс белгілі  құқықтық тәртіп  құруды талап  етеді.

Ішкі  еңбек  тәртібі- бұл белгілі ұйымдағы  еңбек  саласындағы  құқықтық  тәртіп.  

Оның  негізгі  міндеті-ұжым  мүшелерінің  тәртібін  реттеу, өндіріс  жағдайы  мен  еңбек  ұйымының  ерекшеліктерін  ескере  отырып, олардың  іс- әрекеттерін  еңбек  процесінің  ортақ  мақсатына  бағындыру.

Ішкі  еңбек  тәртібі ережелерін  сақтау  жұмыс  беруші  мен  жұмыскерлердің, сондай-ақ  жұмысекрлердің  арасында  қарым- қатынастың  үйлесімін  қамтамасыз  етеді.

Ішкі  еңбек  тәртібі  еңбек  тәртібінің  негізін  құрайды.

Ішкі  еңбек  тәртібінің  ережелері- ҚР Еңбек  кодексіне, «Білім  туралы»  ҚР Заңына  және  өзге  заңнамалық  актілеріне  сәйкес  мыналарды  регламенттейтін  жергілікті  нормативтік  акт.

  - жұмыскерлерді  қабылдау  және  жұмыстан шығару  тәртібі;

  - еңбек  шарты  тараптарының  негізгі  құқықтары, мідеттері  мен жауаптылығы;

- жұмыс  тәртібі, тынығу  уақыты;

  - жұмыскерлерге  қолданылатын  ынталандыру  және  жазалау  шаралары, сондай-ақ  еңбек  қатынастарын  реттеудің  өзге  мәселелері.

Ішкі  еңбек  тәртібі  ережелері  жұмыс  берушімен  бекітіледі  және,  қағида  бойынша,  ұжымдық  шартқа  қосымша  болып  табылады.

Білім  беру  ұйымының ( бұдан әрі-БҰ) қызмет  тәртібін  есекре  отырып, БҰ  әкімшілігі  педагог  және  өзге  қызметкерлердің  жұмыс  уақыты  мен  тынығу  уақыты  тәртібін  бекітеді.

  Ішкі  тәртіпті  қамтамасыз  ету  мақсатында  БҰ  әкімшілігі  педагог  және  өзге  қызметкерлердің  жұмыс  уақыты  ментынығу  уақыты  тәртібін  бекітеді.

Ішкі  тәртіпті  қамтамасыз  ету  мақсатында  БҰ  әкімшілігі  қызметкерлердің, сондай-ақ  БҰ  білім  алушылары  мен  тәрбиеленушілерінің  ҚР  білім  саласындағы  заңнамамен  және  білім  беру  ұйымының Ішкі  тәртіп  ережелерімен (бұдан  әрі- ІТЕ)  (қосымша) өздеріне  жүктелген  міндеттерді  сақтауын  қамтамасыз  етіледі.

  Білім  беру  ұйымының  ішкі  тәртібі

Білім  беру  ұйымының  ІТЕ- де  мыналар көзделуге  тиіс

- БҰ  әкімшілігі  мен  педагогтарының  білім  алушылармен  және  тәрбиеленушілермен  және  олардың  ата- аналарымен  әрекеттестігі;

  - оқу- тәрбие  процесіне  қатысушылардың  тәртібі;

-білім  алушылар мен тәрбиеленушілердің  білім  алуына,өмірі  мен  денсаулығын  сақтауға, бала  құқықтарын  қорғауға  қажетті  жағдайлар;

  БҰ  қызметкерлерінің  еңбекті  қорғау  және  қауіпсіздік  техникасы  шарттары;

  - қызметкерлердің  кәсіби  біліктілігін  арттыруды  ұйымдастыру;

- БҰ  жұмысының  басталу  және  аяқталу  уақыты, сабақ  арасындағы  үзілістер;

-білім  алушылар  мен тәрбиеленушілердің  оқу  сабақтарының  ұзақтығы.

БҰ  әкімшілігі  қызметкерлер, білім  алушылар  мен  тәрбиеленушілер, сондай- ақ  олардың  ата- аналары  немесе  өзге  заңды  өкілдері  үшін  білім  беру  ұйымының  ІТЕ- нің  қолжетілімдігі мен  таныстыруды  қамтамасыз  етеді.

