Муканова Жаныл Балмуканбетовна

 1971 жылы 7 қыркүйекте Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Жармыш ауылында туылған. 1977-1988 жылдар аралығында Жармыш орта мектебін бітіріп, 1988 жылы Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ Педагогика Институтының жаратылыстану-география факультетіне түседі.

1993 жылы аталған оқу орнын география және биология пәні оқытушысы квалификациясы бойынша бітіріп шықты.

Еңбек жолдары:

Ең алғаш еңбек жолын 1993 жылы Маңғыстау ауданы Шетпе кентіндегі №3 орта мектебінен биология пәні мұғалімі қызметінен бастады.

1994-1997 жылдар аралығында Ақтау қаласындағы облыстық қазақ-түрік лицейінде жұмыс жасады.

1997-2014 жылдар аралығында Ақтау қаласындағы «№11 мамандандырылған физика-математикалық мектебі» мемлекеттік мекемесінде географиядан сабақ берді.

2005-2014 жылдар аралығында осы білім ордасында мектеп директорының инновациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Педагогикалық еңбек жолында бірнеше қалалық, облыстық пәндер олимпиадасының, «Жыл мұғалімі» сайыстарының жүлдегері. Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарда оқушылары жеңімпаз болып табылады.

Марапаттары:

Қала әкімінің «Алғыс хат», Ақтау қалалық білім бөлімінің «Құрмет» грамотасымен, Облыстық білім басқармасының «Алғыс хат» марапатталған.

2014 жылдан бастап «№ 28 жалпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесі директоры қызметін атқарып келеді.

2018 жылы облыстық «Басқарудағы менеджмент» байқауынан жүлделі ІІ орын иегері атанды.

2019 жылы көп жылғы еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін ҚР Білім және Ғылым министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

Бекарыс Шойбековпен "Адалдық сағаты"

Бекарыс Шойбековпен "Адалдық сағаты" ...

28 қараша 2020
https://youtu.be/so7Xa_d5Ajc

Қоғам қайреткері, ағартушы ғалым, ақын "Ахмет Байтұрсынұлы-адамдықпен білім диқаншысы" тақырыбынд ...

28 қараша 2020
10-қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулықты сақтау» күні

Ақпарлама 09.10.2020 жылы мектеп психологтары Ж.Айтжанова мен А.Елгондиеваның ұйымдастыруымен «10-қаз ...

06 қараша 2020
Жағымды жаңалық!

  29 шағынаудан ата-аналары мен білім алушылар НАЗАРЫНА! 29 шағынаудан №25 ғимарат «№28 жалпы ...

06 қараша 2020
Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдің міндеттерін жүктеу туралы

Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдің міндеттерін жүктеу туралы   ...

16 қазан 2020