І.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. «№28 жалпы білім беру  орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-білім беру ұйымы)  заңды  тұлғаның  мәртебесіне ие, оқу  тәрбие қызметтерін жүзеге асыру үшін құрылған  коммерциялық  емес  ұйым болып табылады.

  1.2. Білім беру ұйымы  облыс  әкімінің  2001  жылғы «07» маусым  №118 шешімімен құрылды

  1.3. Ақтау қаласының әкімдігі білім беру ұйымының құрылтайшысы  болып табылады,  коммуналдық  меншік  құқығы субьектісінің  оған  қатысты  функцияларын  жүзеге  асырады.

  1.4. Толық атауы:

Мемлекеттік  тілде: «№28 жалпы білім беру  орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі;

Орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная  средняя  школа  №28»

1.5. Орналасқан жері: Қазақстан  Республикасы, Маңғыстау  облысы, 130000, Ақтау қаласы, 29 ықшам аудан, телефон  8(7292) 40-16-56.

1.6. Құқықтық нысаны: Коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі.

.

ІІ «№28 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК  МЕКЕМЕСІНІҢ ЗАҢДЫ  МӘРТЕБЕСІ

2.1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымы  өзі мемлекеттік  тіркеуден  өткен кезден бастап  құрылған  деп саналады  және заңды  тұлғаның  құқығына  ие болады.

2.2. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымының  дербес балансы, заңдарға сәйкес банктерде шоттары, Қазақстан  Республикасының мемлекеттік  елтаңбасы  бейнелеген мемлекеттік тілде  атауы жазылған  мөрі,  бланкілері  болады.

2.3. Белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану, билік ету  құқығы  берілген мекемелерді  қоспағанда, білім беру ұйымы, басқа заңды  тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ  оның  құрылтайшысы (қатысушысы)  бола  алмайды.

  2.4. Білім беру ұйымының міндеттемелері бойынша  өз билігіндегі  ақшаға  жауап береді.

Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымы  ақша  жеткіліксіз  болған  жағдайда  оның  міндеттемелері бойынша бекітілген сметаның  көлемінде  Ақтау қалалық білім бөлімі жауаптылықта  болады.

2.5. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымымен  жасайтын азаматтық-құқықтық  мәмілелер  Қазақстан  Республикасының Үкіметі  белгілеген  тәртіппен  тіркелуге тиіс.

Шарттық  міндеттемелер  бойынша  мемлекеттік мекеменің жауапкершілігі  заңнамаға  сәйкес мемлекеттік  мекемені  ұстауға  бекітілген  смета  шегінде туындайды

ІІІ. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК  МЕКЕМЕ  ҰЙЫМЫ  ҚЫЗМЕТІНІҢ  МӘНІ, МАҚСАТЫ, ТҮРІ, МІНДЕТТЕРІ

3.1.Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымы қызметінің  мәні  мен мақсаты- «Білім туралы» Қазақстан  Республикасының Заңында және осы  жарғыда  көзделген  білім беру  қызметін көрсету  болып табылады.

3.2. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымының басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,  ғылым мен  практика  жетістіктері негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға, дамытуға  бағытталған білім алу үшін  қажетті  жағдайлар жасау  болып табылады.

3.3.Коммуналдық  мемлекеттік мекеме  ұйымының қызметіне  мыналар  кіреді:

1) білім бағдарламаларын игеруіне  жағдайлар жасау;

2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен  салауатты, саламатты өмір салтының берік негіздерін  қалыптастыру,  даралықты  дамыту үшін жағдай жасау  арқылы  ой-өрісін  байыту;

3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан  Республикасына  сүйіспеншілікке, мемлекеттік  рәміздерді құрметттеуге, халық дәстүрін  қастерлеуге,  Ата заңға қайшы  және қоғамға  жат  кез  келген көріністерге төзбеуге  тәрбиелеу;

4) Республиканың  қоғамдық-саяси, экономикалық  және мәдени  өміріне  қатысу  қажеттігін, жеке адамның  өз құқықтары мен міндеттеріне саналы  көзқарасын  қалыптастыру;

5) Отандық  және  әлемдік  мәдениеттің жетістіктеріне  баулу, қазақ  халқы  мен республиканың  басқа да  халықтарының  тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін  зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін  меңгерту;

6) Коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдарының еріктілігін, дербестігін  кеңейту, білім беру  ісін басқаруды  демократияландыру;

7) оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді  ақпараттандыру, халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу.

3.4. Мектеп оқушыларының  мынадай  құқықтары  бар:

- кез-келген кезде коммуналдық мемлекеттік мекеменің директорына және  оқытушыларына  қажетті  консультациялар, түсініктемелер, әдістемелік көмектер  алу үшін  байланыс жасауға болады;

- коммуналдық мемлекеттік мекеме  оқулықтары, оқу құралдары  және көркем әдебиеттерін пайдалануға;

- білім мен  дағдыны  қалыптастыруда жеке белсенділік  көрсетіп, коммуналдық мемлекеттік мекеменің  барлық мүмкіндіктерін  пайдалануға;

- құқығын қорғау  және сыпайы  қарым-қатынаста болуға;

- тереңдетіліп оқытылатын пәндерді, сыныптан тыс  факультативтік  сабақтарды, емтихан  және курс  бойынша  таңдауға болады;

- оқыған  пәндерінен  обьективті  бағаны  жариялы  түрде  сол бойда алу;

- бақылау жұмыстарының  мерзімін  алдын-ала білу;

- мемлекеттік мекеме  кеңесі мен  әкімшілігіне бағдарламалық оқыту  және тәрбиелеуді  жақсартуға  ұсыныстар енгізу;

- мұғалімдермен  келіспеушілікті  шешуде  коммуналдық мемлекеттік мекеме кеңесі  мен әкімшілігіне  аппеляция  беру;

- сыныптан  және мемлекеттік  мекемеден  тыс  шараларға қатысу. 

