2018-2019 оқу жылында мектепте үштілділік бойынша курстан өткен мұғалімдер - Сарсенова  Улжан Икласовна физика пәні, Бесбаева Гулнар мен Давлетбаева  Қаламқас Қаржаубайқызы биология пәні, Байболатова Жулдуз Кенжегалиевна, Мизанбаева Гульфайруз, Утенова Нагима Байдуллаевна информатика пәні мұғалімдері. Мектептегі жаратылыстану пән мұғалімдері ағылшын тілі курстарынан өтуде. Атап айтсақ, 2019 жылдың  25 ақпан күнінен бастап химия пәні мұғалімі Молдабаева Козжан Баймаганбетовна, информатика пәні мұғалімі Куаналиева Асел Бегалиевна жаратылыстану пәні мұғалімдеріне арналған ағылшын тілі курсында білім алуда.

7.11.2018 жылы «Биология және химия сабақтарында қолданылатын интерактивті тәсілдер» тақырыбында мектебімізде өткен облыстық семинарда биология пәні мұғалімі Бесбаева Гулнар 7 «А» сыныбында «Ағаш сабағының ішкі құрылысы» тақырыбында үш тілді байланыстыра отырып ашық сабақ өткізді. Осы семинарда сабақтың өту деңгейін «жоғары» деп бағаланып, «Алғыс хатпен» марапатталды.

19.11-23.11. аралығында мектепшілік химия-биология апталығы өтті. Осы апталықта Бесбаева Гулнар 10 «Ә» сыныбына «Вирустар және фактар, ЖИТС-тың вирусы» тақырыбында үш тілділікті қолданып ашық сабақ көрсетті. Сабақ барысында ағылшын тілінде видеолар көрсетіліп, тапсырмалар мен терминдер қолданылды.Оқушылар белсенді сабаққа атсалысып,ағылшын тіліне деген өз қызығушылықтарын білдірді.

29.11.2018 жылы ментордың қатысуымен «Вирустық аурулар» тақырыбында Бесбаева Гүлнар 10 «А»сыныбына ашық сабақ өтті. Сабақ өз дәрежесінде өтіп,сонымен қатар сабақ барысында ағылшын тілін 60 пайыз қолданды деген баға берілді.

2018 жылдың 12 желтоқсан күні мектепте «Білімдіден  шыққан сөз, талаптыға болсын кез» тақырыбында мектепішілік әдістемелік-тәжірибелік семинар өткізілді. Мақсаты пән мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін тыңдау, өзара кәсіби тәжірибе алмасуына, үштілділікті дамытуға жағдай жасау. Сарсенова  Улжан Икласовна 8 «А» сыныбына «Электр зарядының сақталу заңы. Кулон Заңы, элементар электр заряды» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабағы «өте жақсы» деп бағаланды. Сонымен қатар, сабаққа менторі де қатысып, сабақты 40% ағылшын тілінде жүргізіледі деп бағалады. Оқушыларға ағылшын тілінде үй тапсырмасын тексеру барысында тапсырмалар және сабақты түсіндіру барысында ағылшын видео көрсетілді.

2018 жылдың 9 желтоқсан күні  информатика пәні мұғалімі Мизанбаева Гулфайруз 3 «В» сыныбында  «Графикалық редактордағы фигуралар» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабақ өз дейңгейінде өтті. Сабақ барысында ағылшын тілінде  ауызекі қарым-қатынас сөздері мен тақырыпқа қатысты ағылшын тілінде термин сөздер қолданылды.

  2018 жылдың 12 желтоқсан күні мектепте өткен мектепішілік семинарда информатика пәні мұғалімі Байболатова  Жулдуз Кенжегалиевна 10 «Ә» сыныбына «Practical work in Visual Basiс Editor» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақты «жақсы» деп бағаланды. Сабаққа мектеп әкімшілігі қатысты. Сабақта  ағылшынша  сәлемдесу  арқылы оқушылармен қарым-қатынас жасалды. Жаңа сабақ барысында ережелер, сөздіктер, практикалық жұмыстар  ағылшын тілінде де жүргізілді. Сабақты 40% ағылшын тілінде жүргізіледі деп бағаланды.