  «БЕКІТЕМІН»

  «№28 жалпы білім беру орта мектебі»

  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  директоры____________Ж.Муканова

    «___»_____________2019ж

2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ «№28 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ-НІҢ ҰЖЫМЫ, ОҚУШЫЛАРЫ  МЕН  АТА- АНАЛАРЫНА  АРНАЛҒАН

ІШКІ  ТӘРТІП  ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 «№28 жалпы білім беру орта мектебі»  КММ  еңбек  тәртібі  ҚР  заңнамасына  сәйкес  әкімшіліктің ұсынысы  бойынша  білім  беру  ұйымы (бұдан әрі- БҰ)  қызметкерлерінің педагогикалық  кеңесімен  бекітілетін  ішкі  еңбек  тәртібі  ережелерімен  айқындалады.

1.2  Ішкі  еңбек  тәртібі  ережелері  мектеп  ұжымы  жұмысының  ұйымдастырылуын  регламенттеуге, қалыпты  жұмысқа, жұмыс  уақытын  тиімді  қолдануға, еңбек тәртібін  нығайтуға, жұмыскерлер  үшін  жайлы  орта  құруға  арналған.

1.3 ІТЕ қолдануға  байланысты  мәселелердің  бәрі  өзіне  берілген  құқықтардың  шегінде,  сондай-ақ  қолданыстағы  заңнамамен  көзделген жағдайларда  кәсіподақ  комитетімен  бірге  немесе келісу  бойынша  мектеп  әкімшілігімен  шешіледі.    

Қысқаша  сипаттама

БҰ  мекенжайы, телефоны  мен электрондық  поштасы: «№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ 29 шағынаудан, 8 (7292)40-16-56, sh_28.28@mail.ru

БҰ  жобалық  қуаттылығы: 1560

Оқу  кабинеттері  мен  спорт  залдарының  саны - 55 оқу кабинеті, спорт зал – 1;

Жинақ  сыныптар  саны-103 ,соның  ішінде:

-1-4 сынып - 44

  -5-9  сынып – 36

-10-11 сынып – 8

Мектепалды  даярлық  сыныбы – 15

Сыныптардың  орташа  толымдылығы – 24-30

Сабақтар  ауысымы

Мектеп  екі  ауысыммен  жұмыс  істейді

1   ауысым: 1 а-з, 4 а-з, 2 к,қ, 3 ғ,и, 5,9,10,11 сыныптар;

2   ауысым: 2 а-и, 3 а – з, 6,7,8 сыныптар;

  Сабақ  ұзақтығы  уақыт  бойынша-40 минуттан.

1   ауысымдағы  қоңыраулар  кестесі

1- ші  сабақ – 8:00- 8:40

2- ші  сабақ  - 8:45- 9:25

3- ші  сабақ- 09:30- 10:10

4- ші  сабақ- 10:15- 10:55

5- ші  сабақ  - 11:10- 11:50

6- шы  сабақ- 11:55- 12:35

7- ші  сабақ- 12:40- 13:20

  2  ауысымдағы қоңыраулар  кестесі 

  1-ші  сабақ-  13:40- 14:20

  2-ші  сабақ-  14:45- 15:25

3-ші  сабақ- 15:10- 15:50

4-ші  сабақ- 15:55- 16:35

5- ші сабақ- 16:50- 17:30

  6-шы  сабақ- 17:35- 18:15

7-ші  сабақ- 18:20- 19:00

0-сынып  оқушылары  үшін  бейімделу  кезеңімен  бірге  1- ші  тоқсандағы  сабақтар  сағат  9- дан  басталады.

  Оқу  уақыты  мен  мерекелер

Оқу  және  каникул  күндері:

  -1- ші  тоқсан:01.09. бастап 27.10.  дейін, каникул 28.10. бастап 03.11. дейін.

  -2- ші  тоқсан: 04.11. бастап 29.12. дейін, каникул 30.12. бастап 08.01.дейін.

-3- ші  тоқсан:09.01. бастап  20.03.дейін, каникул 21.03. бастап 02.04.дейін.

  -4- ші  тоқсан:03.04. бастап 25.05.дейін

  Мектепалды  сыныптарында:

күзгі  каникул- 27.10.  бастап  03.11. дейін;

- қысқы- 26.12  бастап 10.01. дейін;

- көктемгі- 21.03. бастап 02.04.дейін.