3.5. Коммуналдық мемлекеттік мекеме оқушыларының  міндеттері:

-  Коммуналдық мемлекеттік мекеме жарғысын құрметтеу және орындау;

- Коммуналдық мемлекеттік  білім  стандарты мен  мемлекеттік мекеме  бағдарламасына  сай білімді меңгеру;

- оқуға бөлінген  уақытты  толықтай  пайдалану, сабақтарға жүйелі  дайындалып, сыныптан тыс және қосымша сабақтарға белсене қатысу;

- Коммуналдық мемлекеттік мекеме мұғалімдеріне  және  басқа да  қызметкерлеріне құрметпен  қарап, берген  нұсқауларын  орындап, талас  сұрақтарды мемлекеттік мекеме жарғысы  анықтаған  принциптермен шешу;

- сабаққа кешігуге  және сабақ  кезінде  қыдыруға болмайды;

- күнделікті  ұқыпты  жүргізіп  және оны  мұғалім талабы  бойынша беру;

- мемлекеттік мекеме өмірінде  белсенділік  көрсетіп, оның  дәстүрін, беделін  ұстау  және дамыту;

- үлкендерге  құрметпен  қарап, ата-аналарды  сыйлап, қайырымдылық  көрсетіп, кішіге қамқорлық  жасау;

- өзін сенімге сай, мәдениетті  жүріп және  дұрыс киініп, темекі тартпай, спирт  ішімдіктерін, нашақорлық заттарын пайдаланбай, бейпілауыздыққа  бармай  ұстау;

- Коммуналдық мемлекеттік мекемеде  сүйкімді  көрініп, белгіленген  мектеп формасын қатаң  сақтауға  міндетті;

- ұялы  телефон  ұстауға болмайды, егер телефон жоғалған жағдайда мектеп  жауапкершілікті өз  мойнына алмайды.

- оқушылар  (ұлдар)   шаштарын  мектеп  үлгісіне  сай қоюы тиіс (ұзын шаш, айдар)  рұқсат етілмейді;

- қыздарға  түрлі бояулар  қолданып, көзге  анайы  көрінетін әшекейлер тағуға болмайды;

- сабақ  жіберген  себебіне орай анықтама  және тағы басқа құжат әкелу;

- сабақта және одан  тыс уақытта қауіпсіздік ережелерін білу, әрі сақтау;

- табиғатты қорғау;

- мемлекеттік, қоғамдық  және жеке меншікке  ұқыптылықпен  қарап, қорғау;

- Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүліктерін  бүлдірген  жағдайда  оны  өңдеп, қалпына келтіру;

 

  3.6. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мұғалімдерінің  құқығы:

- мемлекеттік  талаптарға  сай  оқушыларға  білім беруде оқу жоспары, бағдарламасы, оқыту мен  тәрбиелеудің  түрлері мен  тәсілдерін  тұрғылықты  таңдау;

- шығармашылық, қоғамдық  және  педагогикалық  бастамалар жасап, өзін-өзі басқаруға, сайлану  мен сайлауға  құқық беріледі;

- оқушыларға, олардың  ата-аналарына, әріптестер  мен басқа да коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне  сыйластықпен қарап, құрмет тұту;

- ата – аналармен олардың  балаларының оқуы мен тәртібі  жөнінде  қажеттілікке  орай  қарым-қатынас жасау;

- оқушыларды қосымша  сабақтарға  шақырып, консультациялар  ұсыну;

- оқу барысында  кесел  келтіретін  оқушыларға  шара қолдану  үшін, коммуналдық мемлекеттік мекеме кеңесіне өтініш беру;

- педагогикалық кеңес, конференция, әдістемелік  бірлестіктерге қатысу;

- педагогикалық ұжымға  өзіндік  ұсыныстарын  енгізу;

- аттестациялық комиссиямен бекітілген кәсіби санатын  жоғарылатып және бекітіп отыру;

  3.7.  Коммуналдық мемлекеттік мекеме мұғалімдерінің  міндеттері:

- педагогикалық  жаңалықтарды зерттеп, эксперименттерге дайын болу;

- оқушыларға  кәсіби  шеберлікпен  қарап, олардың қалауын табу;

-ынтымақтастық  педагогикасы, шығармашылыққа тырысу  және  меңгеру;

-педагогикалық  шеберлігін  арттыра отырып,  өз пәнін  жоғары  деңгейде  оқыту;

- еңбек тәртібін  қатаң сақтап, оны  оқушыларынан  да талап ету;

- тәрбие жұмысын  нақты  жоспарлап, ондағы жеке ерекшеліктер туралы әкімшілікке  хабарлау;

- сынып журналын, электрондық журналды  ережеге сай  жүргізіп, оқушы  білімін  уақытында бағалап  күнделікке  қойып  отыру;

- пәні бойынша консультация  беру;

-алдын- ала  келісім  бойынша  әкімшілікті, ата-аналарды  және  қоғамдық  орын адамдарын  сабағына қатысуға  жіберу;

-әріптестерін, әкімшілікті, оқушылар  және  ата- аналарды сыйлау;

-оқушыларды  қоңыраумен сабаққа жіберіп, қоңыраумен  шығару, мұғалім  оқушыларды қоңырауға  жібермеуге құқы жоқ;

- санитарлық- гигиеналық  режимді сақтау;

- коммуналдық мемлекеттік мекемеден  тыс  оқушы  уақытымен  мұғалім есептесуі керек.

-жұмыста жоқ  әріптестер  сабағын алмастыру;

-кезекші  мұғалім өзінің міндетін  жұмыс уақыты  бойынша шынайы  көңілмен  орындауға міндетті.

3.8. Сынып  жетекшісінің  құқығы:

- сынып алу туралы  пікір  айту және  оны қорғау;

- тәрбие жұмысы  жоспарын  өз қалауымен жасап, оны іске  асыру жолын таңдау;

-тәрбие жұмысын  өткізуде әкімшіліктен  санаттық  көмек алу;

-өз сыныбының  сабақтарына  мұғалімдердің алдын-ала  келісімімен  қатысу;

-келіспеушілікті  шешу үшін  керек  болған жағдайда  оқушылар  ата-аналарын шақыру;

-бала құқығын  қорғау туралы әкімшілікте, мемлекеттік мекеме кеңесінде және басқа  деңгейлерде  пікір айту;

 - жанұямен  келісіп  оқушылар  үйлеріне  бару;

 - сынып  оқушыларымен  арада  шешілмейтін  дау немесе  жеке оқушылармен  қарым-қатынас  қиындағанда, жетекшіліктен  босатуды сұрау;

3.9. Сынып жетекшілерінің  міндеттері:

- оқушыға  жағдай  жасап, коммуналдық мемлекеттік мекеме дәстүрі  мен беделін  көтеруге жұмыстану;

- әр баланың  жеке сапаларын  дамытып, білім  алуда белсенділік  көрсеткендерді мадақтау;

- әр оқушының  құнды сапаларын  сезініп, сыйлап, өзіне, басқа адамға  деген сыйластығын  тәрбиелеу;

- балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасап, шылым  шегу, спирт  ішімдіктерін  ішумен, нашақорлықпен  күресу;

-  коммуналдық мемлекеттік мекеме абыройын  сақтауға  қамқорлық  жасауға тәрбиелеу;

- үлгілі оқуы мен тәртібі, еңбек сүйгіштігі мен қоғамдық  жұмыстардағы  белсенділігі  үшін  мадақтауға өтініш  жасау;

