Сұрақ: Мектепте қосымша үйірмелері бар ма?

Жауап: Ия, әрине, әрбір оқу жылында мектепте балалардың қызығушылығын арттыру, дарынды, талантты оқушылар дайындау мақсатында, оқушылардың оқу процесінен тыс уақытта арнайы үйірмелер ұйымдастырылады. Атап айтсақ, биылғы оқу жылында тоғызқұмалақ, домбыра, театр, қолөнер, волейбол, баскетбол, футбол, үстел теннисі т.б. үйірмелер өз жұмыстарын жүргізуде.

Сұрақ: Биылғы оқу жылының ерекшелігі неде?

Жауап: 2019-2020 оқу жылының ерекшелігі еліміздің білім беру ұйымдарының 4-9 және 10-сыныптарында жаңартылған білім мазмұнын енгізу болып табылады.

4-сыныпта оқытудың ерекшелігі - білім алушыларды білімді жетілдіре отырып белсенді оқуға белсенді тарту болып табылады.

9-сыныптың оқу бағдарламасының ерекшелігі - базалық білім беруді аяқтауға бағытталғандығы болып табылады.

10-сыныпта оқытудың ерекшелігі - білім алушыны нақты мамандануға бағыттау болып табылады.

Сұрақ: «Мектепке жол» акциясы өткізіле ме?

Жауап: Маңғыстау облыстық білім басқармасының 09.07.2019 ж №05-20-2321 хатына сай  3 шілде мен 30 қыркүйек аралығында өтетін «Мектепке жол» акциясын өткізуге байланысты «№28 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019 – 2020 оқу жылында әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға қолдау мақсатында «Мектепке жол» акциясы аясында арнайы комиссия құрылып, сенім жәшігі ілініп, іс – шаралар жоспары жасақталып, жүргізілді. №28 орта мектепте 2797 оқушы оқиды. Оның ішінде 1 – сынып оқушылары 275, аз қамтылған оқушылар саны −127. Осыған орай «Мектепке жол» қамқорлық акциясы барысында демеушілердің көмегімен мектеп формасы және оқушы құралдары, сөмкелер, ақшалай көмек көрсетілді.

Сұрақ: Мектепте оқушыларға жол қауіпсіздік ережелері туралы үйретіле ме?

Жауап: Ия, әрине, оқу жылының басында 5-сыныптарға арналған «Абайлаңыз, бағдаршам!» сайысы және жыл бойы әрбір сыныпта сынып сағаттары өткізіледі.

Сұрақ: Мектепке күрделі жөндеу жұмыстары қашан жасалады екен?

Жауап: Сұрағыңыз өте орынды. Мектеп 2001 жылы ашылған. Сол уақыттан бері күрделі жұмыстар жүргізілмеген. Қазіргі таңда осы мәселе бойынша сұраныс беріліп, күрделі жөндеу жасау жоспарлануда. Соның бір дәлелі мектеп ауласындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар

Сұрақ: Мектептеріңіздегі білім сапасы қандай?

Жауап: Жалпы мектептің білім сапасы – 49,1 %, үлгерімі – 99,7%. 11 сыныпты 71 оқушы бітіреді.

 

Жарияланған күні: 26-10-2019  

Соңғы жаңалықтар

Республикалық "Қадыр оқулары" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

Республикалық "Қадыр оқулары" байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлде ...

25 қаңтар 2020
Тоғызқұмалақтан жеңімпаз атанды.

Тоғызқұмалақтан әйелдер арасында ұйымдастырылған қалалық командалық жарыста мектебіміздің дене ...

23 қаңтар 2020
"Балалар болашағымыз" атты ата-аналар жиналысы өткізілді.

Қаңтар айының 18-і күні мектеп психологы Айтжанова Жарқынның ұйымдастыруымен "Балалар болашағымыз" ...

20 қаңтар 2020
Республикалық "Мұқағали оқулары" байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

Республикалық "Мұқағали оқулары" байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің 10-оқушысы Киікбай Ерл ...

18 қаңтар 2020
Республикалық біріңғай "Адалдық сағаттары" өткізілді.

«№ 28 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-де 17-қаңтар күні Республикалық «Адалдық сағаттары» акцияс ...

17 қаңтар 2020