Мерекелік  күндер:

   -1- желтоқсан- ҚР  Тұңғыш  Президенті  күні;

- 16-17- желтоқсан-ҚР  Тәуелсіздік  күні;

  -8- наурыз- Халықаралық  әйелдер  күні;

-1- мамыр- ҚР халықтары  бірлігі  күні;

  -7- мамыр- Отан қорғаушылар  күні;

  -9- мамыр- Жеңіс  күні.

Жұмыс  уақыты:

Директор- 8:00-13:00;14:00-17:00

Директордың  орынбасарлары:

- ОІ  бойынша-1  ауысым: 8:00-13:00,14:00-16:00; 2-ші  ауысым:11:00- 13:00, 14:00-19:00

- ТІ  бойынша: 8:00- 13:00, 14:00-17:00

- ӘШБ бойынша: 8:00-13:00, 14:00- 17:00

- әлеуметтік  педагог: 9:00- 13:00, 14:00- 17:00

- аға  тәлімгер: 9:00- 13:00, 14:00- 17:00

- медқызметкер: 9:00- 13:00, 14:00- 17:00

- Пән  мұғалімдері: кесте  бойынша.

2. БАЛАЛАРДЫ  ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ  ОҚУДАН  ШЫҒАРУ  ТӘРТІБІ

2.1. Мектепте  балаларды  қабылдау  тәртібі  Бастауыш, негізгі  орта  және  жалпы  орта  білімнің  жалпы  білім  беретін  оқу  бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру  ұйымдарына  оқуға  қабылдаудың  үлгілік  қағидаларына(ҚР  БҒМ  2018.12.10 №564  бұйрығымен  бекітілген) сәйекес  жүргізіледі.

2.2.БҰ- на қабылдау  баланың  туу  туралы  куәлігі, медициналық  картасы болған  жағдайда  ата- ананың (заңды  өкілінің)  өтінішінің  негізінде  жүзеге  асырылады, ол  ата- аналарға  құжаттарды  қабылдағаны  туралы  растау құжатын  беру  арқылы  бекітілген үлгідегі  журналға  тіркеледі.

2.3.Бірінші  сыныпқа  баратын  балалардың  ата- аналарының  (заңды  өкілдерінің) өтініштерін  қабылдау 2.5- тармақтың  ережелерін  сақтай  отырып, жыл сайын  жүзеге асырылады.

2.4.Оқушылардың  10- сыныпқа  келесі  құжаттардың  негізінде  қабылданады:

- ата- аналардың өтініші,

- негізгі  мектепті  бітіргені  туралы  куәлік.

Оқушылардың  10- сыныпқа  қабылдау  кезінде  педагогикалық  кеңестің  ұсынымдары ескеріледі.

2.5.Ата- аналар  - өтініш  берген  кезде  ата- аналық  құқығын  растайтын  құжаттарды  көрсетуге  тиіс.

2.6.Білім  алушыларды  мектепке  қабылдаған кезде  мектеп  әкімшілігі  білім алушылардың  ата-аналарын(заңды  өкілдерін) келесі  құжаттармен  таныстыруға  міндетті:

2.7.Білім  алушыны  мектепке  қабылдау  өтініш  берген  күннен  бастап  екі  күннің  ішінде  директордың  бұйрығымен  ресімделеді.

2.8.Білім  алушыларды  1- ші  және  10- шы  сыныпқа  қабылдау  туралы  бұйрық  ағымдағы  жылдың  2- қыркүйегінен  кешіктірмей  шығарылады.

2.9.Баланы  мектепке  қабылдау  туралы  бұйрық  шыққан  соң  білім  алушылардың  әліпбилік  жазба  кітабына  сәйкес  жазба  жасалады.

2.10.Әр  білім  алушыға  жеке  карталарды  жүргізудің  бекітілген  талаптарына  сәйкес  білім  алушының  жеке  картасы  ресімделеді. Жеке  картаның  нөмері  білім  алушылардың  әліпилік  жазба  кітабындағы  нөмерге  сәйекс  беріледі.

2.11.Баланы  мектептен  шығарған  кезде  әліпилік  кітапқа  баланың  кеткен  жерін  және  кету  себебін(мектеп  бойынша  бұйрық) көрсете  отырып, сәйекс  жазба  жасалады.

2.12.Білім  алушылардың  жеке  карталары  мектепте  сақталады. Білім  алушы  басқа  БҰ- на ауысқан кезде  жеке  карта  жазбаша  өтінішінің  негізінде  ата- аналарға  беріледі.