- анайылық, тәртіп  бұзу, тұрпайылыққа  жол бермеу;

- оқуы мен демалысын  құруда  әр оқушының  жеке  мінезі  және  қабілетіне  орай көмек ету;

- сынып  журналы, күнделікке бағаларды, сабаққа кешігу, сабақ  жіберу белгілерін  қойып отыру;

- сабақты  себепсіз жібермеу;

- ата-аналармен  байланыста болу;

- оқушының  сабаққа қатыспау  себептерін анықтау;

- ауру балаларға көмек көрсету;

- құқықты  қорғау  туралы уақытында  білім беріп  отыру;

- коммуналдық мемлекеттік мекеме жарғысын  жүйелі  бұзушыларды коммуналдық мемлекеттік мекемеден  шығару туралы мәселе көтеру;

3.10. Ата-аналар құқығы:

- коммуналдық мемлекеттік мекеме кеңесіне сайлануға және сайлауға, коммуналдық мемлекеттік мекеме шараларын  коммуналдық мемлекеттік мекеме кеңесімен, әкімшілік  мүшелерімен шешуге қатысу;

- балалары оқып жатқан  бағдарламаны білу және оны  жетілдіру, өзгерту  туралы пікір енгізу;

- коммуналдық мемлекеттік мекемеден  кез-келген  мәселе туралы  мәлімет алу;

- мұғаліммен  келіспеушілік  болған жағдайда, оны шешу үшін  мемлекеттік мекеме   кеңесінен, әкімшілігінен  көмек сұрау;

- мұғалімдер, балалар, басқа ата-аналар  тарапынан  өзара  сыпайылық пен  сыйластық қатынастарын  жақсарту;

- мораль және құқық нормаларына орай бала құқын сақтауға  жұмыстану;

- мектеп әкімшілігінің  рұқсатымен және  мұғалім келісімі  бойынша  сабаққа қатысу;

3.11. Ата-аналар міндеті:

- өз баласын  ересек адам  ретінде сыйлау  және  құрметтеу;

- жоғары  адамгершілік  сапалары мен  үлгілі идеалдар  негізінде тәрбиелеу;

- өмірдегі  жеке тәртібі арқылы  үлгі көрсету;

- үй тапсырмасын  орындауға  жақсы жағдай жасау;

- коммуналдық мемлекеттік мекемеде оқуы үшін қажетті оқу құралдарымен,  киімдермен қамтамасыз  ету;

- балалардың  мұғалімдері, сыныптастары және  жолдастарына  сыйластықпен қарау;

- мұғалімдер  немесе  әкімшілік  сұрауымен  және ыңғайлы  уақытта коммуналдық мемлекеттік мекемеге келу, ата-аналар  жиынына қатысу;

- сынып жетекшілеріне коммуналдық мемлекеттік мекемеден  тыс  шаралар  өткізуге көмектесу;

- балалардың денсаулығына  қамқорлық  жасап, жұқпалы  аурумен  ауыра қалса  хабарлау, ауырған баланы  сабаққа жібермеу, аурулық себеппен  сабақ жіберген жағдайда  дәрігерден  анықтама  әкелу;

- кәмелеттік жасқа жеткенше моральдық, материалдық және құқықтық  жауап беру.

3.12. Коммуналдық мемлекеттік мекемеде діни ұйымдар құруға және жұмыстар  жүргізуге болмайды.

IV.КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ  ҮРДІСІНІҢ  МАҚСАТТАРЫ, ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫН  БІЛІМ БЕРЕТІН  ОҚУ  БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ  ТІЗБЕСІ

4.1. Білім беру  үдерісінің  мақсаты- азаматтардың  ақысыз  жалпы орта білім алуын  қамтамасыз ету болып табылады.

4.2.Білім беру  ұйымы  өз  қызметіне  тиісті  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  Үлгілерінің  негізінде  жасалған  негізгі  жалпы  білім беру  бағдарламаларын іске асырады.

4.3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме жалпы бастауыш, жалпы негізгі және орта білім беру әрекетінде жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты шеңберінде негізгі және қосымша бағдарламаларды енгізіп, іске асырады.

Жалпы білім  беретін бағдарламалар  жеке  адамның жалпы  мәдениетін қалыптастыру, жеке адамды  қоғамдағы өмірге  бейімдеу міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған болса, қосымша білім беретін  бағдарламалар  оқушылардың  білімге және мәдениетке  деген қажеттерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында іске асырылады. 

Жалпы білім беруге:

-жалпы бастауыш  білім беру;

-жалпы негізгі білім беру;

-жалпы орта білім беру;

-жалпы қосымша білім беру кіреді.

Жалпы  білім берудің әрбір  сатысындағы білім беру мазмұны тиісті жалпы білім беру  бағдарламасымен белгіленеді.

4.4. Коммуналдық мемлекеттік мекеме коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру мақсатында жауап бермейтін іс әрекеттермен айналысуға құқығы жоқ . 

V. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ

5.1. Азаматты  коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымына  қабылдау кезінде  мектеп әкімшілігі  оны немесе  оның  ата-анасын  немесе  өзге де заңды  өкілдерін  білім беру  ұйымының  жарғысымен, білім беру қызметімен жүргізуге  құқық беретін  лицензиясымен  және қабылдау мен  оқу-тәрбиелеу  үрдісін ұйымдастыру тәртібін реттейтін басқа да  құжаттармен таныстыруға  міндетті.

5.2. Құрылтайшы  осы  өңірде  тұратын  және тиісті  дәрежедегі  білім беру ұйымына  жалпы орта  білім беру  сатыларына  қабылдау  тәртібін  белгілейді.

5.3. Коммуналдық мемлекеттік мекемеге қабылдау кезінде бірінші кезекте

29 ықшам ауданда тұратын балалар қабылданады.

5.4.Шағын орталыққа 4-5 жасқа толған балалар, мектеп алды сыныптарға осы жылдың 01 қыркүйегіне дейінгі 5-6 жасқа толған балалар; 1 сыныпқа  осы  жылдың  01  қыркүйегіне дейінгі 6-7 жасқа толған балалар қабылданады.

Қабылдау ата-аналардың немесе басқа заңды  өкілдерінің  жазба арызы, медициналық анықтамасы, туу туралы  куәлігінің  көшірмесі, тұрғылықты жерінің анықтамасы, 2 дана /3х4/ фотосурет, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), ата-анасының жұмыс орнынан анықтама негізінде іске  асырылады.