Оқушыларға интерактив тақта арқылы ағылшын тілінде үй тапсырмасын тексеру барысында тапсырмалар және сабақты түсіндіру барысында ағылшын видео көрсетілді.бағдарламасы арқылы тест тапсырмалары орындатылды.

  Сонымен қатар, Жулдуз Кенжегалиевна 2019 жылдың  28 қаңтар, 22 сәуір күндері  8 «Г» сыныбы бойынша информатика пәнінен ағылшын тілінде берілген сынақ тапсырмалар алды.  Нәтижесінде барлығы қатысқан 15 оқушының ұпай саны -16, оның ішінде 8-12 ұпай аралығында  - 9 оқушы, 12-16 ұпай аралығында – 6 оқушы орындап, 62,5% сапа көрсетті. Ал 22 сәуір күнгі жүргізілген сынақ жұмысында барлығы 14 оқушы қатысып,  8-12 ұпай аралығында – 9 оқушы, 12-16 ұпай аралығында – 5 оқушы орындап, 63% сапа көрсетіп отыр. Білім алушылар берілген тапсырманы өз дәрежесінде орындап шықты.

Аталған сынақ тапсырмаларын  басқа да пән мұғалімдері өз сыныптарында жүргізіп, нәтижесін анықтады.

                                                        Үштілділік бойынша білім сатысы оқулары

р/с

Курс тақырыбы

Қатысушы
Аты - жөні

Мектебі

Пәні

Уақыты

1

Биология, химия, физика, информатика пәні мұғалімдеріне арналған менторлық курс

Байболатова Жулдуз Кенжегалиевна

№28 о/м

Информатика

2

Биология, химия, физика, информатика пәні мұғалімдеріне арналған менторлық курс

Сарсенова Улжан Ихласовна

№28 о/м

Физика

3

Биология, химия, физика, информатика пәні мұғалімдеріне арналған менторлық курс

Бесбаева Гүлнар

№28 о/м

Биология

4

Биология, химия, физика, информатика пәні мұғалімдеріне арналған менторлық курс

Давлетбаева Каламкас Қаржаубайқызы

№28 о/м

Биология

5

Биология, химия, физика, информатика пәні мұғалімдеріне арналған менторлық курс

Мизанбаева Гульфайруз Елшибековна

№28 о/м

Информатика

6

Биология, химия, физика, информатика пәні мұғалімдеріне арналған менторлық курс

Утенова Нагима Байдуллаевна

№28 о/м

Информатика

7

Жаратылыстану пәні мұғалімдеріне арналған ағылшын тілі курсы

Куаналиева Асел Бегалиевна

№28 о/м

Информатика

8

Жаратылыстану пәні мұғалімдеріне арналған ағылшын тілі курсы

Молдабаева Козжан Баймаганбетовна

№28 о/м

Химия

 

Жарияланған күні: 22-10-2019  

Соңғы жаңалықтар

Қараша айының 15-інші жұлдызында 3 сыныптар арасында қазақтың ұлы ақыны,сазгер,аудармашы Абай Құнан ...

20 қараша 2019
«Туған жер киесі, дархан дарын иесі» сайысы өткізілді.

«№28 жалпы білі беру орта мектебі» КММ-де 15 қараша күні заңғар жазушы Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығына ...

19 қараша 2019
"RIFMO-2019" IT-форумы өткізілді.

Жуырда Ақтау қаласында кең көлемді "RIFMO-2019" IT-форумы өткізілген болатын. IT-апталығы негізінде өткіз ...

18 қараша 2019
ІІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" өнер мен білім байқауында мектебіміздің оқушылары өнер көрсетті

Бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған ІІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" өн ...

17 қараша 2019
"Абай әндерінен хор" сайысында жеңімпаз атанды.

Ақтау қалалық білім бөлімі, қалалық білімді дамыту орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес мұғалі ...

15 қараша 2019