2.13.Білім  алушы  оқу  жылының  ішінде  бір  мектептен  басқа  мектепке  ауысқан  жағдайда  негізгі  құжаттармен  қатар  мектеп  деректорының  қолымен  және  мөрімен  куәландырылған  білім  алушының  оқу  үлгерімі  ведомосы  қоса  беріледі.

2.14.Сәйкес  деңгейдегі  білім  алуға  құқылы  азаматттардың  бәрі  мектепке  қабылданады.Балаларды  мектепке  қабылдаудан  негізсіз  бас  тартуға  немесе  мектепке  конкурстық  негізде  қабылдауға  жол  берілмейді.

2.15.Білім  алушыларды  мектептен  шығару/тізімнен  алып  тастау.

Білім  алушыларды  мектептен  шығару  тек «Білім  туралы» ҚР Заңымен  көзделген негіздер  бойынша  жүзеге  асырылады.

2.16.Басқа  БҰ-на  ауысуына  байланысты  білім  алушыны  мектептен  шығарған  кезде міндетті  жалпы  білім  беру  туралы  зарнаманың  сақталуына  бақылау  жүргізу  мақсатында  білім  алушының  ата- анасы  құжаттарды  тапсырған  соң  оқушының  осы  мектепке  қабылданатыны  туралы  растау  анықтамасын  ұсынады.

3.ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ, АУЫСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСТАН   ШЫҒАРУ  ТӘРТІБІ

  3.1.Жұмыскерлер  осы  мектептегі  жұмысы  туралы еңбек  шартын  жасасу  арқылы  еңбек  ету  құқығын  іске  асырады.

  3.2.Жұмыскер  мен  БҰ  арасындағы  еңбек  шарты  жазбаша  нысанда  жасалады.  Жұмысқа  қабылдау  мектеп  директорының  бұйрығымен  ресімделеді.Шарттың  талаптары  еңбек  заңнамасымен  кепілдік  берілген  жағдайлардан  нашар  болмауы  тиіс, бұйрық  жұмыскердің  қолын  қойдыру  арқылы  мәлімделеді.

3.3.Жұмысқа  қабылдау  және  еңбек  шартын  жасау  кезінде  жұмысқа  келген  адам  мына  құжаттарды  ұсынады.

- төлқұжат  немесе  жеке  куәлік;

-еңбек  кітапшасы(шарт  бойынша  алғаш  келген  тұлғалар  үшін,-жұмыспен  қамту  орталығыберген  соңғы  қызметі  туралы  анықтама, Қарулы  күштер  қатарынан  шығарылған  тұлғалар  үшін- әсекри  билет );

- білім  мен  кәсіби  дайындыгы  туралы  құжаттар;

- тұрғылықты  жері  бойынша  емханадан  берілетін  денсаулық  жағдайы  бойынша  мектепте  жұмыс  істеуге  қарсы  көрсетілімдері  болмауы  туралы медициналық  ұйғарым, сондай- ақ  жұмысқа  қабылдау  кезінде заңмен айқындалған  өзге  медициналық  құжаттар.

  3.4.Қоса  атқарушылақ  бойынша  жұмысқа  келген  тұлғалар  еңбек  кітапшасының  орнына  негізгі  жұмыс  орнынан  лауазымы  мен  жұмыс  кестесі  көрсетілген  анықтаманы  тапсырады.

  3.5.Жұмыскерді  белгіленген  тәртіппен  жұмысқа  қабылдаған  немесе  басқа  жұмысқа  ауыстырған  кезде  әкімшілік  оны  келесі  құжаттармен  таныстыруға  міндетті:

- БҰ  Жарғысымен;

- Ұжымдық  еңбек  шартымен;

- Ішкі  еңбек  тәртібі  ережелерімен;

- Лауазымдық  нұсқаулықтарымен;

- еңбекті  қорғау  және  өрт  қауіпсіздігі  жөніндегі  бұйрықтармен.Еңбекті  қорғау  және қауіпсіздік  бойынша  бастапқы  нұсқама  журналына» жазба  қалдыру  арқылы  еңбекті  қорғау  бойынша  бастапқы  нұсқама  жүргізу, сондай- ақ  еңбек  және  оған  ақы  төлеу  туралы  ақпараттандыру.

  3.6.Еңбек  шартын  тоқтату заңнамамен  көзделген  негіздер  бойынша  ғана  орын  алуы  мүмкін.