VI.КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ (ОНЫҢ ІШІНДЕ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ТІЛІ, БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ САБАҚ РЕЖИМІ)

  6.1.  Білім алушылардың оқу жүктемесі, сабақтар режимі коммуналдық мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.

6.2. Білім беру ұйымдарына қарасты шағын орталық балаларына және мектеп оқушыларына медициналық тұрғыда қамтамасыз ету ұйымдастырылады.

Білім беру ұйымдарындағы медициналық пунктердің ең шағын  үй-жайлары медициналық қызметкердің кабинеті мен процедуралық кабинеті қамтиды.

Жалпы білім беретін мектептің штаттық  кестесі медициналық қызметкер  (медбике, дәрігер) бірлігін қамтиды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мектептегі медициналық қызметкер өз біліктілігін уақытылы арттырып отырады.

6.3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымындағы  оқу және  тәрбие үрдісі  жұмыстық оқу  бағдарламалары  мен  жұмыстық оқу  жоспарларына сәйкес  жүзеге асырылады.

6.4. Коммуналдық мемлекеттік мекеме бағдарламаларының негізгі  мазмұны  мемлекеттік  жалпы міндетті  білім үлгілерінің негізінде  әзірленетін  үлгілік  оқу жоспарлары  мен  бағдарламалары  арқылы  жүзеге асырылады.

6.5. Коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымы үлгілік жоспарлар  мен бағдарламалардың  негізінде оқу жоспарлары  мен  бағдарламаларын әзірлейді және  бекітеді.

6.6. Ұйым білім беру үрдісін жалпы орта білім берудің  үш сатылы жалпы білім беру  бағдарламаларына сәйкес жүзеге  асырады: бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі (5-9 сыныптар)  және орта (10-11 (12) сыныптар).

6.7. Бастауыш жалпы  білім  беру (1-саты); оқу, жазу, санауды оқу  әрекетінің  негізгі  дағдысы  мен  іскерлігін, теориялық  ойлау элементтері, оқу әрекеттеріндегі  қарапайым  өзіндік бақылауға, сөйлеу  және мінез-құлық мәдениетіне, жеке басының  тазалығын  сақтауға,  салауатты  өмір салтына  үйретеді. 

6.8. Негізгі  жалпы  білім  беру (2-саты): арнайы пәндік  білімдер негізін  қалыптастырады, оқушының  жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыруына  ықпал  етеді, икемділігін, көз  қарастарын  базалық  білім  алуын, әлеуметтік  өзіндік  айқындауын  қалыптастырады. Негізгі орта білімнің  жалпы білім беретін  оқу бағдарламасын  игеру мерзімі- бес  жыл.

6.9.  Жалпы  орта  білім беру (3-саты) міндетті болып саналады. Жалпы  білім беру пәндері  бойынша  дайындықтың  соңғы  этапы болып  табылады. Әр оқушыдан оқу  әрекеті  негізін тұрақты  танымдық қызығушылығын, шығармашылық іскерлігін, өз  бетінше оқу дағдыларын  қалыптастырады. Бұл  сатыда оқушылардың кәсіпкерлік бағытын, мүмкіндіктері мен  қызығушылықтарын  іске асыру  бағытында кәсіптік  және  таңдау  оқулары  орындалады. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін  оқу бағдарламаларын игеру мерзімі- екі жыл.

6.10.  Ата-аналардың немесе өзгеде заңды өкілдердің мүдделерін ескере отырып, жергілікті білім беруді басқару органдармен келісім бойынша білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптары (бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс) немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларына көрсетілген толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкін.

Инклюзивтік және арнайы сыныптардағы даму мүмкіндігі шектеулі барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын арнайы педагогтер (логопед, психолог т.б) жүзеге асырады. Жалпы сыныптарға қосылған даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы білім беретін бағдарламалар бойынша (мүмкіндігінше арнайы бағдарламасы бекітіліп) білім алады.

6.11. Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарға бара алмайтын азаматтар үшін үйде жеке оқытуды ұйымдастырады.

6.12. 1 сыныпта  оқу сабақтарының  режимі «сатылы»  болуы  керек. Оқу  жүктемесін  бірте-бірте  арттыра  отыра  1  тоқсанда-ұзақтығы 35 минуттан 3  сабақ; 2  тоқсаннан  бастап  ұзақтығы 35  минуттан 4  сабақ.

6.13. Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі оқу кестесінде оқушылардың тамақтануына және активті демалысына жететіндей үзілістер қарастырылуы керек.

Коммуналдық мемлекеттік  мекемедегі оқу сабағы  08.00  сағаттан  ерте  емес  уақытта басталуы  керек.

6.14. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде  жүргізіледі, шетел тілдері  оқу жоспарлары мен бағдардамаларына  сәйкес үйретіледі.

6.15. Оқу жылының ұзақтылығы 9 айды құрайды. Оқу жылы қыркүйектің 1-де  басталып, мамыр айының 25 жұлдызында  аяқталады.

6.16. Коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымында мынадай оқу сабақтарының  түрлері  белгіленеді: сабақ, бақылау жұмысы, дербес жұмыс, сынақша, тесттер.

6.17. Оқу сағатының ұзақтығы  35 және 45 минутты құрайды. Оқу  сағаттарының  аралығындағы  үзілістер  5,10  және 15 минутқа  созылады.

Ұйымда оқу сабақтары  сағат 8-ден  ерте басталмайды.

  6.18. Сыныптарда  оқушы санының толымдылығы  төмендегіден  аспауы қажет.

- бастауыш сыныптарда -25 бала

- жоғарғы сыныптарды -30 бала

  6.19. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымы кәмелетке  толмаған  білім алушылардың  ата-аналарына  және өзге де  заңды өкілдеріне  оқу және тәрбие  үдерісінің барысымен  және мазмұнымен , сондай-ақ  білім алушылардың үлгерімімен  танысу  мүмкіндігін  қамтамасыз етеді. 

  6.20. Оқушылардың  денсаулығымен  дене  дамуына  бағытталған  медициналық  көмекті  көрсету, емдеу-профилактикалық  шаралар  жүргізу, тамақтанудың сапасын, тәртібін  және  нормасын  сақтауды  қадағалауды  педогогикалық  ұжымымен  бірге  штаб немесе  арнайы  бекітілген  медициналық қызметкерлер  жүргізеді.

6.21.Коммуналдық мемлекеттік  білім  беру мекемесінде  тегін  тамақпен қамтамасыз  етуді  жергілікті білім  беру  органы  жүргізеді.

6.22. Коммуналдық мемлекеттік  мекемесі  жалпы орта білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті стандартына  сәйкес  сапалы білім  беру  үшін  заңды  түрде  жауапты. 

