№28 жалпы білім беру орта мектебі

Жаңа ғасыр басында егемен еліміздің заман талабына сай бой көтерген білім ордаларының бірі  – «№28 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

2001 жылы 6 қыркүйекте Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  қатысуымен ашылды.

«№28 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектеп ашылған жыл: 2001ж

Мекенжайы: Маңғыстау облысы Ақтауқаласы 29-шағынаудан

Ақтау қаласындағы «№28 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2001 жылы қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдық мерейтойына байланысты ашылды. Білім ордасының ашылу салтанатына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен ашылды.

Мектеп проблемасы:Сапалы білім мен тәрбие бере отырып, жан-жақтыдамыған, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру

Мектептің мақсаты:

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, бәсекеге қабілетті, заманға сай тұлға тәрбиелеу

Бұл – облысымыздағы ел Тәуелсіздігінің 10 жылдығына, 1560 оқушыға арналып салынған бірден-бір білім ордасы. 2016 – 2017 оқу жылында 2054 оқушы білім алып, 130 педагог қызметкерлер еңбек етті.

Оның ішінде жоғары санатты педагогтар саны - 45, бірінші санатты педагогтар - 33, екінші санатты педагогтар - 27, санатсыз - 25 педагог. Білім мекемесінде жоғары білімді – 108 маман және арнаулы орта білімді - 22 маман білім беруде.           

Жас мамандар саны - 29. Білім мекемесінде педагог қызметкерлерінің сапасы әр оқу жылы сайын жоғарылауда.

2016-2017 оқу жылындағы білім беру ұйымының жалпы білім сапасы - 56%, үлгерімі – 100 %. Барлығы – 252 оқушы үздік  аяқтады.

10 - 11 сыныптар жаратылыстану бағытында  41 оқушы, гуманитарлық бағытында 19 оқушы  оқыды. 11 сыныпты 60 оқушы бітірді. Олардың 58 оқушысы  ҰБТ тапсырады. Мектеп алды даярлық тобында  201 оқушы оқыды.

2017 – 2018 оқу жылына 1-сыныпқа 410 оқушы қабылданып, мектеп табалдырығын аттағалы отыр.  Білім ордасы жаңа оқу жылын 2694 оқушы санымен бастағалы отыр.       

Білім мекемесінде 155 педагог қызметке еңбек етуде. Жоғары білімді – 123 және арнаулы орта білімді – 32 маман.

2017-2018 оқу жылын  2786 оқушы санымен аяқтадық.

2017-2018 оқу жылындағы білім беру ұйымының жалпы білім сапасы - 54%, үлгерімі – 100 %. Барлығы – 336 оқушы үздік  аяқтады. 

2018-2019 оқу  жылын  1774 оқушымен бастады. 

2018-2019 оқу жылында білім мекемесінде 143 педагог қызмет етуде. Оның ішінде жоғары санатты-44, І санатты-31, ІІ санатты - 22 маман. 5 мұғалім - педагог-зеріттеуші, 1 мұғалім - педагог-модератор.

2018-2019 оқу жылындағы білім беру ұйымының жалпы білім сапасы - 50%, үлгерімі – 100 %. Барлығы – 260 оқушы үздік  аяқтады.

2019-2020 оқу жылында білім мекемесінде 175 педагог қызмет етуде. Оның ішінде  59 мұғалім - педагог-зеріттеуші, сарапшы - 38, 25 мұғалім - педагог-модератор, санатсыз мұғалім саны - 53. Жас мамандар саны 34

Соңғы жаңалықтар

"Қарттарым - асыл қазынам"

Даналықтың алтын кілті - ата-бабаларымыз. Ата жолын жалғап келе жатқан бүгінгі күнгі ақсақал атала ...

10 қазан 2019
Эко сағат

«№28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де 3-сәуір күні 1-11-сыныптар арасында табиғатты қорғау, эколо ...

03 қазан 2019
Хабарландыру

Маңғыстау облысының білім беру қызметкерлері мен ұйымдары арасында облыс әкімінің жыл сайынғы «Б ...

20 қыркүйек 2019
"Ақмаржан қала - Ақтауым!"

Әсем де, көркем қаламыз Ақтаудың туған күніне орай мектеп оқушыларының арасында видеороликтер, қа ...

20 қыркүйек 2019
"Отбасы - бақыт кілті" атты ата-аналар мен оқушыларға арналған тренинг өткізілді.

Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, ...

16 қыркүйек 2019