  3.7.Бес  күннен  астам  жұмыс  күнінде  жұмыскерлердің  бәріне  бекітілген  тәртіпте  еңбек  кітапшалары  ашылады.Жұмыскерлердің  еңбек  кітапшалары  қатаң  есептіліктегі  бланкілер  ретінде  мектепте  сақталады.

  3.8.Әр жұмыскерлерге  жеке іс  ашылады, ол  кадрларды  есепке  алу  бойынша  жеке  парақтан, өмірбаянынан, білімі, біліктілігі,кәсіби  даярлығытуралы  құжаттардың  көшірмелерінен тұрады; медициналық  кітапша  толтырылады, мұнда  денсаулық  жағдайы  бойынша  мектепте  жұмыс  істеуге  қарсы  көрсетілімдері  болмауы  туралы  ұйғарым  болуы  тиіс;тағайындау, ауыстыру, ынталандыру  мен  жұмыстан  шығару  туралы  бұйрықтардан  үзінділер.Жұмыскер  жұмыстан  шыққан  соң  оның  жеке  ісі  мектепте  қалады.

  3.9.Жұмыскерді  басқа  жұмысқа  ауыстыру  тек  оның  келісімімен  жүргізіледі, тек заң  өндірістік  қажеттідікке  байланысты  уақытша  болмаған  жұмыскерді  алмастыру  үшін  және  тоқтап  қалуға, соның  ішінде  ішінара  тоқтап  қалуға  байланысты  жұмыскердің  келісімінсіз  уақытша  ауыстыруға  жол  беретін  жағдайлардан  басқа.

  3.10.БҰ  жұмысын  ұйымдастыру  мен  мектепте  еңбекті  ұйымдастырудағы  өзгерістерге  байланысты(сағат  санының, сағат  жоспарының, мектептің  жұмыс  режимінің  өзгерістері, оқыту  мен  тәрбиенің жаңа  нысандарын  енгізу  және т.с.с.) сол  лауазым, мамандық, біліктілік  бойынша  жұмыс  істеген  кезде  жұмыскердің  еңбек  жағдайының  елеулі  өзгерістеріне:еңбекке  ақы  төлеу  жүйесі, жеңілдіктер, жұмыс  режимі, оқу  жүктемесі  көлемінің  өзгерісі, соның  ішінде  толымсыз  жұмыс  уақытынбекіту  немесе  алып  тастау, қосымша  жұмыс  түрлерін  бекіту немесе  алып  тастау(сынып  жетекшілігі, кабинетке, шеберханаға  жетекшілік  ету  және  т.б) кәсіпкерлерді  қоса  атқару, сондай- ақ еңбектің  өзге  елеулі  шарттарын  өзгерту  секілді  жағдайларға  жол  беріледі.

Жұмыскер  оның  еңбегінің  елеулі  талаптарының  өзгеруі  туралы  кем  дегенде  бір  ай  бұрын  хабардар  болуға  тиіс.Егер  бұрынғы  елеулі  еңбек  жағдайлары  сақталмасас, ал  жұмыскер  жұмысын  жаңа  жағдайда  жалғастыруға  келіспесе, еңбек  шарты  тоқтатылады.

  3.11.Еңбек  туралы  заңнамаға  сәйкес  белгілі  мерзімге  шарт  жасасқан  жұмыскерлер  ҚР  заңнамасымен  көзделмеген  жағдайлардан  басқа  кезде  шартты  мерзімінен  бұрын  бұза  алмайды.

  3.12.Жұмыстан  шығатын  жұмысекрді  оның  келісімен  басқа  жұмысқа  ауыстыру  мүмкін  болмаған  жағдайда  жұмыскерлер  штаты  немесе  саны  қысқаруына  байланысты  не  атқарып  отырған  лауазымына  сәйкес  келмеуі  бойынша  жұмыстан  шығаруға  жол  беріледі.

Маңызды  себепсіз  еңбек  міндеттерін  бірнеше  рет  орындамағаны;маңызды  себепсіз  жұмыс  күні  ішінде  үш  сағаттан астам  уақыт  жұмыста  болмау  немесе  кешігу;жұмысқа  масаң күйде, соның ішінде  есірткелік  немесе  уытты  масаю  күйінде  келу;тәрбие  қызметтерін  орындайтын  жұмыскердің  осы  жұмысты  жалғастыруымен  үйлеспейтін  қоғамға  жат қылыққа  барғаны  үшін  жұмыстан  шығару  жұмыстан  шығарылптын  жұмыскердің  кінәсі  дәлелденген  жағдайда  мектептің  сайланбалы  кәсіподақ  органымен  келісусіз  жүргізіледі.