6.23. Оқыту мемлекеттік тілде жүргізіледі, шетел тілдері  оқу жоспарлары мен бағдардамаларына  сәйкес үйретіледі.

6.24.Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі  тілдер  саясаты Қазақстан  Республикасы  Ата  Заңына және  заңнамаға  сәйкес  жүргізіледі. 

6.25. Қазақстан  Республикасының білім  және ғылым  Министрлігінің бұйрығына  сәйкес оқу жылы  бойында  жаздық, күздік, қыстық, көктемдік  каникулдар  беріледі. 1 сыныпқа  3  тоқсан  ортасында  қосымша  каникул беріледі. Басталуы мен аяқталу  уақытын Уәкілетті  орган  бекітеді.

   6.26. Сыныптан  сыныпқа  көшіру  және  мектеп  бітіру «Оқушыларды  сыныптан сыныпқа көшіру және мектеп  бітіру  тәртібі  туралы»  нұсқау  негізінде  жүргізіледі.

   6.27. Оқушылардың  мектептен  тыс шаралары  әр  түрлі  студияларда, спортты үйірмелерде, клубтарда, ғылыми, қоғамдық және басқада  бірлестіктерде  жүзеге  асырылады.

Гимназия сыныптарының негізгі міндеттері

Негізгі пәндер бойынша білім беру бастауыш буында жалпыға бірдей білім беру бағдарламасын  басшылыққа алады.

Гимназия сыныптары жұмысының бағыты:

- жеке тұлғаның адамгершілікті жоғары мәдениеттілігін қалыптастыру, қоғамға және өмірге, өзінің болашақтағы мамандығын дұрыс таңдай білуге, дұрыс бағыт беру;

- оқушының ойлау деңгейін, жеке қабілет ерекшелігін дамыту;

- жеткіншекті қазақ елінің ұлтжанды азаматын тәрбиелеуге, еңбекқор болуға, заңдарды сыйлауға, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу;

- жоғарғы білім алуын дұрыс таңдауға бағыт беру;

- жалпы гуманитарлық дайындықты көтеру, сол бағытта тіл жағынан, психология, эстетика және т.б., сонымен қатар жеке тұлғаны адамгершілік пен ізгілік бөлімі жүйесінің мазмұны гуманитарлық білімге негізделген;

- қолдану мақсаты отандық және шетелдік педагогикалық тәжірибеге негізделген;

  Гимназия сыныптары заңдардың ретімен орындалуын басшылыққа ала отырып, жалпыға бірдей білім берудің мемлекеттік үлгіде орындалуын қамтамасыз етеді.

Пән мен мақсатының гимназия сыныптарындағы

жүзеге асуы

Гимназия сыныптарындағы пәндердің жұмысы:

- ғылым мен технологияны жаңалықтарын жинақтап, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту;

- педагогикалық оқу процессінде жаңа әдістер мен енгізулер даярлау;

- гуманитарлық, лингвистикалық, математикалық түрлері бойынша тереңдетіп оқытуды ұйымдастыру;

- ағылшын тілдерін, информатика пәнін тереңдетіп оқытуды ұйымдастыру;

- хабарлау және дайындау қызметі;

- оқушы мен жастар арасында білім беру мен тәрбиелеу ісін жоғарғы сатыға көтеруді дамыту:

1.   Әр түрлі ұйымдарды құру (ғылыми – методикалық, экологиялық, жарыс сөз, спорт, денсаулық сақтау, көркемдік - әсемдік, валеология, т.б.).

2.   Әр түрлі олимпиадалар, жарыстар, байқаулар, сыйлықтарды тапсыру, марапаттау.

Гимназия сыныптары жұмысының мақсаты:

- дарынды және талантты балаларды айқындау, олардың жеке дамуына жағдай жасау;

- оқушылардың азаматтық және адамгершілік қасиетін дамыту.

Гимназия сыныптарының негізгі атқаратын жұмыстары

Гимназия сыныптарына лайықты жүктелетін міндеттер, атқаратын істердің түрлері – Білім басқармасынан рұқсат алған сәттен бастап білім беру және жеңілдіктер беру  құқығына  ие болған сәттен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Білім министрінің жоспарын негізге ала отырып, гимназия сыныптары оқу – тәрбие жұмысының жоспарын ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының гимназиясының қарарларына сәйкес өз жарғысына өзгерістер енгізеді.

Педагогикалық жүйе келесі үлгі бойынша жүргізіледі:

- I (алғашқы) саты – 1- 4 сыныптар гимназиясы. Балаларды 6 -7 жастан бастап ата – ана өтініші және сынақ көрсеткіші бойынша гимназияға енгізу.

Гимназия сыныптарының (жоспары) құрылымы:

- әкімшілік;

- гимназия сыныптарының кеңесі (әдістемелік кеңес, кәсіподақ кеңесі,

ата-ана комитеті, оқушылардың өзін - өзі басқару өкілі, демеуші)

- сынып – негізгі жеке құрылым.

Өзін - өзі басқарудың негізгі ұйымы гимназия сыныптарының кеңесі. Гимназия сыныптарының кеңесінің құзырына жататын:

- жарғы қабылдау, өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

- оқушылардың тәртіп ережесін бекіту.

- оқушыларды мадақтау, жазалау және ережесін бекіту.

- гимназиядан  шығарылған оқушыларға шешім қабылдау.

- әдістемелік кеңесте оқыту мен тәрбиелеу жүйесін дамытуды ұйымдастыру.

Сыныптардың толығуы 20 адам болады.

Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып 25 мамырда аяқталады.

1 сабақ – 45 минутқа созылады, алты күндік.

Білім жетілдіруді қажет ететін оқушылар педагогтардың әр түрлі көмегімен қамсыздандырылады (қосымша сабақ, түзетулер, жеке көмек)

Жылына 2 рет гимназияда емтихан сынағы болады (тест, емтихан, сынақ, бақылау жұмысы) т.б.

Гимназия сыныптарына оқушыларды қабылдау және шығару ережелері

Оқушыларды бірінші сыныпқа немесе қосымша топқа, бос орынға қабылдау  арнайы комиссияның сынағынан өту барысында жүзеге асады. Оны гимназия сыныптарының кеңесі бекітеді.

Гимназия сыныптарының оқушысы, сол кездегі гимназия сыныптарының ережесіне бағынбаса, ережесін орындамаса гимназия сыныптарының кеңесі оны гимназия сыныптарынан шығаруға құқылы.

Гимназия сыныптарында мадақтау мен жазалау жүреді.

Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру мақсатында,

гимназияның ішкі ережесін сақтау барысында мадақтау мен жазалау

жүйесін енгізу.