  3.13.Жұмыстан  шығарған  күні  мектеп  әкімшілігі  жұмыстан  шығатын  жұмыскермен  толық  есеп  айырысады  және  оған  тиісінше  ресімделген  еңбек  кітапшасын, сондай-ақ  аттестаттаудан  өтуі  туралы  құжатты  береді.Еңбек  кітапшасына  жұмыстан  шығу  себебі  туралы  жазба  заңнаманың  тұжырымдамаларына  сәйкес  және  заңның  баптары  мен  тармақтарына  сүйене  отырып  жасалады.Заң  жеңілдіктер  мен  басымдықтар  берумен  байланыстыратын  жағдайлар  бойынша  жұмыстан  шықққан  кезде  еңбек  кітапшасына  осы  жағдайлар  көрсетіле  отырып, жазба  жасалады.

 

4.ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ  МІНДЕТТЕРІ

4.1.Мектеп  жұмыскері  мідетті

- адал әрі  әділ  жұмыс  істеуге, Мектеп  жарғысы  мен  ІТЕ  талаптарын, режимді  қатаң  сақтауға, еңбек  тәртібін  сақтауға:жұмысқа  уақытында  келуге,  бекітілген  жұмыс  уақытын  сақтауға, әкімшіліктің  өкімдерін  уақытында  әрі  нақты  орындауға;

- жүйелі  түрде,  бес  жылда  бір  реттен  сиретпей  кәсіби  біліктілігін  арттыруға;

Мектептен, сондай-ақ мектептен тыс  тәртіп  пен  адамгершілікті  парызды  орындауда  үлгілі  болуға;

-білім  қызметкерінің  педагогикалық  әдебін  сақтауға;

-сәйкес  қағидалармен  және  нұсқаулықтармен  көзделген  қауіпсіздік  бойынша  талаптарды  толық  сақтауға;барлық  жарақаттану  жағдайлары туралы  дереу  әкімшілікке  хабарлауға ;

- қоғамдық  мүлікті  сақтауға  және  оқушылардың  мемлекеттік мүлікке  ұқыпты  қатынасын  тәрбиелеуге;

-жыл  сайын  заңмен  бекітілген  мерзімде  медициналық  тексеруден  өтуге.

4.2.Жұмыс  орнын, жиһазды, жабдық  пен  керек-жарақты  дұрыс  әрі  мұқият  күйі  ұстауға, мектеп  үй-жайында  тазалық  сақтауға, жыл  сайын  жаңа  оқу  жылының басында  жұмысс орны  мен  кабинетін  дайындауға.

4.3.Мектеп  мүлкін  сақтауға, материалды  мұқият  қолдануға, электр  энергиясын, су  мен  жылуды  ұтымды  жасауға.

4.4.Бекітілген  құжаттаманы  уақытында  толтыруға  және  мұқият  жүргізге.

4.5.Кесте  бойынша  сабағы  басталғанша  жұмысқа  15  минут  бұрын  келуге.

4.6.Әр жұмыскер лауазымы, мамандығы мен  біліктілігі  бойынша  орындайтын  функционалдық  міндетті  шеңбері  біліктілік  сипаттамаларының, тарифтік  анықтамалықтар  мен  нормативтік  құжаттардың  негізінде  мектеп  директоры  бекіткен  лауазымдық  нұсқаулықтармен  айқындалады.

4.7.Педагог  қызметкерлер  білім  алушылар  осы  уақытта  мектеп  қабырғасында  немесе  мектеп  аумағында  жүрген  жағдайда  білім  беру  процесі, өзге  іс- шаралар  кезінде  білім  алушылардың  өмірі  мен  денсаулығы  үшін  жауаптылыққа  ие.Оқушылардың  жарақаттану  жағдайлары  туралы  дереу  мектеп  әкімшілігіне  хабарлау  керек.