Мадақтау:

- Оқушыларды үздік оқуы мен үлгілі тәртібі үшін мадақтау

- әр түрлі жұмыс барысындағы жетістіктері үшін мадақтау (олимпиада, жарыстар, конкурстар, т.б.)

- қайырымды іс – шараға, халықтық қасиетті, ар – намысты қорғаудағы ерлік ісі үшін, жеке тұлғаны және мемлекеттік мүлікті қорғаудағы қайсар ерлігі үшін марапаттау.

- мектеп және сынып арасындағы қоғамдық жұмысқа белсене атсалысқаны үшін марапаттау.

Мадақтау түрлері

-  алғыс.  Алғысты жеке құжатқа тіркеу.

- құрмет грамотасы, диплом.

- мадақтау қағазы, мадақтау грамотасы «Жеке пәндерді оқудағы ерекше жетістігі үшін»

-  ата – анаға алғыс хат, бағалы затпен марапаттау, ақшалай сыйлық.

VII.БІЛІМДЕРДІ АҒЫМДАҒЫ БАҚЫЛАУ, БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ  АТТЕСТАТТАУ ЖҮЙЕСІ, ОЛАРДЫ ӨТКІЗУДІҢ НЫСАНДАРЫ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ

7.1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымы  білім алушылардың  білім беретін  оқу бағдарламаларын  меңгеруін  бақылау мақсатында  білім алушылардың үлгерімін  ағымдағы бақылауды және  білім алушыларды  аралық аттестаттауды  жүзеге асырады.

7.2. Оқушылардың білімін  ағымдағы  бақылау бес  баллдық  жүйе  бойынша  білімнің  сапасы  үшін  баға қою  жолымен  жүзеге асырылады: 5 (өте жақсы), 4 (жақсы),  3 (қанағаттанарлық), 2 (қанағаттанғысыз).

7.3. Аралық  аттестация  бақылау  және  дербес  жұмыстарын  өткізу жолымен  өткізіледі. 9 және 11 сыныптарының емтихандарына  барлық  оқылған  пәндерден  он жылдық  бағалары бар  оқушылар  жіберіледі.

7.4. Коммуналдық мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан сәтті ұйымдардың негізгі және жоғарғы сатысындағы бiтiрушiлерiне (бұдан әрi - бiтiрушiлерiне) ұйымның мөрiмен расталған бiлiмнiң тиiстi деңгейi туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжат (бұдан әрi - құжат) берiледi.

  7.5. Жалпы негiзгi және жалпы орта бiлiмнiң жалпы бiлiм беру бағдарламаларын игеруде ерекше жетiстiктерге қол жеткiзген бiтiрушiлерге үздiк бiтiргендiгi туралы құжаттар берiледi.

  7.6. Білім алуды аяқтамаған бітірушілерге нысанын білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы  бекітетін белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

VIII.АҚЫЛЫ  ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ТІЗБЕСІ  ЖӘНЕ ТӘРТІБІ

8.1. Ақылы  білім  беру қызметі  көрсетілмейді.

IX. БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ  ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІМЕН  ҚАТЫНАСТАРЫН  РЕТТЕУ  ЖӘНЕ РӘСІМДЕУ

9.1. Білім  алушылар

1)  мемлекеттік  жалпыға міндетті  білім беру  стандарттарына  сәйкес  сапалы білім алуға;

2) өзінің бейімділігі  мен  қажеттеріне  қарай қосымша  білім беру  қызметтерін, білімдерді алуға;

3) білім беру ұйымын басқаруға  қатысуға;

4) Қазақстан Республикасының Үкіметі  белгілеген тәртіппен  коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға,  оқулықтармен, оқу- әдістемелік  кешендермен және оқу-әдістемелік  құралдармен қамтамасыз  етілуге;

5) өзінің  пікірі мен  сенімін еркін  білдіруге;

6) өзінің адамдық  қадір-қасиетінің құрметтелуіне;

7) оқудағы,  ғылыми  және шығармашылық  қызметтегі  табыстары үшін  көтермелеуге және сыйақы алуға;

8) спорт, оқу, акт  залдарын,  кітапхананы тегін  пайдалануға  құқығы  бар;

9.2. Білім алушыларды  оқу үдерісінен  алаңдатуға жол берілмейді.

9.3. Білім алушылар  мемлекеттік  жалпыға міндетті білім беру  стандарттарының  талаптарына сәйкес білімді,  шеберлікті,  практикалық  дағдылар  мен  біліктілікті  меңгеруге, ішкі  тәртіп  ережелерін, мектеп  формасын  сақтауға міндетті.

9.4. Білім алушылар  өздерінің денсаулығы  үшін  қам жеуге, рухани  және  тән саулығын  өздігінен  жетілдіруге ұмтылуға, педагог  қызметкердің  ар-намысы  мен  қадір-қасиетін, өздері  білім алатын  оқу орнының  дәстүрлерін  құрметтеуге  міндетті.

  9.5. Білім алушылардың  міндеттерін  бұзғаны үшін  оларға  білім беру  ұйымының  ішкі  тәртібінің ержелерімен  және  жарғысымен  көзделген  тәртіптік  ықпал ету  шаралары  қолданылуы мүмкін.

  9.6. Коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымында оқу-тәрбиелеу  үрдісі, білім алушылардың  денсаулығының  жай-күйі  ескеріле  отырып  жүргізіледі. Коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымы  білім  алушылардың  науқастануын болдырмау, денсаулығын  нығайту, тән саулығын  жетілдіру, салауатты  өмір  салтына  ынталандыру жөніндегі қажетті шаралардың  орындалуын  қамтамасыз етеді.

  9.7. Коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымында  оқытудың, тәрбиелеудің, еңбек пен  тынығудың  салауатты  және қауіпсіз жағдайларын  жасау үшін  жауапкершілік  оның басшысына  жүктеледі.

  9.8. Білім алушылардың ата-аналары  мен өзге де заңды өкілдерінің :

1) баланың  тілегін, жеке бейімділігі  мен  ерекешеліктерін  ескере  отырып коммуналдық  мемлекеттік мекеме  ұйымын таңдауға;

2) ата-аналар комиттеттері арқылы білім беру ұйымын басқару органдарының  жұмысына  қатысуға;

3)  коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымынан  өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына  қатысты  ақпарат  алуға;

4) өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде  психологиялық – медициналық - педагогикалық консультациялардан  консультациялық көмек алуға құқығы  бар.

9.9. Ата-аналар  мен өзге де  заңды өкілдер:

1) балаларға  өмірі мен оқуы  үшін  салауатты және қауіпсіз  жағдайлар  жасауға, олардың  ой-өрісі мен дене  күшін  дамытуды, имандылық тұрғысынан  қалыптасуын  қамтамасыз етуге;

2) қыркүйекте толық алты жастан  бастап жалпы  білім беретін  мектепке беруге;

3) балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуде  мемлекеттік мекеме ұйымдарына жәрдем  көрсетуге;

4) балалардың  оқу орнындағы  сабаққа  баруын  қамтамасыз  етуге міндетті.

X.КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҰЙЫМЫНЫҢ  МҮЛКІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘРТІБІ

10.1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымының  мүлкі, оқу үрдісін  ұйымдастыру үшін  оның  теңгеріміне  құрылтайшымен  берілген  ғимараттар, жабдықтар  ақшалай  қаражаттар  есебінен  қалыптастырады.

10.2. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымының  құқықтары  сонымен қатар  өз еркімен  қайырымдылық, демеушілік  көмек ретінде  түскен  заттарға, ақшалай  қаражаттарға да туындауы  мүмкін.

10.3. Құрылтайшымен мемлекеттік мекеме  ұйымына  оралымды  басқаруға  берілген меншік тек  осы жарғыда  көрсетілген  мақсаттар үшін  пайдаланылады.

XI.  ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ, БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ  ҚЫЗМЕТІН  МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.

  11.1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымын  қаржыландыру  білім беру  деңгейлері бойынша мемлекеттік  жалпыға міндетті  білім беру стандарттарымен  белгіленген  талаптар  және Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  айқындалатын  нормалар  негізінде  бюджеттік қаражаттар  есебінен  жүзеге  асырылады.

  11.2. Коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымының  материалдық-техникалық базасын  құру  және  дамыту  жергілікті  бюджеттің және  Қазақстан Республикасының  заңнамасымен  айқындалатын нормалар  негізінде  бюджеттік  қаражаттар  есебінен  жүзеге  асырылады.

  11.3.  Коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымының  материалдық-техникалық  базасын құру және  дамыту жергілікті бюджеттің  және Қазақстан Республикасының  заңнамасымен  тыйым  салынбаған  өзге де  көздердің  есебінен  жүргізіледі.

XII.   КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҰЙЫМЫНЫҢ  ҚҰЗЫРЕТІ

12.1. Білім беру ұйымының құзыретіне  мынадай функциялар:

1) жарғының жобасын әзірлеу;

2) ішкі тәртіп ережелерін  әзірлеу  және бекіту;

3) жұмыстық оқу жоспарлары мен жұмыстық оқу бағдарламаларын, оқу

дәрісінің күнтізбе кестелерін дайындау және бекіту;

4) білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес

білім алушылардың контингентін қалыптастыру;

5) оқу-тәрбиелеу үрдісін әдістемелік қамтамасыз етуді пайдалану және

жетілдіру;

6) білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және

қорытынды аттестатталуын жүргізу;

7) өз қаржы қаражаттары шектерінде білім беру ұйымындағы

қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген  тәртіппен  лауазымдық айлықақылар (ставкалар), қосымша ақылар, үстеме ақылар және өзге де ынталандыратын төлемдер белгілеу;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен

кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;

9) Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымын материалдық-техникалық қамтамасыз

ету жарақтандыру мен жабдықтау;

10)   жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының

заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша қаржылық және материалдық қаражат көздерін тарту;

11)   білім алушыларды тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен

қамтамасыз ету, білім алушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;

12)   білім алушылардың жекелеген санаттарына Қазақстан

Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңілдіктердің материалдық қамсыздандыру түрлерінің уақытылы берілуін қамтамасыз ету;

13)   білім алушыларды асырау және олардың тіршілік ету жағдайларының белгіленген нормалардан төмен болмауын қамтамасыз ету;

14)   қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің

қызметіне жәрдемдесу;

15)   Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен

қаржылық есептілікті табыс ету жатады.

16) Білім беру ұйымдарының барлық қызметкерлері ұйымда кез-келген жемқорлықпен байланысты тәртіп бұзушылыққа жол бермеу шараларын қабылдауға міндетті («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 Заңы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998ж.№ 15, 209-құжат).

XIII. ҚҰРЫЛТАЙШЫНЫҢ  ҚҰЗЫРЕТІ

13.1. Құрылтайшының ерекше құзыретіне:

1) ұйымның жарғысын қабылдау, өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

2) ұйымды ерікті түрде қайта құру және тарату;

3) атқарушы органдардың қаржы есептілігін табыс етуінің тәртібі мен

мерзімділігін, сондай-ақ бақылау органының тексеру жүргізу тәртібін және олардың нәтижелерін бекітуді айқындау;

4)Қазақстан Республикасының  заңнамасында  көзделген  өзге де

мәселелер жатады.

XIV. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҰЙЫМЫНЫҢ  ҚҰРЫЛЫМЫ. БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ  ТӘРТІБІ, ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ  ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІН  ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ

14.1.Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымы барлық пәндер  бойынша әдістемелік  бірлестіктерден  тұрады.

14.2. Коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымын  басқару  Қазақстан  Республикасының заңнамасына, тиісті түрдегі  білім беру  ұйымдары туралы  үлгілік  ережеге және  жарғыға сәйкес жүзеге асырылады.

  14.3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымын  тікелей басқаруды оның  басшысы  жүзеге асырады.

14.4.Коммуналдық  мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және коммуналдық мемлекеттік мекеменің жарғысында (ережесінде) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

14.5. Коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

14.6. Коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымының басшысы:

1) білім беру ұйымы білім алушыларының, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны ;

2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;

3) мемлекеттік  жалпыға міндетті білім беру стандартының

талаптарын бұзғаны;

4) білім беру ұйымы білім алушыларының және қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезінде өмірі мен денсаулығы;

5) қаржы шаруашылық  қызметтің жай күйі, оның ішінде материалдық

және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;

6) Коммуналдық  мемлекеттік мекеме ұйым қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа  жол бермеуіне және оның алдын-алуға;

7) нормативтік құқықтық актілерге және еңбек шартының

талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады.

  14.7. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) коммуналдық мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда  коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасасады;

4) сенімхаттар береді;

5) коммуналдық мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
 10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және
коммуналдық мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;

11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен (ережемен) және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) жүктелген басқа да функцияларды жүзеге  асырады.

14.8. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымының басшысы үш  жылда бір рет Қазақстан  Республикасының Үкіметі  белгілеген  тәртіппен  аттестаттаудан өтеді.

14.9. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымының  басшысына өзінің  лауазымын білім беру ұйымдары ішіндегі  немесе одан  тыс  жерлердегі  басқа да басшылық (ғылыми және ғылыми-әдістемелік басшылықтан басқа) лауазымдармен қоса  атқаруға  тыйым салынады.