4.8.Мектеп  әкімшілігі  жұмыс  уақытында  педагог  қызметкерлерді  мектеп  кезекшілігіне  тартады.Кезекшілік  сабақ  басталардан  20  имнут  бұрын  басталып, осы  педагогтың  сабағы  біткен  соң  20  минутқа  дейін  созылуы  тиіс.Кезекшілік  кестесі  бір  айға  жасалады  және  кәсіподақ  органымен  келісу  бойынша  мектеп  директорымен  бекітіледі.

4.9.Бастауыш  мектеп  оқушылары  сабаққа  және  сабақтан  пән  мұғалімдерімен  бірге  кіріп- шығуы  тиіс.

5. ӘКІМШІЛІКТІҢ  МІНДЕТТЕРІ

  Мектеп  әкімшілігі  міндетті

5.1.Педагогтар  мен  мектептің  өзге  қызметкерлерінің  еңбегін  әрқайсысы  өз  мамандығы  мен  біліктілігі  бойынша  жұмыс  істейтіндей  етіп  ұйымдастыруға, әр  жұмыскерге  белгілі  жұмыс  орнын  бекітуге,  сабақ кестесімен  және  жұмыс  кестесімен  уақытылы  таныстыруға, педагог  қызметкерлерге  еңбек  демалысына  шықпас  бұрын  келесі  оқу  жылына  арналған  оқу  жүктемесін  хабарлауға.

5.2.Денсаулықты  және  еңбек  пен  оқудың  қауіпсіз  жағдайларын, үй- жайдың  тиісті  күйін, жылытуды, жарықтандыруды, желдетуді, керек- жарақ пен өзге  жабдықты, жұмысқа  қажетті  материалды  қамтамасыз  етуге.

5.3.Сабаққа  қатысуы  және  талдау, әкімшілік  бақылау жұмыстарын  және  т.с.с. жүгізу, сабақ  кестесін  сақтау, білім  беру  бағдарламаларын, оқу  жоспарларын, күнтізбелік  оқу  кестелерін  орындау  арқылы  білім  беру  процесінің  сапасын  бақылауды  жүзеге  асыруға.

5.4.Белгіленген  уақытта  жалақы  беруге, еңбек  және  жұмысекрлер  жағдайына сақталуына  және  жалақы  қорының  жұмсалуына  жүйелі  бақылау жүргізуді  қамтамасыз  етуге.

5.5.Оқу  және  еңбек  тәртібін  қамтамасыз  ету  бойынша  шаралар  қолдануға.

5.6.Жұмыскерлер  мен  оқушылардың  қауіпсіздік  техникасы, өрт  қауіпсіздігі, санитария  және  гигиена  бойынша  талаптар  мен  нұсқаулықтардың  бәрін  білуі  мен  сақтауын тұрақты  бақылауға.

5.7.Жұмыскерлер мен  оқушылардың  жарақаттануының, кәсіби  және  өзге  ауруларының  алдын  алу  бойынша  тиісті  шаралар  қолдануға.

5.8.Жыл  сайын  ағымдағы  жылдың  1  сәуіріне  дейін  бекітілген  кестеге  сәйкес  мектеп  қызметкерлеріне  уақытылы  еңбек  демалысын  беруге, осы  жұмыскер  үшін  белгіленген  демалыс  немесе  мереке  күндері  жұмысқа  шыққаны  үшін  өзге  демалыс  күнін  беру  арқылы  өтеу, жұмыстан  тыс  уақыттағы  кезекшілігі  үшін  демалыс  күнін  беруге.  

.

 

Жарияланған күні: 21-11-2019  

Соңғы жаңалықтар

Қараша айының 15-інші жұлдызында 3 сыныптар арасында қазақтың ұлы ақыны,сазгер,аудармашы Абай Құнан ...

20 қараша 2019
«Туған жер киесі, дархан дарын иесі» сайысы өткізілді.

«№28 жалпы білі беру орта мектебі» КММ-де 15 қараша күні заңғар жазушы Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығына ...

19 қараша 2019
"RIFMO-2019" IT-форумы өткізілді.

Жуырда Ақтау қаласында кең көлемді "RIFMO-2019" IT-форумы өткізілген болатын. IT-апталығы негізінде өткіз ...

18 қараша 2019
ІІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" өнер мен білім байқауында мектебіміздің оқушылары өнер көрсетті

Бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған ІІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" өн ...

17 қараша 2019
"Абай әндерінен хор" сайысында жеңімпаз атанды.

Ақтау қалалық білім бөлімі, қалалық білімді дамыту орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес мұғалі ...

15 қараша 2019