14.10. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымын алқалы  басқарудың  нысаны  білім

беру ұйымының педагогтік  кеңесі,  оқу-әдістемелік  кеңесі  болып табылады.

 

XV.КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК  МЕКЕМЕ ҰЙЫМЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ  ШТАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘРТІБІ, ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖАҒДАЙЛАРЫ, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

15.1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымы  Қазақстан  Республикасының заңнамасында, тиісті  үлгідегі  білім беру  ұйымдарының  қызметі туралы  үлгілік ережелер мен  коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымының  жарғысында  белгіленген  шектерде оқу  және тәрбие  үрдісін  жүзеге  асыруда, кадрларды  іріктеу  мен орналастыруда, ғылыми, қаржы-шаруашылық  және өзге де  қызметте дербес  болады.

  15.2. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымының басшысы  мемлекеттік  басқару органымен  келісім  бойынша  өзінің  орынбасарларын  және бас  бухгалтерді  лауазымға  тағайындайды  және  лауазымнан  босатады. Оларды  тағайындау және босату  тәртібі  қолданыстағы  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына сәйкес  айқындалады.

  15.3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымы қызметкерлерінің  еңбекақы  төлеу жүйесі  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында белгіленген  тәртіппен  айқындалады.

15.4. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымы қызметкерлеріне жалақыны есептеу   ережесін еңбек саласындағы уәкілетті органмен келісім  бойынша  білім беру саласындағы  уәкілетті  орган бекітеді.

15.5. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымы қызметкерлерінің еңбек ақысы және лауазымды жалақысы  олардың біліктілігіне, қызмет міндеттеріне сәйкес бекітіледі.

15.6. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымы өздеріндегі еңбекақы төлеу қаражатының шегінде сыйақының және басқа ынталандыру  түріндегі  төлемдердің мөлшерін дербес анықтай алады.

15.7. Коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымының педагог қызметкерлеріне айлық жалақы есептеу  үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесін:

1) 18 сағаттан  аспайтындай – басқарушы білім беру ұйымдары үшін;

2) 18 сағаттан  аспайтындай – негізгі , жалпы орта білім беру  ұйымдары үшін белгіленді.

15.8. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымының педагог қызметкері:

1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз  етіле  отырып,

педагогтік қызметпен  айналысуға;

2) мемлекеттік жалпыға  міндетті стандарт  талаптары сақталған  кезде  педагогтік қызметті ұйымдастырудың  әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;

3) ғылыми  зерттеудің  тақырыбын  және олардың  нәтижелерін

педагогикалық  тәжірибеде  пайдалану нысандарын  ерікті  таңдауға;

4) білім беру ұйымын басқарудың алқалы  органдарының жұмысына

қатысуға;

5) ұзақтығы төрт  айдан  аспайтын, бес  жылда кем дегенде  бір  рет

біліктілігін арттыруға;

6) санатын арттыру  мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттауға;

7)  әскери кызметке шақырылу  мерзімінен кейінге  қалдырылуына;

8)  жеке  педагогтік  қызметке;

9)  өзінің  кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;

10)   ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік  өтілі сақтала отырып, 

шығармашылық демалыс алуға;

  11) білім беру ұйымы  әкімшілігінің  бұйрықтары  мен  өкілдеріне шағымдануға;

12) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар,

құрмет атақтар , сыйлықтар  мен атаулы  степендиялар  түріндегі  моральдық және материалдық  көтермеленуге;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар;

15.9. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог қызметкерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.

15.10. Тиiстi кәсiптiк бiлiмi жоқ адамдарға ұйымның педагогикалық кеңесiнiң шешiмi бойынша қажеттi мамандар болмаған жағдайда ғана педагогикалық қызметпен айналысуға құқық берiледi.

  15.11. Кәсiби педагогикалық қызметпен айналысатын адамдардың бiлiктiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi салдарынан лауазымына сәйкес болмаған жағдайда, сондай-ақ педагогикалық қызметтi жалғастырумен сыйыспайтын заңға қайшы әрекеттер жасаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес педагогикалық жұмыстан босатылады.

  15.12. Ұйымдағы педагогикалық қызметке соттың үкiмi бойынша оған тыйым салынған адамдар жiберiлмейдi.

  15.13. Педагог қызметкерлер:

1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;

2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін  білім  беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;

3) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

4) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін  ұдайы жетілдіріп отыруға;

5) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;

6) оқушылардың және олардың ата- аналарының абыройы мен  этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты тәрбиелеу міндетті.

XVI.КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ  ҰЙЫМЫН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ТӘРТІБІ

16.1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

16.2. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымы лицензиясынан айырылған немесе таратылған жағдайда, оның құрылтайшысы білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа білім беру ұйымдарына ауыстыруға шаралар қолданады.

16.3.Таратылған мемлекеттiк заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлкiн мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган (жергiлiктi атқарушы орган) қайта бөледi.
  16.4.Таратылған мемлекеттiк заңды тұлғаның мүлкiн өткiзу нәтижесiнде алынған қаражатты қоса алғанда, осы заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған ақшасы тиiстi бюджет кiрiсiнiң есебiне жатқызылады.

XVII.КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ  ҰЙЫМЫНЫҢ ЖАРҒЫСЫНА  ӨЗГЕРІСТЕР  МЕН  ТОЛЫҚТЫРУЛАР  ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ

17.1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымының  жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының  заңнамасында  белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

  17.2. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  ұйымының  жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін жағдайда, бұл туралы бір ай мерзім ішінде тіркеуін органын хабарлайды.

Жарияланған күні: 24-10-2018  

Соңғы жаңалықтар

"Қарттарым - асыл қазынам"

Даналықтың алтын кілті - ата-бабаларымыз. Ата жолын жалғап келе жатқан бүгінгі күнгі ақсақал атала ...

10 қазан 2019
Эко сағат

«№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де 3-сәуір күні 1-11-сыныптар арасында табиғатты қорғау, эколо ...

03 қазан 2019
Хабарландыру

Маңғыстау облысының білім беру қызметкерлері мен ұйымдары арасында облыс әкімінің жыл сайынғы «Б ...

20 қыркүйек 2019
"Ақмаржан қала - Ақтауым!"

Әсем де, көркем қаламыз Ақтаудың туған күніне орай мектеп оқушыларының арасында видеороликтер, қа ...

20 қыркүйек 2019
"Отбасы - бақыт кілті" атты ата-аналар мен оқушыларға арналған тренинг өткізілді.

Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, ...

16 қыркүйек 2019